С. В. Кожанова Жалпы иммунология


ИММУНДЫ ЖАУАП ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет13/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ИММУНДЫ ЖАУАП ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Иммунды жауап
дегеніміз организмнін бөгде генетикалык агент- 
терге, соның ішінде жұкпалы коздырғыштарға, бөгде жасушалар мен 
нәруыздарға, организмнін өзгерген, закымдалған, апоптозға ұшыраған 
меншікті жасушалары мен тіндеріне карсы көп деңгейлі кешенді жауа- 
бы. 
Кешенді иммунды жауап туа біткен иммунитет жуйесімен жузеге
асатын арнайы емес компоненттен жэне адаптивті иммунды жуйемен
атқарылатын арнайы компоненттен турады.
Туа біткен иммунды жауап
организмге енген патогендердің ба- 
сым көпшілігін жояды, себебі оған қоздырғыштарды тану мен жоюға 
көптеген молекулалар мен жасушалар қатысады. Туа біткен иммунды 
жауаптын жүзеге асуына жоғарыда айтылған барлық гуморалды және 
жасушалық механизмдер қатысады.
Туа біткен иммунды жауаптың жылдам даму себебі — ол организмде 
бар (туа біткен) факторларды қолданады, бірак патоген компоненттерін 
тану мен оларға жауап беру репертуары шектеулі. 
Адаптивті иммун-
ды жауап
баяу дамиды, бірак бөгде косындылардың басым көпшілігін 
тану кабілеті бар. Иммунды жауаптың калыптасуы мен дамуы 
кезінде пролиферацияға ұшырайтын лимфоциттердің соматикалык 
мутациясы аркылы бөгде антигендерді тану репертуары кенейеді. 
Адаптивті иммунды жауап даму барысында оның «сапасы» жақсарады:
коздырғыштын антигенді детерминантасына аффинділігі жоғары лим- 
фоциттер клонының сұрыпталуы арқылы арнайылык жоғарылайды; 
әр түрлі кластағы иммуноглобулиндердің түзілуі, әр түрлі белсенділік 
спектріндегі Т-лимфоциттер субпопуляциясының белсенуі, проли- 
ферациясы және дифференцирленуі арқылы тиімділік жоғарылайды; 
сондай-ақ, антигеннің санына каркындылығы сәйкес иммунды жауап- 
ты қамтамасыз ететін күрделі реттелу механизмдері мен оның уақытылы 
аякталуы және есте сақтау жасушалары калыптасады.
Адаптивті иммунды жауаптын негізгі сипаттамалары 1-тараудың 
2-бөлімінде қарастырылған.


2-Тарау. Туа біткен және адаптивті иммунитеттің негізгі сипаттамалары...
37
Туа біткен және адаптивті иммунитет компоненттерінің 
иммунды жауап барысында өзара әсерлесуі
Туа біткен және адаптивті иммунды жүйе 
бір-бірінен жеке қызмет
атқармайды,
олар 
организмнің біргщтас иммунды жуйесінің бөліктері
болып табылады. Туа біткен және адаптивті иммунды жүйелері біріге 
отырып, патогендерге карсы тиімділігі жоғары кешенді иммунды жау- 
апты камтамасыз ететін жоғары интерактивті және кооперативті жүйе 
қалыптастырады.
ДЖ мен МФ Т-жасушаларға антигендерді таныстыруда және 
цитокиндердін көмегімен жасушалык немесе гуморалдык типтегі 
адаптивті жауаптын дамуында манызды кызмет атқаратыны жоғарыда 
айтылып кеткен. Т-лимфоциттермен түзілетін 
цитокиндер туа біткен
иммунитеттің компоненттеріне де реттегіштік әсер
ететінін аса атап 
өтуіміз керек. Мысалы, Т-лимфоциттермен түзілетін ІҒТФү макро- 
фагтардын фагоциттік, бактерицидтік және цитокин-өндірушілік 
кызметтерін ынталандырса, Т-хелпер-2 түзетін ИЛ - 10 макрофагтардың 
көпшілік қызметтерінің куатты тежегіші болып табылады.
Атопиялық аллергиялық серпілістер туа біткен және адаптивті 
иммунитеттің тығыз байланысының айқын мысалы бола алады. І§Е 
класына жататын антиденелер, мес жасушалары мен базофилдердің 
арнайы рецепторларына тіркеледі. Аллерген организмге кайталап 
түскенде, осы рецепторлар аркьілы нысана-жасушалардың белсенуі 
және кабынудың дамуын тудыратын гистамин мен баска да 
медиаторлардың бөлінуі байкалады. Онымен коса, І§Е-нің түзілуін ын- 
таландыратын Т-хелпер-2 бөлетін цитокиндер (ИЛ-4, ИЛ-5) туа біткен 
иммунитет жасушаларына да (мес жасушалары, базофилдер және эо- 
зинофилдер) ынталандырушы әсер етеді. Туа біткен иммунитеттің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет