С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау ИММУНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ



Pdf көрінісі
бет4/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

1-Тарау
ИММУНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
ИММУНИТЕТ АНЫҚТАМАСЫ. 
ИММУНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
ИММУНОЛОГИЯ
Иммунитет анықтамасы
Иммунология — ағзаның жұкпалы және жұкпалы емес бөгде 
субстанцияларға 
генетикалык, 
молекулалык, 
жасушалык жауап 
беру механизмдерін зерттейтін ғылым. «Иммунитет» сөзі алғашында 
зандылык деген термин ретінде пайдаланған 
(іттипііаз
— лат. бір 
нәрседен кұтылу, босау). Медициналык тәжірибеде «иммунитет» 
термині XIX ғасырдың екінші жартысында, адамдар жұкпалы аурулар- 
дан корғану әдістері зерттелу кезінде, яғни теориялық және экспери- 
менталды иммунология калыптасу кезінде енгізілген. Терминнің жаңа, 
«медициналык» мазмұны «аурудан кұтылу» деп белгіленген. Қазіргі 
заманда иммунология деп ағзаның гомеостазын, кұрылымдык және 
функционалды тұтастығын сактауға және тұрактандыруға, сонымен 
катар биологиялық (антигендік) индивидуалдығына және түрішілік 
ерекшеліктеріне арналған генетикалык бөгде заттардан (антиген- 
дер) корғану әдістері мен механизмдерін атайды. Организмге бөгде 
заттарға — бактериялар, вирустар, карапайымдар, саңырауқұлақтар, 
нәруыздар, жасушалар, тіндер, өзгерген аутоантигендер, сонымен 
катар, мутантты және ісік жасушалары жатады.
Иммунитет ағзаны патогендер мен баска да генетикалык бөгде 
агенттерден туа біткен күрделі арнайысыз серпілістер жүйесі көмегімен 
корғайды. Олар көпжасущалы ағзаларда ең ерте даму кезендерінде 
күрделендірілген жоғары ;}<йЖйАсфжсак*тнн> #гшдары|шу барысында
К»тк үлттык
медпцпи* уинвереитеті
і ы.іыми кітяпхана


18
I Бөлім. Иммундык, жүйе. Жалпы сипаттамасы
пайда болған. Омырткалылар туылу кезенінде сырткы генетикалык 
бөгде заттардан жоғары денгейдегі арнайылығымен ағзаны корғайтын 
және өзінің соматикалык жасушаларының, сонымен катар ағзаның 
барлык ішкі ортасының генетикалык тұрактылығын бакылайтын 
жүре пайда болған (адаптивті) иммунды жүйе дамыған. Иммундык 
жүйе өзгеше морфофункциялы, өз бетімен реттелуші және өз бетімен 
жаңартылушы жүйе болып табылады және оның бірнеше ерекшеліктері 
бар: ол барлыкденеге жайылған, онын жасушалары кан аркылы барлык 
организмде рециркуляцияда жүреді және ол әрбір антигенге түрлі ар- 
найы антиденелер молекуласын өндіре алатын ерекше кабілетті жүйе 
болып табылады.
Пайда болған эволюциялык жас адаптивті тізбек көмегімен 
иммундык жүйе өзгеше әр антигенге арнайылығы бар антиденелер мо- 
лекулаларын өндіруге бағытталған.
Негізгі иммунитет кұруға жауаптылар — ол иммунды жүйенін жоғары 
арнайы жасушалары — лимфоциттер. Организмде тек осы жасушалар 
белгілі антигенмен байланысуға бағдарламаландырылған, «өзінікін» 
«өзгенікінен» ажырата алатын және бірінші байланысу аркылы 
иммунологиялык зерделік калыптасушы бір ғана жасушалар болып та- 
былады. Эволюцияда лимфоцит 
организмнің генетикалық түтастығын
бақылау
үшін пайда болған — ол иммунитет жүйесінің негізгі кызметі 
болып табылады. Бүл кызметтің нәтижесіне сырткы ортадан түскен 
генетикалык бөгде жасушаларды тану және жою жатады.
Бірак лимфоциттер бөгде антигендерді тану үшін, көп жағдайда туа 
біткен иммунитеттін өзгеше топ жасушаларының катысуын кажет етеді. 
Олар алғашкы, бөгде заттарды арнайысыз танитын, оларды жұтып, 
өндеп, бөгде затты иммуногенді түрінде арнайы адаптивті иммунитет 
жасушаларына тануға жағдай жасайтын және оларға карсы кең спектрлі 
арнайы корғау — гуморалды (антидене синтезі) және Т-лимфоциттер 
арқылы жүретін жасушалык серпілістерді калыптастыратын — антиген 
таныстырушы жасушаларын кажет етеді.
Иммунологияның даму тарихы
Иммунитет туралы ғылым XIX ғасырға дейін адамдарды мазалаған 
жұкпалы ауруларды жеңу үшін катан өмірлік кажеттілігі аркасында пай- 
да болған. Мысал ретінде, адамдардың шешекті жеңуі. Ең алғаш шешек 
пустулаларын сау адамға кондыру аркылы корғану Қытайда б.ғ.д. мың 
жыл бұрын, XI ғасырда колданылды. Кейінірек бұл әдісті Индияда, Кіші


1-Тарау. Иммунология ғылым ретінде
19
Азияда; Еуропада колдана бастады. Медицина тарихына белгілі Шығыс 
ғалымы Әр-Рази шешекке классикалык аныктама беріп, шешекті егу 
әдісін колданғаны белгілі. Онын ізашары Ибн Сина (Авиценна) оба 
мен шешекке тән белгілері және бұл аурулармен ауырған адамдар өте 
сирек кайта ауырғандығы туралы жазған. Бұрын инфекциямен байла- 
ныс болса, организм корғаныс касиеттерін өндіретінін таза тәжірибе 
көрсеткен. Бірак, егудін бұл әдісі (вариоляция) көбінесе аурудын жедел 
өтуіне немесе егілгендердің өліміне келтіргені аныкталған. Ол заманда 
бұл жағдайға ғылыми түсінік берілмеген.
Иммунологияны ғылым ретінде классикалык және казіргі заманғы 
иммунологияға бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет