318
Атауы
Саны,
дана
Дәнекер мен құю массасын жылытқыш (электр, газды немесе шоқ
салатын)
1
Сыпырып алғыш
1
Найзалы күрек (саперлік)
1
Болат лом
1
Жабын болаттан жасалған тартпа
1
Эпоксидті компаундты, кабель массасын
және дәнекерді араластыруға
арналған араластырғыш
3
Болат метр
1
Салмағы 0,6 кг слесарлық балға
1
Ағаш балға
1
Егеулер жинағы (үш жақты 12 ", жеке 8 ", дөңгелек 10”)
1 жинақ
Жиналмалы құрастыру пышағы
1
Оқшаулауышты шешуге арналған пышақ (алюминийқабықша)
1
Пластмасса қабықшаны шешуге арналған пышақ
1
Кабельді кесуге арналған қайшылар
1
Металл қол ара
1
Қорғасын құбырды отырғызуға арналған ойғыш
1
Ұзындығы 100 мм бұрағыш
1
Былғары жиегі бар қорғаныш көзілдіріктері
2
Тіректі брезент палатка
2
Бөз төсемі бар полиэтиленді немесе резиналы (медициналық) қолғаптар
2 жұп
Брезент қолғаптар (немесе жеңдер)
2 жұп
Қысқыш
1
Ұзындығы 10 м болат рулетка
1
Материалдар мен құралдарға арналған сандық
2
Қағаз дөңгелекшелері мен рулон жинағы
бар банкаларды қыздыруға
арналған термос
1
Металл жиектемедегі300 °С дейін шәкілі бар термометр
1
Тарамды майыстыруға арналған шаблон
2
Штангенциркуль
1
Болат қылшақ
1
Бекітілетін металл жәшік
1
10.3 кесте
319
Тік бұрышты биркалар 1000 В
дейінгі кернеуге есептелген
кабельдерді таңбалау үшін қолданылады. Биркалар жемірілуден
сақтауға арналған битум қабатымен жамылған 1,5...2 мм диаметрлі
мырышталған сымдармен кабель және жалғастырғышқа бекітіледі.
Кабель биркаларында кернеу, оның тарамының қима ауданы, желі
нөмірі
немесе оның атауы, ал оның жалғағыш жалғастырғыштан
100.150 мм қашықтықта – жалғастырғыш нөмірі, оны құрастыру күні
мен оны жөндеген жұмысшының тегі көрсетіледі.
Траншея немесе блокта салынған әрбір кабель желісінің
трассасы ғимараттар мен құрылыстарға таңылған жоспарға немесе
кабель жалғастырғыштың орналасуын көрсететін
арнайы орнатылған
белгісі жазылуы керек.
Кабель желілерін құрастыру бойынша жұмыстар өте бейнетті
және сондықтан да максималды механикаландырылуы керек. Кабельді
төсеу кезінде тағайындалуы бойынша екі негізгі топқа бөлуге болатын
механизмдер мен жабдықтар қолданылады: жер жұмыстары үшін
қолданылатын механизмдер (экскаваторлар, босатқыш балғалар,
пневматикалық және электр тегістегіштер) және кабельді тасымалдауға
арналған механизмдер мен жабдықтар (кабельдік транспортерлер,
кабель төсегіштер, кабельді жаюға арналған дөңгелекшелер және т.б.).
Кабель жалғастырғыштары мен бітегіштерін құрастыруды 10.3
кестеде
келтірілген құралдар мен жабдықтардың көмегімен орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: