С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет12/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

Адаптивті иммунды жуйе
туа біткен иммунитетпен салыстырғанда 
жасырак корғаныс жүйе, ол омырткалы жануарларда пайда болады 
және 
«өзінікі» мен «бөгде» молекулалық қурылымдарды таңдамалы тану
мен ажыратуда сезімталдығы жоғары қабілеті
бар жүйе.
Туа біткен иммунды жүйенің арнайы емес иммунды корғану 
компоненті көптеген патогендерді жоюды жүзеге асырады, нәтижесінде 
айкын аурудың клиникалык дамуынын алдын алады. Бірак эволюция 
барысында көптеген патогендер өздерінің танылуына кедергі жасай- 
тын немесе олардың ыдырау механизмдерін тежейтін жана корғаныс 
механизмдерге ие болды. Адаптивті иммундык жүйенін арнайылығы 
жоғары, жетілген жүйе көмегімен бұл корғаныска төтеп береді. Ол 
туа біткен иммунитеттін корғаныс тоскауылдарынан өтіп кеткен, тірі 
калған және көбейген патогендердін тиімділігі жоғары арнайы жойы- 
луын қамтамасыз еткенімен катар, реинфекция жағдайында жьшдам, 
әрі қуатты корғанысын камтамасыз етеді.
Адаптивті иммундык жүйеі біркатар кызметтерді атқарады, ол 
бір жағынан, туа біткен иммундық жүйе аткаратын организмнің 
корғанысын толыктырады және күшейтеді, екінші жағынан, туа біткен


34
I Бөлім. Иммундықжүйе. Жалпы сипаттамасы
иммунитет кызметтерімен салыстырғанда күрделі болып келеді. Атап 
айтсак, 
белгілі бір антигенге арнайы жасуиіалардық пролиферақиялық
жауабынын күшін жоғарылату жатады, ол 
лимфоидты популяқиянық
клоналды қурылымдығына
байланысты; «өзінің» молекулалары мен 
жасушаларынын корғанысын камтамасыз ететін 
иммунологиялық
төзімділікті
калыптастырады; 
адаптивті иммундық жүйенің қызметін
бірнеше денгейде 
реттеу,
сондай-ак 
туа біткен иммунитеттің
механизмдерімен өзара байланысын реттейтін оң және теріс кері байла-
ныстар жүйесінің жүмысы.
Адаптивті иммунитеттің маңызды және ерек- 
ше кызметі — антигендермен кайталап кездескен жағдайда адаптивті 
иммунитет жұмысының тиімділігінін жоғарылуын камтамасыз ететін 
иммунологиялық төзімділікті
калыптастыру.
Адаптивті иммундық жүйе
— ол организмнің ішкі ортасының 
генетикалык тұрактылығын камтамасыз ететін организмнің біртұтас 
көпфункнионалды жүйесі. Адаптивті иммундык жүйенің туа біткен 
иммундық жүйеден айырмашылығы — ол 
орталық
(сүйек кемігі мен 
тимус) және 
шеткеріден
(организмдегі барлык лимфоидты түзілістер) 
тұратын 
меншікті мүшелері
бар.
Адаптивті иммундық жүйесінің негізгі жасушаларына Т- және
В-лимфоциттер
жатады. Олар орталық мүшелерде (біріншілік) 
түзіледі, сол жерлерде катаң түрде белгілі бір химиялык топтарға 
арнайы лимфоциттердің клондары түзіледі, оларды 
антигенді де-
терминанта
немесе 
эпитоп
деп атайды. Бұл үдерістің негізінде 
Т- 
және 
В-лимфоциттердін 
және 
антиденелердін 
антигента- 
нушы 
рецепторларының 
молекулаларын 
бакьшайтын, 
ұрык 
катарындағы 
гендердің 
генетикалык 
рекомбинациясы 
жатыр. 
Аталған рецепторлардың көмегімен Т- және В-лимфоциттер бөгде 
антигендердін көптеген ерекше молекулалык құрылымдарын тани- 
ды, тіпті олардың арасындағы генетикалык айырмашылык минимал- 
ды болса да. 
Лимфоциттердің антигентанушы рецепторларының бүл
қабілеті туа біткен иммунитет жасушаларындағы паттерн-танушы ре-
цепторлардан мүлдем ажыратылады.
Соңғы рецепторлардын көмегімен 
жеткілікті түрде кеңінен таралған микроорганизмдер тобы танылады, 
себебі оларда осы топка ғана тән молекулалык кұрылымдар бар.
Т-лимфоциттердің антигендерді тану ерекшелігі Т-жасушалык 
антигентанушы рецепторлардын (ТЖР) кұрылысымен байланысты, 
себебі ТЖР антигенді детерминантамен катар ядросы бар барлык 
жасушалардын бетінде кездесетін негізгі гистосәйкестік кешенінің 
нәруыздарымен (МНС-кешені) байланысуы керек, оны 
«қос тану»


2-Тарау. Туа біткен және адаптивті иммунитеттің негізгі сипаттамапары...
35
деп атайды. Аталған жағдай кәсіби антиген таныстырушы жасушаларға 
(АТЖ) жататын, туа біткен иммунитет жасушалары — ДЖ және МФ- 
мен камтамасыз етіледі. Олар организмге бөгде молекулалар мен жасу- 
шаларды фагоцитозға ұшыратады, сосын ыдырату нәтижесінде түзілген 
кыска пептидті фрагменттер (эпитоптар) МНС молекулаларымен 
бірігеді, оны антигеннін иммуногенді түрі деп атайды. Иммуногенді 
кешендер — «МНС нәруызы — антигенді пептид» АТЖ бетіне шығары- 
лады және Т-лимфоциттермен танылады. ДЖ мен МФ цитокиндерінін 
көмегімен және Т-жасушаларымен әрекеттесу нәтижесінде олардын 
белсенуіне, пролиферациясына және эффекторлы Т-лимфоциттерге 
дифференцировкасына ықпал етеді. Сонымен, антигенді тану үдерісіне 
жасушалардың екі үлкен тобы катысады: лимфоциттер мен антигента- 
ныстырушы жасушалар.
Адаптивті имунитеттің іффекторлық механизмдері
жасушалык 
(Т-лимфоциттермен жүзеге асады) және гуморалдык (В-лимфо- 
циттермен жүзеге асады) деп екіге бөлінеді. Антигенмен бірінші рет 
кездескенде онын танылуы, сосын сол антигенге арнайы Т- және 
В-лимфоциттердің клонының пролиферациясы басталады және ол 
үдеріс дәл сол антигенге қарсы тікелей жұмыс атқаратын жетілген 
эффекторлы лимфоциттердін түзілуімен аякталады. Туа біткен имму- 
нитет пен бейімделген иммуниттеттін басты айырмашьшығы осын- 
да. 
Туа біткен иммунитет жасушалары популяңиясының Т- және
В-лимфоциттерден айырмашылығы — олардың клоналды қурылымы
жоқ және бөгде антигендермен бірінші рет кездескенде, антигендерді
танығаннан кейін пролиферациялану жэне дифференциациялану сатыла-
рынан өтпей-ақ, оларға бірден жауап береді.
Эффекторлы Т-лимфоциттер
адаптивті иммунитеттің жасушалык 
механизмдеріне катысады. Бұл жасушалардың популяциясы функ- 
ционалды біркелкі емес, оларға біркатар субпопуляциялар кіреді: 
Т-хелперлер, реттегіш және цитотоксикалық Т-лимфоциттер және 
басқалары. Олар көптеген реттегіш және эффекторлық кызмет 
атқарады, сонын аркасында генетикалык бөгде жасушалар жойыла- 
ды, иммунды жауаптын реттелуі жүзеге асады, антиденелердің түзілуі 
бақыланады, сонымен катар, төзімділік пен иммунологиялык есте 
сақтау калыптасады. Жасушалык адаптивті иммунитеттін негізгі 
эффекторлық молекулаларына Т-лимфоциттермен түзілетін цитокин- 
дер жатады.
В-лимфоциттер антигендермен арнайы байланысатын антидене
(иммуноглобулиндер) синтезін жузеге асырады.
Адамда иммуноглобу-


36
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
линдердің 9 изотипі (кластары мен топшалары) белгілі, олар гуморал- 
ды адаптивті иммунды жауаптын әр түрлі кезендерінде түзіледі және 
әр түрлі кызметтер аткарады. Иммуноглобулин молекулалары арнайы 
мембраналык фрагмент көмегімен В-лимфоциттердін плазмалык мем- 
бранасына орналасқан және В-жасушалык антигентанушы рецептор 
(ВЖР) кызметін аткарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет