Жүқпалы емес иммунологияны
негіздеп, нәтижесінде жаңа
қазіргі
заманғы иммунологияның
дамуына үлес коскандар
Ж. Борде
мен
М. Чи-
стович
болды. 1898 ж. Ж. Борде микробты емес жасушаларға жауап
ретінде антидене бөлінер ме екен деген оймен мынадай тәжірибе жа-
сады: коянға койдың эритроциттерін енгізді, жауап ретінде жануар
ағзасында антиденелер пайда болды, олар кой эритроциттерін жап-
сырып, ыдырауына келтірген. Осы уакытта М. Чистович те тәжірибе
аркылы жануарларға антиденелер синтезі микробты емес те, жасушалык
емес те бөгде нәруыздык заттарды тері ішіне не тамыр аркылы
енгізгенде, әсіресе кан сарысуының нәруызын енгізгенде байкалады
деген тұжырым жасады. Антиденелер бөгде сарысуға косьшған кез-
де сарысу кұрамындағы нәруыздардың іріленуі мен жабысуы аркылы
жойылатыны аныкталды. Бұл кезде де антиденелердің арнайьшығы
анықталған. Кейінірек Г. Бухнер комплемент жүйесін ашып, ал Ж. Бор-
де комплемент жүйесінің мағынасын көрсеткен. Ж. Борде иммунды
комплекс құрамындағы антиденелер комплементті активтейтінін, ал
ол өз кезегінде антигендер мембранасының ьщырап, фагоцитозды
22
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
күшейтетінін көрсеткен. Ж. Борденің зерттеулерінін нәтижесінде им-
мунды жауапты макрофагтар бастап, солар аяктайтыны көрсетілген,
себебі иммунды комплекстін фагоцитозы антигеннін толык жойылуы-
на алып келеді. Бұл зерттеулердін көрсетуі бойынша, И.И. Мечников
пен П. Эрлих бір үдерістін екі түрлі сатысын зерттеген,
нэтижесінде
иммунитеттің гуморалды-жасуиіалық теориясы
пайда болған.
Жуқпалы емес иммунология дамуының келесі кезеңі
К. Ландштейнер
есімімен байланысты. 1900 ж. К. Ландштейнер антигендердін моди-
фикациясы мәселесімен шұғылданып, 0, А, В, АВ кан топтарын зерт-
теп, адамның эритроциттерінің топтык изоантигендерін ашты. Бұдан
кейін иммуногенетиканы зерттеу бағдарламасы туды, яғни тіндердін
гистосәйкестігі мен трансплантациялық иммунитеттін көптеген
мәселелері шешілді. Бұдан бірнеше жыл өткеннен кейін К. Ландштей-
нер жаңалығы клиникада колданыла бастады. Оның зерттеу тәжірибесін
ескере отырып, дәрігерлер кез келген қанды кұймай, тек наукас
қанының эритроциттері жабысып калмайтындай канды кұйған.
Жүқпалы емес иммунологияның жаңа кезеңінің
дамуы австралиялык
ғалым
Ф. Бернет,
ағылшын ғалымы
П. Медавар,
чех ғалымы
М. Гащектың
есімдерімен байланысты. Бірак жаңа иммунология
1944—1945 жж.
П. Медавар
тұрактамаудын иммунологиялык табиғатын
дәлелдеп, иммунитет организмді микробтардан ғана емес, баска
да генетикалық бөгде организмдердін жасушалары мен тіндерінен
корғайтынын көрсеткен жұмыстарынан басталады деген пікірлер бар.
Ғылымның маңызды даму кезеңдері Ф. Бернеттің есімімен тыгыз бай-
ланысты.
Ол арнайы иммунитеттін негізгі жасушасы — лимфоцитке
көніл бөлді, сөйтіп оны «иммуноцит» деп атады, иммунды жауаптын
түзілуінде тимустың маңызды екендігін айтты, иммунитеттің клонды-
сұрыптау теориясын ашты және иммундык жүйенің негізгі кызметі —
организмнің ішкі ортасының генетикалык тұрактылығын бакылау
екенін, яғни иммунологиялык бакылау концепциясын негіздеді.
Иммунологиялык реактивтілікке карсы «иммунологиялык төзімділік»
яғни шыдамдылык жатады деп аталған күйді Ф. Бернет болжа-
ды, ал П. Медавар мен М. Гашек тәжірибе түрінде колдады. 1949 ж.
Ф. Бернет пен Ф. Феннер тимуста лимфоциггердін 90% жойылаты-
ны, организмнін эмбриондык кезенде байланыскан антигендерге
инерттілігі өмір бойы сакталатыны аныктаған. Ол кезде бұл феномен-
ге ғылыми түсінік берілмеді. Иммунологиялық төзімділіктің ресми
ашылу мерзімі — 1953 ж. Осы ж. П. Медавар мен Ф. Бернет өздерінін
зерттеулерінің нәтижесінде (тимуста лимфоциттер өлуі және кан
1-Тарау. Иммунология ғылым ретінде
23
түзетін донорлык жасушаларды кан тамыр аркылы тышкандардын
эмбриондык кезенінде егіп, аллотрансплантаттың ұзак уакыт бойы
бітісіп кететіндігі), антигендер иммунды жүйенін калыптасу кезінде
катысса, онда оларға иммунды жауап дамымайды деп болжамдады.
Осылай
Достарыңызбен бөлісу: |