С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет11/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

қабынулық жауаптың
дамуына әкеледі. Кабынулык 
жауап дегеніміз патогенді шектеуді, ыдыратуды және организмнен 
шығаруды камтамасыз ететін жергілікті және жүйелік серпілістердін 
күрделі кешені.
Туа біткен иммунитет жасуиіаларына
әр түрлі типтегі жасуша- 
лар кіреді: нейтрофилдер, мес жасушалары, базофилдер, эозинофил- 
дер, макрофагтар (МФ), дендритті жасушалар (ДЖ), терінің және 
шырышты кабаттын эпителилік жасушалары және т.б. Туа біткен 
иммунитеттін жасушалык механизмдері аркылы патогендердің та- 
нылуы, олардың жұтылуы (фагоцитоз) және жойылуы (цитолиз, 
жасушаішілік бактерицидтілік) жүзеге асады. Онымен коса, олар 
көптеген жасушааралык әрекеттесуге катысады, мысалы, адге- 
зия молекулаларынын экспрессиясы көмегімен, хемокиндер мен 
цитокиндерді түзу аркьшы әр түрлі типтегі жасушалык элементтердін 
корғаныс кабыну жауабына катысуға мүмкіндік береді, сондай-ак па- 
тогенге карсы жергіліктімен (кабыну ошағында) косажүйелі (организм 
деңгейінде) иммундык және кабыну жауапты реттейді.
Туа біткен иммунитет жасушаларының маңызды қызметтерінің бірі —
адаптивті иммунды жуйесінің жасушалары
— 
Т-лимфоңиттер тану
ушін антигендерді өңдеу мен таныстыруға қатысу.
Бұл кызметті кәсіби 
антиген таныстырушы жасушаларға жататын МФ мен ДЖ жүзеге асы- 
рады. Сондай-ак, аталған жасушалар түзетін цитокиндердің көмегімен 
(бірінші кезекте ДЖ) 
адаптивті иммунды жауаптың белгілі бір турінің
(жасушалык немесе гуморалды) дамуына катысады. Сондыктан олар 
туа біткен иммунитет пен адаптивті иммунитеттің қарым-қатынасын
жузеге асыратын маңызды тізбек болып табылады.
Туа біткен иммунитеттін гуморалды механизмдеріне 
комплемент
жуйесінің альтернативті және лектинді жолмен белсенуі
кіреді, олар 
патогендердін белгілі бір кұрылымдык компоненттерімен жанасканнан 
кейін белсенеді және оны ыдыратуды жүзеге асырады. Белсену үрдісі 
кезінде түзілетін фрагменттер мен кешендер туа біткен иммуниттеттің 
баска да эффекторлык механизмдеріне әсер етеді, атап айтсак, нейтро- 
филдер мен МФ хемотаксисі мен фагоцитарлык белсенділігін ынта- 
ландырады және кантамырларынын өткізгіштігін жоғарылатады.
Туа біткен иммунитеттің гуморалды факторларына бактерияларға, 
вирустарға және саныраукұлактарға карсы белсенділігі бар эндогенді 
антибиотиктер болып табылатын антимикробты пептидтер де кіреді.


2-Тарау. Туа біткен және адаптивті иммунитеттің негізгі сипаттамалары...
33
Оларды нейтрофилдер, терінін және шырышты кабаттарынын 
эпителилік жасушалары түзеді. Антимикробты пептидтер бірінші 
катардағы корғаныс факторларына жатады, себебі тері мен шырышты 
кабаттарға патогендер түскен кезде, айналасындағы тіндерге олардын 
өтуіне кедергі жасайды.
Гидролиздікфермент—
лизоцимніңпе
антибактериялы касиетібар, ол 
шырыштардың кұрамында кездеседі және бактериялы кабырғанын пеп- 
тидогликан кабатын ыдыратады. Вирустарға карсы белсенділігі бар туа 
біткен иммунитеттін гуморалды факторына, вирустармен закымдалған 
жасушалармен түзілетін 
интерферондар
тұкымдастығындағы нәруыздар 
да жатады.
Туа біткен иммунитеттің маңызды гуморалды факторлар тобы- 
на 
жедел кезең нәруыздары
(маннозаны байланыстыратын лектин, 
С-реактивті нәруыз, өкпенін сурфактант нәруызы, фибриноген) кіреді. 
Бұл нәруыздар кабынулык жауаптың жедел кезенінде бауырда түзіледі 
және жұкпалы коздырғыштардың фагоцитозын ынталандыратын оп- 
сониндер кызметін аткарады, сонымен катар комплемент жүйесінің 
белсенуіне катысады (лектинді жол). Жедел кезен нәруыздарының 
түзілуін кабынуалды цитокиндері (ИЛ-1, ИЛ-6, ТЫҒ-а) ынталан- 
дырады. Оларды патогендерді тану нәтижесінде белсенген туа біткен 
иммунитеттін жасушалары (МФ, ДЖ) түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет