Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


«А» бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде



Pdf көрінісі
бет147/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

«А» бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде 
белгіленеді.
Оларды орындай отырып білім алушы пән бойынша қайталау 
деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру 
жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан 
рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте 
сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді. 
«В» бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы 
тапсырмаларды әрбір білім алушы орындауға міндетті. «
В» бағдарламасын 
қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол білім алушылардың оқу, 
ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл 
бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді 
дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс 
істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер 
көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі. 
«С» бағдарламасының орындалуы білім алушыларды алған білімді 
шығармашылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. 
Бұл бағдарлама оқу 
жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін 
игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде білім алушыға оның 
логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп, оны шығармашылықпен 
қолдану болашаққа жол ашады. Білім алушыға өзін қосымша жұмыста 
көрсетуге мүмкіндік береді.[2] 
Жалпы физика пәні қиын пән екені белгілі. Әдетте, лицейге түсетін 
оқушылардың жалпы білім беру дағдылары мен білімдері төмен, физикалық 
заңдылықтар мен құбылыстар туралы білім қоры нөлге тең. Бұл жалпы білім 
беретін мектепте қалыптасқан пәннің өзіне деген теріс көзқарасқа 
(«түсінбедім», 
«мұғаліммен 
келіспедім», 
«ұнамадым», 
«қиын 
пән», 
«мамандыққа қажет емес», және т.б) үстемдік етеді.
Жалпы мектептің мұғалімінің көкейінде тұрған сұрақтар: 
• Оқушылардың пәнге деген көзқарасын қалай өзгертуге болады? 
• Балаларды оқуға қалай үйрету керек? 
• Оқушылардың ғылыми білімге деген қызығушылығы ситуациялық 
емес, мүмкін болса, олардың кәсіби өмірінің бір бөлігіне айналуы үшін не істеу 
керек? 
Оқытуды қызықсыз, бір сарынды болып қалмас үшін қалай 
ұйымдастыруға болады? 
• Пән бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы 
оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, оқу 
әрекетінің жеке стилін қалай дамытуға болады? 
Біздің ойымызша, жоғарыда аталған мәселелерді жүйелі шешу үшін 
«табысты жағдайды» қамтамасыз ету қажет. Оқушылардың іс –әрекеттерінің 
табысты болуына жол ашатын оқытудың түрі – дифференциалды оқыту түрі 
болып табылады, мұндай жолмен оқушылыр өзінің қандай деңгейде екеніне көз 
жеткізіп, ары қарай деңгейін арттыруға тырысады. [3] 


286 
Әдебиеттер 
1.
Ф. Б. Бөрібекова Н. Ж. Жанатбекова/Қазіргі заманғы педагогикалық 
технологиялар.2014 
2.
Копжасарова М. Развитие идей дифференцированного обучения в теории и практике 
общеобразовательной школы / М. Копжасарова // Поиск. — 2001. — № 1. — С. 123–
129. 
3.
 
http://16school.ucoz.net/publ/iz_opyta_raboty/differencirovannyj_podkhod_v_obuchenii_fiz
ike/8-1-0-123
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет