Механикалық
қҧрамына,
қарашіріктенуіне,
қҧрылымдылығына
байланысты, физикалық пісіп жетілуі, ылғалдылығы, топырақтың ең аз су
сиымдылығының 60-90 % шамасында болады.
Ауыр-саздақ қара топырақтар ҥшін физикалық пісіп жетілуі ылғалының
18,8-28,2% ал, қҧмдақ топырақтарда 7,4-11,2% ылғалдылықта пайда болады.
Физикалық пісіп жетілу интервалында топырақ кедергісі ең тӛменгі шамаға ие
болады және оны ӛңдеу аз энергия шығынымен және жақсы сапамен
жҥргізіледі. Топырақ ӛңдеудің шапшаңдылығымен оның физикалық пісіп
жетілуінің жоғарғы шегінің арасында ӛзара корреляциялық байланыстар ӛседі.
П.У.Бахтин мәліметі бойынша - физикалық пісіп жетілу ылғалы
созымдылықтың тӛменгі шегіне тең немесе соған жақын болады.
Солтҥстік Қазақстанның қҧрғақшылық жағдайында, әсіресе жаз бен
кҥздің кезеңіндегі физикалық пісіп жетілуінде топырақтың ӛңдеу мҥмкіндігі
шектеледі
Топырақ ылғалдылығы - физикалық пісіп жетілу ылғалдылығынан тӛмен
болған жағдайда топырақты ӛңдеу, оның кҥшті шаңға айналуына немесе ірі тоң
кесектердің пайда болуына әкеп соғады.
В.А.Казаков технологиялық қасиеттері мен ҧсақталу қабылетіне қарай
топырақты 4 агротехникалық фонға бӛледі.
1. Шым
2. Кӛп жылдық шӛптердің қыртысы
3. Дәнді дақылдар орылған жер (аңыз)
4. Отамалы дақылдардан босаған жер
Достарыңызбен бөлісу: