«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет33/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


2 бӛлім ТОПЫРАҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
2.1 Топырақтың физикалық қасиеттері 
 
Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне жататындар: 
1. Топырақтың тығыздығы. 
2. Топырақтың қатты фазасының тығыздығы. 
3. Топырақтың қуыстылығы. 
1. 
Топырақ тығыздығы дегеніміз
- табиғи кҥйінде алынған 1 см
3
қҧрғақ 
топырақтың, барлық қуыстармен бірге қоса алғандағы массасы. (7-кесте) 
Ол топырақтың тығыздығын сипаттайды және топырақты қҧрайтын 
минералдардың сипатына, органикалық заттардың қҧрамына және топырақ 
қуыстылығына тәуелді болады. 
7-кесте. Саздақ және қҧмдақ топырақтардың тығыздығына баға беру 
(Н.А.Качинский бойынша) 
Тығыздығы, р, г/см
3
Бағалануы 
<1,0 
Топырақ органикалық заттарға бай 
1,0-1,1 
Жаңа жыртылған топырақ 
1,2-1,3 
Егістік (шабындық) тығыздалған 
1,3-1,4 
Шабындық қатты тығыздалған 
1,4-1,6
Кәдімгі тығыздалған қабат 
1,6-1,8
Қатты тығыздалған иллювиальды қабат 
Топырақ тығыздығының мәндері, топырақтың қуыстылығын есептеуге, 
оның қҧрамындағы су қорларын, ӛсімдікке керекті қоректік элементтерін, 
қарашірік мӛлшерін есептеп шығаруға және топыраққа жалпы сипаттама беру 
ҥшін қажет. 
2. 
Топырақтың қатты фазасының тығыздығы дегеніміз
- табиғи кҥйдегі 
1см
3
қатты фазаның массасы. Ол топырақ қҧраушы қарашіріктің, органикалық 
заттар мен минералдардың қҧрамына байланысты болып топырақтың 
химиялық және минералдық қҧрамына сипаттама береді. Топырақтың 
кӛпшілігінің минералдық қабаттарында қатты фазаның тығыздығы 2,4-2,65г/см
3
аралығында болады, торфты қабаттар ҥшін 1,4 тең 1,8 г/см
3
аралығында 
болады. 
3. 
Топырақ қуыстылығы дегеніміз
- топырақтың қатты фазасының 
бӛлшектері арасындағы барлық қуыстардың жалпы кӛлемі. 
%
100
)
1
(
%
100






d
d
d
Р




Топырақтың қуыстылығы оның механикалық қҧрамына, қҧрылымына, 
топырақ фазасының әрекетіне, органикалық заттардың қҧрамына және ӛңдеу 
мен игеру әдістеріне байланысты болады. (8-кесте)
Топырақ қуыстылығы неғҧрлым жоғары болса, оның тығыздығы 
соғҧрлым тӛмен болады. Топырақ тығыздығы г/см
3
ӛлшеніп, 0,8-ден 1,8г/см
3
-ге 
дейінгі аралықта ӛзгереді.
8-кесте. Топырақ қуыстылығының Н.А.Качинский бойынша бағалануы. 
Жалпы 
қуыстылығы 
Қуыстылығының сапалық бағасы 
>70 
65-55 
55-50 
50 
40-25 
Топырақ-қуыстылығы артық мӛлшерде 
Игеру-жырту қабаты-ӛте жақсы 
Жырту қабаты ҥшін - қанағаттанарлық 
Жырту қабаты ҥшін - қанағаттанғысыз 
Ӛте тӛмен-тығыздалған иллювиальді қабаттарға тән 
Ауыл шаруашылық дақылдарының кӛпшілігі ҥшін саздақ топырақтардың 
тиімді тығыздығы 1-1,2 г/см
3
, ал қҧм және қҧмдақ топырақтар ҥшін 1,2-1,4 
г/см
3
.
Органикалық заттарға бай топырақтардың қуыстылығы (55-60%) жоғары 
болады. Қарашірігі аз және қҧрылымсыз топырақ ҥшін ол 45-40%-ке тең 
болады. Кӛптеген ауыл шарушылық ӛсімдіктер ҥшін тиімді қуыстылық 50%-ке 
тең. 
Топырақ қҧнарына және ондағы болатын процестерге топырақтың 
қҧрылымы мен оның физикалық қасиеттерінің әсері кӛп. Топырақтың ҥйлесімді 
су-ауа режимі де, оның физикалық қасиеттеріне тікелей байланысты. 
Топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанымен, онда ауа немесе су 
тапшы болса, ӛсімдіктердің нашар ӛсетіні, ал кейде тіршіліктің тіптен 
тежелетіні мәлім. 
Топырақта ауаның және судың ҥйлесімді мӛлшерде болуы оның 
кеуектілік дәрежесімен анықталады. Ал кеуектілік топырақтың тҥріне қарай әр 
тҥрлі болады. Ӛсімдіктер тамырлары кеуекті топырақтарда жақсы ӛсіп, оңай 
таралады. 
Топырақтың кеуектілігі оның тығыздығына және топырақтың меншікті 
салмағына тікелей байланысты. 
Топырақтың кӛлем салмағы деп, оның табиғи кҥйіндегі ылғал мен ауаны 
қоса есептегенде 1 см
3
кӛлемдегі салмағы грамм есебімен ӛлшенетін шаманы 
айтады. Ал топырақтың меншікті салмағы, яғни оның қатты фазасының 1 см
3
кӛлемдегі салмағы грамм есебімен алынады. Топырақтың қатты фазасының 
салмағы сол кӛлемдегі салмағының қатынасымен салыстыру арқылы 
анықталады. 
Әдетте топырақтың тығыздығы ρ=1-1,6г/см
3
–ге дейін, ал меншікті 
салмағы d=2,4-2,8г/см
3
-ге дейін ӛзгереді. 


Топырақтың су ӛткізгіштігі оның кеуектілігіне тікелей байланысты. 
Қажетті кеуектілік сақталмаған жағдайда топырақ тығыздалып, ондағы 
қылтҥтіктер бір-бірімен жалғасып, топырақ ішіндегі сулар осы қылтҥтіктер 
арқылы тез буланып кетеді. Мҧны болдырмас ҥшін топырақты дер кезінде 
ӛңдеп тҧру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет