>25
>50
566
Шиналарды «үйрекпен» немесе «штопормен» майыстыру үшін
бұрандалы немесе гидравликалық сығымдағыштағы
арнайы қалыптар
қолданылады. Шиналарды
майыстыру
кезінде
қолданылатын
механизмдер және керек-жарақтар 16.6 сур. көрсетілген.
Шинаны қырға майыстыруды қыздырылған күйде жүргізу
ұсынылады. Алайда алюминий шиналарды қыздыру температурасы
250 °С жоғары болмау керек, мыс —350 °С аспайды, болат —600 °С
жоғары. Шамадан тыс қыздырылған
жағдайда шиналар сынғыш
болады және майыстыру кезінде оларда көзге көрінбейтін жарықтар
пайда болады. Температураны жылу сезгіш элементтермен бақылайды.
Жетілдірілген гидравликалық шина майыстырғыштар алдын ала
қыздырусыз шиналарды қырға майыстыруға мүмкіндік береді.
Шиналарды майыстыру кезінде келесі талаптарды орындау керек:
тік бұрышты қималы шиналар иілімінің ішкі радиусы жазықтыққа
майыстыру кезінде кем дегенде шинаның
қосарлы қалыңдығына тең
болу керек, ал қырға майыстыру кезінде – кем деген оның еніне тең;
«штопормен» майыстырудағы шиналар ұзындығы кем дегенде екі
еселенген оның еніне тең болу керек;
қосылыстар жерінде шинаның майыстырылуы түйіспелік бет
жиегінен кем дегенде
10
мм қашықтықта басталу керек;
16.5 сур. Шиналар иілімдерінің түрі:
а
— жазықтыққа; б
— қырға; в — «штопормен»; г — «үйрекпен»