Технологиясы



Pdf көрінісі
бет246/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

 
567 
бұрандалық 
қосылыстар 
кезіндегі 
құрама 
шиналардың 
түйістірулері оқшаулағыштар бастиектерінен және тармақталым 
жерлерінен кем дегенде 50 мм-ге артта орналасу керек. 
Түйіспелік қосылыстарды дайындау.
Түйіспелік қосылыс екі шина 
жанасатын жерде түзіледі. Осындай қосылыстар бұрандалар немесе 
қысқыштар көмегімен орындалатын ағытпалы және ағытпасыз, яғни 
дәнекерлік болуы мүмкін. Бұрандамалық қосылыстарды орындау 
кезінде түйіспелік беттер жалпақ және тегіс болу керек. 
Шиналарды бұрандамалық түйіспелік қосылыстар үшін дайындау 
саңылауларды белгілеуді, оларды бұрғылап тесуді, түйіспелік беттерді 
өңдеуді және басқа операцияларды қамтиды. 
Саңылауларды белгілеу нобай бойынша жүргізіледі, онда міндетті 
16.6 сур. «Үйрекпен» шиналарды майыстыруға арналған сығымдағыш 
және қалыптар (а) және «штопормен» шиналарды майыстыруға 
арналған керек-жарақтар (б) 
Қалыптар 


>25 
>50
 
568 
түрде ± 1 мм дәлдігімен бекіту, майыстыру және қосылыстар 
орындарына дейінгі қашықтық көрсетілу керек. Белгілеу кезінде 
бұрандамалар үшін бұрғылап тесілген саңылаулар бар шаблондарды 
қолданады, олардың ортасы бойынша керн өтеді. Шаблондар олардың 
осьтерін белгілеусіз саңылаулар нүктесін белгілеуге мүмкіндік береді. 
Саңылауларды белгіленген нүктелер бойынша немесе кондуктор 
көмегімен бұрғылап тесуге болады. 
Алайда саңылауларды жасаудың ең жақсы әдісі оларды 
сығымдағышта қалыппен ойып түсіру. Белгілеу бойынша қалыптанған 
саңылаулар кейінгі өңдеуді қажет етпейді, олардың жиектері таза, 
қылаусыз болады. Саңылалуар диаметрі бұрандамалар диаметрінен 
аздап үлкенірек болу керек (диаметрі 
6
...
8
, 9...12 немесе 13.. .18 мм
болатын бұрандамалар үшін саңылауларды сәйкесінше 1; 1,5 және 2 
мм-ге үлкенірек жасайды). Шиналар жинағында саңылауларды бір 
уақытта бұрғылап теседі, осы мақсатта оны жинап, кондукторда қатты 
қысады. 
Түйіспелік беттерді өңдеу оксидті қабықшаның алюминий 
шиналарын толықтай жоюда негізделеді, мыс шиналардан – мыс 
тотығын, болат шиналардан – тотты. Өңдеу айналатын болат 
шөткелермен немесе кардотаспалы дискпен орындайды. 
Шиналаудың мардымсыз көлемі кезінде түйіспелік беттерді 
тұрпайы егеумен және кардотаспалы шөткемен қолмен өңдеуге рұқсат 
етіледі. Металл шаңын таза шүберекпен тазартады, ал өңделген бетті 
техникалық вазелиннің жұқақабатымен қаптайды. 
Алюминий шиналарды ақырғы өңдеу вазелин қабаты астында № 1, 
2 және 3 егеуқұм немесе шыны қағазымен жүргізіледі. Тазартудан 
кейін ластанған вазелинді шүберекпен тазартып, жаңасымен 
ауыстырады. Түйіспелік бетті ажарлау және жылтырату жүргізілмейді, 
себебі бұл түйіспені нашарлатады. 
Шиналардың бұрандамалық қосылыстарын тікелей үсті-үстіне, 
«үйрек» түсірумен үсті-үстіне, қаптамалар көмегімен түйістіре, 
қысқыштар көмегімен үсті-үстіне орындайды (16.7 сур.). 
Бөлшектелетін түйіспелік қосылыстарға (бұрандамалар, сомындар, 
тығырықтар) арналған барлық бекіністік бұйымдар қорғаныс 
жабынымен қапталу керек. Бірақ құрғақ орынжайларда, біртекті 
металдардан жасалған шиналар жалғанған кезде көгілдір болат 
бұрандалар, сомындар және тығырықтар пайдалануға рұқсат етіледі.
Дірілге ұшырайтын, және жарылыс-қауіпті аймақтардағы электрлік 
қондырғыларды қоспағанда, бұрандамалық түйіспелік қосылыстарда 
қарсысомындар орнату қажет емес. Шиналардың (мыс, болат және 
алюминий қоспаларынан жасалған) бұрандамалық қосылыстарын 
тежеу үшін болат серіппелі тығырықтар (тілімді) қолданылады. 
Алюминий шиналар қосылыстары кезінде серіппелі тығырықтарды 
пайдаланбайды, ал бұрандама немесе сомын бастиегі астына алюминий 


569 
шина тарапынан үлкейтілген тығырықтарды орнатады. Егер түйіспелік 
қосылыста тәрелкелік серіппелер (тығырықтар) қолданылса, онда 
қарсысомындар немесе серіппелі тығырықтар қою қажеттілігі жоқ. 
Сомындарды түйіспелік қосылыстарда, пайдалану кезінде олады 
дәлізден (қызмет көрсету аймағы) қарау қолайлы болатындай 
орналастырады. Сомындарды қатайтуды әрқашан айналдыру 
моментінің шектеушісі бар арнайы сомындық кілт көмегімен 
орындаған жөн, ал ол болмаған жағдайда – қарапайым сомындық кілт 
көмегімен, бірақ осы жағдайда тарту күшін арттыру үшін оның 
иінтірегін ұзартуға тыйым салынады. Сомындардың дұрыс қатайтылуы 
құрастыру, яғни түйіспе сапасын, және қосылыстар сенімділігін 
айқындайды. Қатайтудан кейінгі түйіспе тығыздығын қалыңдығы 
0,02
мм болатын қуыс бұрғымен тексереді, ол қосылыс периметрі бойынша
6
мм астам шамаға кірмеу керек. Дайындалған шиналарды олар 
орнатылатын жерді шартты белгілеу арқылы таңбалау ұсынылады. 
Қолданыста шиналардың бұрандамалық қосылыстары түйіспелер 
жағдайы бойынша жүйелі бақылауды, олардың температураларын 
тексеруді, бұрандамаларды периодты қатайтуды, уақыт өте түйіспелік 
беттерді тазартуды талап етеді. Сондықтан бұрандамалық орнына, 
әсіресе алюминий шиналары үшін, дәнекерлік қосылыстарды 
пайдалану ұсынылады, себебі олар қосылыстар жерінде бұрандамалар 
қысымының әсерінен металдың тотығуына және салқын аққыштығына 
ұшырайды. 
Бұрандамалық 
қосылыстармен 
салыстырғанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет