«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


Қазақстанның жыртылған жерлер кӛлемдерінің республика



Pdf көрінісі
бет32/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Қазақстанның жыртылған жерлер кӛлемдерінің республика 
облыстары бойынша ӛзгерулері, мың гектар есебімен 
(З.Д.Дҥйсенбеков, 
1998 ж.) 
№ облыстар 
Әр жылғы жыртылған 
жер кӛлемдері 
1990 ж.-1997 
ж. 
аралығындағы 
ӛзгерулер 
1990 
1996 
1997 
мың 
га 


Ақмола 
5591,2 5156,9 
4892,0 
-699 
12,5 

Ақтӛбе 
2199,7 1492,3 
1074,1 
-
1125,6 
51,2 

Алматы 
1715,1 1260,6 
1136,5 
-578,6 33,7 

Атырау 
33,6 
6,5 
6,1 
-27,1 
80,7 

Шығыс Қазақстан 
2719,8 1552,8 
1078,2 
-
1641,6 
60,4 



Жамбыл 
1032,4 921,0 
919,3 
-113,1 11,0 

Батыс Қазақстан 
2011,4 1453,6 
1103,8 
-907,6 45,1 

Қарағанды
2313,8 1866,1 
1777,9 
-535,9 23,2 

Қызылорда 
252,6 
181,2 
136,1 
-116,5 46,1 
10 Қостанай 
6730,7 5680,8 
5678,1 
-
1052,6 
15,6 
11 Маңғыстау 
0,8 
0,9 
0,9 
+0,1 
12,5 
12 Павлодар
3515,5 2773,1 
2509,3 
-
1006,2 
28,6 
13 Солтҥстік 
Қазақстан 
6274,4 5964,1 
5476,8 
-797,6 12,7 
14 Оңтҥстік Қазақстан 1217,1 887,2 
821,6 
-395,5 32,5 
Барлығы
35608,

29137,1 26610,7 -
8997,4 
25,3 
Қазақстан ірі астықты аймаққа айналғанымен, республикамыздың 
кӛпшілік жері әлі де ӛнімі аз мал жайылымы ретінде пайдалануда.қазақстанның 
жартылай шӛл, шӛл және биік таулы жайлаулары кӛлемі 180 млн гектар жерді 
алып жатыр, бҧл бҥкіл ТМД елдеріндегі барлық жайылымдардың жартысынан 
астамы. Сондықтан қазақ жерінде мал шаруашылығы ежелден дамыған. 
Қазақстанда кезінде бҧрынға КСРО-дағы ҧсақ малдың – қой мен ешкінің 
тӛрттен біріне жуығы, тҥйе мен жылқының біраз бӛлігі ӛсіріледі. Шӛлді 
аймақта ӛсетін кҥн ысыған сайын сапасы арта тҥсетін қаракӛл қой елтірісінің 
ҥштен бірі біздің елде ӛндірілді. 
1.14 Қазақстан топырақтары 
 
 
Қазақстан жер кӛлемі Англиядан 11 есе ҥлкен. Терістіктен –оңтҥстікке 
қарай 1600 км, шығысынан-батысына қарай 3000км. Республика ТМД елдері 
ішінде Ресейден кейін 2-ші орында. Жер кӛлемі жӛнінен Ресей-Канада-Қытай-
АҚШ-Австралия-Бразилия-Ҥнді-Аргентинадан кейін 9-шы орында. 
Республикамыздың – жеткілікті ылғалданған ормандары – далалы 
зонаны алып жатыр. Ылғалдың орташа жылдық мӛлшері- 330-350мм, 
ылғалдану коэффиценті 1-ге жуық. Жер беті жазық, ойтатты келеді, бҧл 
аймақта ылғалды шалғынды топырақтар кӛп тараған, гумус мӛлшері 8-9%. Зона 
негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан мҧнда суарылмайтын егіншілік 
дамыған - жаздық бидай егіледі. Картоп кӛкӛністер ӛсіріледі, мал 


шаруашылығы дамыған. Қазақстан жеріндегі топырақ жамылғысына кӛлденең 
және тік аймақтық таралым тән. Бҧл Республика территориясының 
солтҥстіктен-оңтҥстікке қарай созылып жатуы себепті биоклиматтық және 
литология-геоморфологиялық жағдайлардың ауысуына байланысты. 
Қазақстанның тегістік бӛлігінде 3 негізгі топырақ аймағы бар:
1.қара топырақ 2. қара-қоңыр топырақ 3. боз және 
ақшыл боз 
1.
Қара топырақтар солтҥстік ендіктен 52
0
–тан солтҥстікке қарай дамыған. 
2.
Қара-қоңыр топырақтар солтҥстік ендіктің 48-52
0
аралығында 
орналасқан. 
3.
Шӛлдің боз және ақшыл боз топырақтары солтҥстік ендіктің 48
0
-тан, 
оңтҥстікке қарай дамыған.
Қара топырақтар аймағы
- орманды дала аймағының аз ғана бӛлігін 
алып жатқан сілтісіз қара топырақтар алқабына, қоңыр салқын ылғалды 
даланың кәдімгі қара топырақтар алқабына және ылғал жеткіліксіз далалық 
оңтҥстік қара топырақ алқабына бӛлінеді. Сілтісіз қара топырақтар алқабында 
шалғынды-қара топырақтар, сортаң, сор, сҧр орман топырақтары кездеседі. 
Осы топырақтар Қазақстанның орманды даласын Батыс Сібірдің орманды 
даласына жақындатады. 
Қоңыр топырақтар аймағы
- қоңыр салқын қҧрағақ даланың қара қоңыр 
топырақтар алқабына, қҧрғақ даланың кәдімгі қоңыр топырақтар, жартылай 
шӛлдің ақшыл-қоңыр топырақтар алқабына бӛлінеді. 
Боз және сұрғылт боз топырақтар
- аймағына Солтҥстік шӛлдің боз 
топырақтар алқабы, шӛлдің орта және Оңтҥстік бӛліктеріндегі сҧрғылт боз 
топырақтар бар. 
Қазақстанның оңтҥстік және оңтҥстік-шығысындағы таулы облыстарда 
қҧрылыммен және топырақтық белдеулермен айрықшаланатын 4 топырақ 
аймағы бар: 
1.
Батыс Тянь-Шаньдық аймақ:
2.
Жартылай шӛлдің тау бӛліктерінің және тау бӛліктеріндегі 
жазықтықтың ақшыл, кәдімгі және кҥңгірт сҧр топырақ белдеуі. 
3.
Орта таулардың таулық қоңыр топырақтар белдеуі.
4.
Биік таулардың субальпілік және альпілік таулы-шалғындық 
топырақтар белдеуі. 
Солтҥстік Тянь-Шаньдық аймақ (Қырғыз, Іле, Жоңғар Алатауы және 
Кетпен жоталары) 
1.
Аз корбонатты сҧр топырақтар және тау бӛліктерімен бӛктерлік 
жазықтықтың ақшыл қоңыр топырақтар белдеуі. 
2.
Таулық қара-қоңыр топырақтардың және далалық аласа таулардың қара 
топырақтар белдеуі. 
3.
Таулық сілтісіз қара топырақтар, таулы-орманның және сҧр және кҥңгірт 
тҥсті топырақтар белдеуі. 
Субальпілік таулы – шалғындық және биік таулы альпілік топырақтар белдеуі. 


Орманды даланың және даланың қара топырақтар аймағы. 
Қара топырақтар – Солтҥстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы 
тҥгелдей Қостанай облысының ҥлкен бӛлігін, Павлодар облысының Солтҥстік
бӛлігін алып жатыр. Солтҥстік Қазақстан облысының Солтҥстік бӛлігі оңтҥстік 
орманды дала аймағына жатады. Ол сҧр орман топырағымен және сілтісіз қара 
топырақтармен жамылған. Осы топырақтың ауданы 0,4 млн.га, облыстың 
қалған (25,4 млн. га) жерлері далалық аймақта жатады. 
Топырақтары кәдімгі және оңтҥстік қара топырақтар гумус қалыңдығы 
30-50см, гумус мӛлшері - 3-7% 
Орманның сұр топырақтары
- гумус қалыңдығы 30-50см, гумусы 3-7%. 
Сілтісізденген қара топырақтар қоңыржай орманды дала алқабында – 
қарашірік қабатының қалыңдығы - 50-70см, гумус мӛлшері - 6-9%. Ондағы 
жалпы азот мӛлшері 0,5% жалпы фосфор мен калийдің мӛлшері 0,2%. Топырақ 
реакциясы кӛбінесе бейтарап, сіңіру сиымдылығы 100г топыраққа 45-60мг ∙ 
экв. 
Кәдімгі қара топырақтар
- Қостанай облысының ең шеткі бӛлігінде 
орналасқан, солтҥстік Қазақстанның ҥлкен бӛлігін, Ақмола облысының 
бірқатар жерлерін алып жатыр. Топырақ алқабының жалпы ауданы 11,8млн. га 
гумус қабатының орташа қалыңдығы 55-65см, гумус жоғары қабатта 6-8%, 
тӛменгі қабат 4-5%. 
Оңтүстік қара топырақтар
- ауданы 13,6млн.га соның ішінде егістік 7,2 
млн.га. Павлодор облысының солтҥстік шығыс бӛлігінде - орманды далада, ал 
шығыс бӛлігінде - далалық жерлерде орналасқан. Гумус 5-6%, қалыңдығы 40-
45см. 
Карбонатты қара топырақтар
- Торғай және Есіл ӛзендерінің су 
аймақтарында орналасқан. Қарашірігі 6-8%. Механикалық қҧрамы бойынша 
физикалық саз (60-80%) физикалық қасиеттері ауыл шаруашылық дақылдарын 
ӛсіруге қолайлы емес, су ӛткізгіштігі нашар, қатты тығыздалған ылғалы аз. Тоң 
кеш ериді. 
Құрғақ және шөл даланың қоңыр топырақтар аймағы
- Қостанай 
облысының оңтҥстік бӛлігін, Ақтӛбе, Орал, Ақмола, Қарағанды, Семей 
облысының ҥлкен бӛліктерін алып жатыр. Ауданы 90,4 млн га. Бҧл аймақта 3-
топырақ алқабы бар: 
1.
Қара-қоңыр топырақтар алқабы-қоңыржай қҧрғақ дала, ауданы - 27,7 
млн. га. 
2.
Кәдімгі қоңыр топырақтар алқабы-24,3 млн. га. 
3.
Ақшыл қоңыр топырақтар алқабы - ӛте қҧрғақ, шӛл дала, ауданы 38,4 
млн. га. 
Қара–қоңыр топырақтар
- Орал, Ақтӛбе облысының солтҥстік, Қостанай 
облысының оңтҥстік бӛлігін, Маңғыстау, Қарағанды облысының солтҥстік 
жартысын, Павлодар облысының ҥлкен бӛлігін, Шығыс Қазақстан облысының 
едәуір бӛлігін алып жатыр. Қара қоңыр саздақ топырақтарда 3,5-4,5% гумус, 
қалыңдығы 35-45см, жеңіл саздақ қҧмдақ топырақтарда гумус 2-3%, 
қалыңдығы 22-35см.


Қҧрылымы кесекті, беріктігі нашар. Эрозияға қарсы шараларды қажет 
етеді. Бҧл аймақта ылғалды кӛп жинау мен сақтау немесе агротехникалық 
шаралар жақсы атқарылса, дәндік дақылдардан мол ӛнім алуға болады. 
Негізінен жайылымдық жер ретінде қолданылады. 
Кәдімгі қоңыр топырақтар
– қҧрғақ далаларда дамыған Қостанай-
Ақмола, Ақтӛбе облыстарында кездеседі. Тҥсі ақшылдау, қарашірік қабатының 
қалыңдығы аздау. Дәнді дақылдар ӛсіру ҥшін кеңінен қолданылады. Ылғал 
жинау керек. 
Ақшыл-қоңыр топырақтар
– алқабы Батыс Қазақстан, Ақтӛбе, 
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтҥстік бӛлігін алып жатыр. 
Топырақ тҥзуші жыныстар – қҧмдықтар, жеңіл саздықтар, кейде ауыр 
саздықтар. Қарашірік қабатының (А+В) қалыңдығы 25-30см, гумус мӛлшері 2-
3%. Сортаңдық ақшыл-қоңыр топырақтардың барлығына тән қасиет. Эрозияға 
ҧшыраған.
Шөлді боз, сұрғылт боз және тақыр тәріздес топырақтар аймағы –
ауданы 119,2 млн. га жыртылатын жер 0,7млн. га. Бҧл аймақта екі топырақ 
алқабы бар: 
1.Боз топырақтар алқабы – 57,4 млн. га – егістік жер ауданы – 0,2 млн. га. 
2.Сҧрғылт боз және тақыр тәріздес топырақтар алқабы – ауданы 61,8 млн. га. 
Егістік жерлердің ауданы – 0,5 млн.га. Егіншілікті тек қана суармалы жерлерде 
жҥргізуге болады. 
Боз топырақтар алқабы 
– Батыс Қазақстан облысының оңтҥстігін, 
Атырау облысының ҥлкен бӛлігін, Ақтӛбе, Қарағанды облысының оңтҥстігін, 
Шығыс Қазақстанның едәуір бӛлігін алып жатыр. Қарашірік қабатының 
қалыңдығы - 30см, гумус мӛлшері – 1,0-1,5%. 
 Сұрғылт боз және тақыр тәріздес топырақтар 
– Атырау, Маңғыстау, 
Қызылорда, Оңтҥстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарын қамтиды. 
Органикалық заттарға ӛте кедей, қарашірік қабаты ӛте жҧқа, гумус мӛлшері – 
1%, қалыңдығы – 10-15см. 
Тақыр тәріздес топырақтар
– Сырдария, Іле, Шу және басқа ӛзендердің 
кеуіп қалған иллювиальды арналарында кеңінен дамыған. Бҧлар шӛл аймақтың 
топырақтары. Гумус мӛлшері - 1%-тен аспайды. Суға тӛзімсіз. Топырақтың 
пішіні нашар мҥшеленген. Одан ақшыл-сҧр қабықты (2-5см), қыртысты-
қабыршақты қабатты (5-12см). Әдетте борпылдақ және аз ғана тығыздалған 
қҧрылымсыз қабатты (12-30см) ары қарай аз ӛзгерген қыртысты иллювийге 
ҧласатын қабатты байқауға болады. Игеру кезінде шаюды, тыңайтқыштар 
енгізуді, NP-тыңайтқыштарды қажет етеді.
Сор, сортаң, шалғындық топырақтар
– Республиканың жазықтықта 
орналасқан бӛлігінің барлық аймақтарында кездеседі. Қазақстанның 
топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанда 40 млн.га сортаң 
жерлер бар. Қҧрамында сортаң топырақтары бар комплекстер бҧдан 30% кӛп. 
Осы аудандардың 9 млн.га қара және қоңыр-қара топырақтардың ҥлесіне тиеді. 
Бҧл жерлерді мал жайылымдары ҥшін қолданылады. Сортаң жерлерді 


жақсартудың негізгі әдістері Nа-ді гипс енгізу арқылы Са-мен ығыстырып 
шығару.
Сор топырақтар –
Қазақстанның жазық жерлерінің барлық 
аймақтарында кездеседі. Олардың жалпы ауданы – 10 млн.га. Климаттың 
қҧрғақшылығы артқан сайын кәдімгі қабатты сор топырақтың мӛлшері де 
ҧлғаяды. Сор топырақтар – жартылай шӛлде, шӛлде, Каспий жағалауларында, 
Арал теңізі мен Балқаш кӛлінің маңында таралған.
Ауыл шаруашылығында сор топырақтар тӛмен ӛнімді жайылымдар
болып табылады.
Шалғындық топырақтар
ылғал кӛп жиналатын ойпаңды жерлерде ӛзен 
аңғарларында, кӛлтабандарда тҥзіледі. Бҧлар негізінен қҧнарлы топырақтар. 
Қарашірік мӛлшері 5-6%, жалпы азот-0,3%. Шалғындық топырақтар кӛбінесе 
сорланған және сортаңданған болып келеді. Ауыл шаруашылық кӛкӛніс мал 
азықтық ауыспалы егістіктерін орналастыруға қолайлы. Оңтҥстік ӛзендердің 
аңғарларында жеміс бақтарын, жҥзімдіктерді ӛсіруге болады. 
Таулы өңірдің топырақтары шөл далалық тау бөктері белдеуінің 
топырақтары
- ауданы 18,9 млн.га, жыртылатыны - 3,3 млн.га. Бҧл аймақта 
тәлімді және суғармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған, жауын-шашын 
тау бӛктеріндегі топырақтарды 1,5-2,0 метр тереңдікке дейін дымқылдайды. 
Ақшыл-сҧр топырақтар – теңіз деңгейінен 200-350м биіктікте таралған бҧл 
белдеуге жылына 170-300мм мӛлшерде жауын-шашын тҥседі. Қарашірік 
мӛлшері – 1-1,5%. Минералдық қоректік элементтер аз. Р
2
О
5
мӛлшері 8-15 
мг/кг. Бҧл жерлер жайылым ретінде аз бӛлігі суармалы және тәлімді 
егіншілікке пайдаланылады. Эрозияға ҧшырайды. 
Кәдімгі сұр топырақтар
– ең кең таралған. Теңіз деңгейінен 300-600м 
биіктікте орналасқан. Жылдық орташа жауын-шашын мӛлшері 250-450мм. 
Ауыл шаруашылығында бҧл суармалы және жауын-шашынмен жартылай 
қамтамасыз етілген – кәдімгі егіншілік аймағы. Гумус мӛлшері 1,5-2,5%. Су 
әсеріне тӛзімсіз.
Күңгірт, сұр топырақтар –
Батыс Тянь-Шаньға тән. Бҧл ӛңірде олар 
Қаратау жоталары мен Оңтҥстік Қазақстан облысының 450-800м биіктікте 
орналасқан тау бӛктерінде жазықтарда шоғырланған.Ӛңірдің жер бедері 
жоталы болып келеді. Жылдық жауын-шашын мӛлшері 400-600мм. Гумус 
мӛлшері – 2,5-3,5% негізінен тәлімді егістіктер ҥшін пайдаланылады.
Аласа таулы далалық белдеуінің топырақтары
– Солтҥстік Тянь-
Шаньның барлық аудандарында кеңінен таралып кей жерлерде теңіз деңгейінен 
2000м биіктікке дейін кӛтеріледі. Іле Алатауының орталық бӛлігінде сонымен 
қатар Алтайдың, Тарбағатайдың жоталарында осы топырақтар 800м-ге дейін 
тӛмендейді. Ауыл шаруашылық тҧрғысынан жауын-шашынмен қамтамасыз 
етілген тәлімді егістік. Жер бедері кҥрделі учаскелері жазғы жайылым ретінде 
пайдаланылады. Эрозиядан қорғау керек. 
Таудың қара топырақтары –
аласа таулы далалық белдеудің (1000-
2000м) ҥстіңгі бӛлігін қамтиды. Қарашірік қабаты 50-70см, гумус мӛлшері – 6-


8%. Осымен қатар осы белдеуде шағал тасты қара топырақтар да жиі кездеседі. 
Бҧл топырақтар егіншілікке жарамайды, бірақ жақсы жайылымдық жер.
Орта таулық-шалғындық орманды және биік таулы шалғындық 
белдеулердің топырақтары
- орта таулық белдеудің тӛменгі белдеуіне 
шоғырланған. Ең кӛп тараған жерлері Іле және Жоңғар Алатауы. Гумус 
мӛлшері – 10-15%. Егіншілікте шымдық қара топырақтар пайдаланылмайды, ал 
сілтісізденген қара топырақтар жеміс бақтары, картоп егістігі және дәнді дақыл 
егістігі ҥшін пайдаланылады.
Таулық сұр орман, таулық қоңыр, және таулық күңгірт түсті 
тоырақтар
- Батыс және Солтҥстік Тянь-Шань тауларында 1000-2600м 
биіктікте таралған. Бҧл топырақтар орман шаруашылығы, жеміс бақтары және 
жайылым ҥшін пайдаланылады. Егіншілікте іс жҥзінде қолданылмайды. 
Негізінен мал шаруашылығы ҥшін және жазғы жайылым ретінде 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет