С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет7/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

иммунологиялық төзімділік теориясы
пайда болды. Дәл осы- 
мен катар, чех ғалымы М. Гашек осындай нәтижелерге қол жеткізді. 
Ол кұстардын эмбриондык парабиозды техникасын пайдаланған еді. 
Жалпы бұл авторлардын жұмысы ертеректе мәлім болған Д. Оуэн 
енбектеріне негізделеді. Д. Оуэн эмбриондык кезенде ортак плацентаға 
ие дизиготалы егіз бұзаулардын эритроцитарлы мозаицизмнің (химе- 
ризм) тұрактылығын аныктады (тұжырымдады). Алайда бұл екі автор 
орын алған кұбылыска, ғылыми тұрғыда арнайы терминдік атау бермеді 
және бұл істі П. Медавар жүзеге асырды. 1960 ж. Ф. Бернетжәне П. Ме- 
давар иммунологиялыктөзімділіктің жасанды индукциясы саласындағы 
зерттеулері үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. П. Медавар ұзак 
жылдар бойы (1939—1953) трансплантат тұрактамаушылығын зерт- 
теуде көп еңбек етті. Аллотрансплантатты мүшелік кабылдамауында 
иммундыкжүйе басты маңыз аткаратындығын П. Медавар анықтады.
1956 ж. америкалық иммунолог Альберт Кунс антиденелердін 
плазмалык жасушаларда түзілетіндігін дәлелдеді. 60-жылдардың ба- 
сында иммунитетке тән арнайы серпілістердің бәрі де, яғни — анти- 
денелер түзу, денеге сырттан ендірілген ұлпа не ағзаларды кабылдамау, 
вируске қарсы корғанысты жүзеге асыратын лимфоциттер екендігі 
күмәнсіз дәлелденді.
1957 ж. Бернет иммунитет теориясын ұсынды. Оның негізінде 
Н. Ерненің (1955) табиғи сұрыпталу концепциясы жаткан. Оны ол 
П. Эрлихтін 1898 ж. ашылған бірінші иммунитет теориясы («жана- 
ма тізбек» теориясы) арқылы көрсеткен сұрыптау принципі негізін 
колданып, түсіндірген. Бірак, Н. Ерне көзкарасында антигеннін 
сұрыптау касиеті молекулалык деңгейде емес, лимфоидты ұлпалардың 
аукымды жасушалык популяциясында, жасушалық деңгейде жұмыс 
аткаратындығы тұжырымдалды. 1964 ж. Ф. Бернет «клон-сұрыптау 
иммунитет теориясы» деген атпен танымал гипотезаны жан жакты 
дамыткан. 1984 ж. Н. Ерне иммунитеттің сұрыптау теориясынын 
жалғасы болып табылатын идиотип-антиидиотип желісі теориясын 
ұсынғаны үшін Нобель сыйлығымен марапатталды.
Иммунологияның әрі карай дамуы иммуноглобулиндердің химия- 
лық кұрьшысы ашылуымен байланысты. Иммуноглобулин кұрьшысын 
бір-біріне тәуелсіз ағьшшын биохимигі Д. Портер және американдык


24
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
ғалым Дж. Эдельман 1959-шы ж. ұсынылып, Нобель сыйлығына 
ие болған. Олар миеломды тышкандардың иммуноглобулиндерінің 
кұрылысын зерттей отырып, иммуноглобулин О моделін ұсынды.
60-жылдардын басында Д. Миллер Ф. Бернеттін тапсырмасы бой- 
ынша тимусты зерттеп, ол иммунитеттің орталык мүшесі екенін 
дәлелдеген. 1968 ж. Д. Миллер Г. Митчеллмен бірге иммунды жауап 
кезінде жасушалардын кооперациялануы және олардың тығыз байла- 
нысында маңызы бар екенін білді. Келесі ж. И. Ройт өзінің ғылыми 
жұмысында жасушалык иммунды жауап кезінде макрофагтардың жа- 
сушалар кооперациялануына әсері бар екенін атап өтті. Кейінірек, 
Т-лимфоциттер бөгде заттармен «өзгерген өзінікі» ретінде байланы- 
сатыны мәлім болды, яғни бөгде зат өз МНС-нәруыздарымен «та- 
ныстырылу» керек; бұл феномен «екеуін бірден тану» немесе негізгі 
гистосәйкестік бойынша иммундык жауаптың «генетикалык рестрик- 
циясы» деп аталды. Ашкан осы жаналыктары үшін П. Доерти мен 
Р. Цинкернагель Нобель сыйлығының лауреаттары болды.
Тіндердің трансплантациясы мен гистосәйкестікке 
арналған 
жұмыстары үшін физиология мен медицина саласында 1980 ж. Нобель 
сыйлығы Дж. Снеллге — тышкандардағы гистосәйкестіктің Н-2 локу- 
сын зерттегені үшін; Ж. Доссеге — адам ағзасындағы НЬА жүйесінің 
антигендерін тапқан және зерттегені үшін; Б. Бенацеррафка — адам 
тіндерінде тұрактамау механизмдерін ашқаны үшін берілген.
Иммунологиянын келесі іргелі кезеңі антиденелерді зерттеу- 
мен — ол Г. Келлер мен Ц. Мильштейн — 1984 ж. Нобель лауреат- 
тарының зерттеу жұмыстарымен байланысты. Олар 1974—1975 жж. 
иммунды диагностикада маңызды биологиялык молекулаларды 
бөліп алуда, иммунотерапияда және баска зерттеу максаттармен кен 
колданылатын моноклонды антиденелер алу технологиясын ашты; ол 
үтпін антиденетүзуші В-лимфоциттерге соматикалык жасушаларды ги- 
бридтеу әдісін қолданды.
1971 ж. аяғында С. Тонегава В-лимфоциттердің вариабелді гендері- 
нің реарранжировка үдерісін ашты, сөйтіп антиденелердің антигента- 
нушы түрлілігін көрсетті; соның негізінде кейіннен Т-лимфоциттердің 
У-гендерінің түрлілігі аныкталған. Осы зерттеулері үшін С. Тонегава 
1987 ж. Нобель сыйлығына ие болды. 80-жылдарда Т-жасушалык анти- 
гентанушы рецептор анықталғанда, бұл жұмыстар иммунологияда тағы 
бір революциялык кадам жасауға үлес косты.
80-ші жылдардын басында жаңа сыркат пайда болды — ЖИТС, ол 
іргелі ғылымдар ғана емес, қолданбалы клиникалық-иммунологиялык


1-Тарау. Иммунология ғылым ретінде
25
зерттеулердін де дамуына әсер етті. Осыған орай казіргі иммунология- 
нын негізгі әдістері кен тарай бастады — ИФТ, содан кейін ағымды 
цитометрия. 1983 ж. зерттеулер барысында Барре—Синусси мен Люк 
Монтанье адамнын иммундык тапшылық вирусын ашты (АИТВ виру- 
сы). Олардын зерттеуі бойынша, ілкі иммундык тапшылык кезенінде 
наукастардын ағзасы өзгеше вирус өндіретінін көрсетті, оны кейін 
наукас пациенттердін кешкі кезендерінде де аныктаган. Зерттеуші- 
лер бұл ретровирустын морфологиясын, биохимиялык және имму- 
нологиялык касиеттерін көрсеткен және оны лентивирус деп атаған 
(«бәсен» вирус). АИТВ иммунды жүйені, сонын ішінде негізінен 
лимфоциттерді закымдайды. Бұл жаналык ЖИТС биохимиялык меха- 
низмін түсінуге және антивирусты емді өндіруге үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет