236
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
Антиидиотиптік иммуноглобулиндер антиген ретінде антиидио-
типтік антиденелерді түзеді (3-реттік антиденелер). Тәжірибе түрінде
организмде бірден бірнеше реттік антиденелер бола алады (3-лік және
4-лік). Бұл антиденелер тек бір-бірімен араласпайды, сонымен катар,
сай келуші лимфоцит клонының антигентанушы рецепторымен байла-
ныса алады (идиотипке және антиидиотипке комплементарлы рецеп-
торы В-лимфоциттерде ғана емес, сонымен катар, Т-супрессорларда
бола алады). Сөйтіп, иммунды жауаптың күрделі кен денгейлі тізбегін
реттейтін жүйесі жасалады.
Қарапайым түрде В2 және ВЗ-клондарынын 1, 2-реттік антиидио-
типтерімен өзара тежелуі ВІ-клонынын калыпты кызмет аткаруын
көруге болады. Егер организмде антиген молекуласы аз мөлшерде бол-
са, 2-реттік антиидиотип синтезделінбеуі мүмкін.
Бүл жағдай 1-реттік антиидиотипке сай рецепторлары бар Т-су-
прессорлардың белсенуін және берілген антигенге карсы кызмет
атқарушы лимфоциттер клондарының тежелуін шакырады.
Достарыңызбен бөлісу: