Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет149/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
А.А. Барсегян, М.С. Куприянов, В.В. Степаненко, И.И. Холод Методы и модели 
анализа данных: OLAP и Data Mining (+ CD-ROM) 
2.
Герцог В.А., Самойленко А.П. Деректерді өндіру: оқыту курсы. - SPb.: Питер, 2001. 
3.
Б. де Виль. Microsoft Data Mining. Сандық баспасөз, 2001 ж. 


289 
ӘОЖ (374.167) 
HTML, CSS, JAVASCRIPT ТІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ
АРҚЫЛЫ MP3 ПЛЕЕР ЖАСАУ ӘДІСІ 
Ғалымжанұлы Б.- 
1509-19а тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Кулжатаева К.М.- 
магистр оқытушы
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
 
Summary 
This article highlights the progress of creating an MP3 player using HTML, CSS, JavaScript 
languages. The site tells about the Visual Studio Code program, which is written quickly and 
easily. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру 
еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – 
білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Бүгінгі таңда компьютерлік 
дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы 
басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, 
бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды 
қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы 
жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып 
отыр. 
HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін 
қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда 
браузерден серверге, жай мәтін немесе жасырын символдар (шифрлар) арқылы 
HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі. HTML тілін британ ғалымы 
Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық 
зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми 
және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл 
ретінде жасалған.
HTML көмегімен әдемі жасалған құжатты оңай және тез жасауға болады. 
Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. 
Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. Бағдарламалар құжаттарды 
құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару 
(бейнелеу) құралы ретінде құрылды. HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай 
құжаттар әдетте .html немесе .htm форматында болады) мәтіндік құжаттар 
форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай 
бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, әдетте олар 
пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейспен және оларды көрумен 
қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome
Яндекс, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari. 
Егер HTML-ді үйдің кірпіштерден тұратын қаңқасына теңесек, онда CSS ті 
сол кірпіштерді үйлесімді түрде қалап, оларды біріктіріп тұрған цемент 
қоспасына теңеуге болады.Екеуінің бірі болмаса сайт та болмайды. Сонымен, 
CSS деген не және CSS деген HTML мен қалай байланысады. CSS дегеніміз 


290 
ағылшынша Cascading Style Sheets, яғни қазақша стилдік каскад таблицалары 
деп аталады. 
HTML ді кірпішпен қаланып, төрт қабырғасы тұрғызылып және төбесі 
жабылған үйге ұқсатуға болады.Ал сол үйдің ішін сырлап, еденін төсеп, 
мебельдерін қойып дегендей т.б. әрекеттер жасайтын осы CSS. 
Менің жасаған сайтымда басты рөлді CSS орындайды. HTML де мен 
қабырғасын құрап, басты мәліметтерді жаздым, арі қарай CSS пен сәндеп 
әрледім. Бұл ғылыми жұмысымда HTML, CSS, JAVASCRIPT тілдерін қолдану
арқылы mp3 плеер жасау барысы қамтылған. Веб-сайтымды “simpleplayer.cf” 
мекен-жайы бойынша тіркедім.
Кез-келген құрылғыдан өлең тыңдау мүмкін болуы үшін – сайттын 
адаптивті нұсқасын дайындадым, яғни сайт қолданушының құрылғысының 
экранының өлшемін ескере отырып ашылады (1-сурет).
Сайтты жасар алдында мен өзіме сұрақ қойдым, адамдарға пайда алып 
келетін қандай сайт құрсам болады деп ойладым және бұл сайтты жасамас 
бұрын мен өзіме тез әрі оңай жазылатын бағдарламаны таптым. Ол – Visual 
Studio Code-ты таңдадым.
1-Сурет. Жұмыстың алғашқы беті 
Қолданушыға ыңғайлы болуы үшін – JAVASCRIPT-ті қолданып, сайт 
ішінде және жанрлар арасындағы навигациялық мәзір жасадым. Сайт 
қонағынан кері байланыс алу үшін – арнайы бөлім дайындадым. Келешекте 
жаңа өлеңдерді қосу процессін автоматтандыру үшін SQL тілін қолданып 
өлеңдердің базасын әзірлеуді жоспарлаймын (2-сурет).


291 
2-Сурет. Жұмыстың алғашқы беті 
Интернет - әлемдік компьютерлік желі. Ол ақпарат алмасуының қабілеттік 
құралы стандартты келісімдермен және адресацияның біртұтас желісімен 
біріктерілген әртүрлі компьютерлік желілерден тұрады. TCP/IP ұясының 
хаттамасын интернет пайдаланады. Жақсылығы сонда, бұлар байланыстың 
онша сенімді емес желісі бойынша да ақпаратты сенімді әрі тез жеткізуге арзан 
мүмкіндік жасай алады, сондай - ақ кез келген аппаратурамен жұмыс үшін 
қажетті бағдарламалар қамтамасыз етуді бере алады. Адресация жүйесі әр 
компьютердің және әрбір интернет пайдаланушыны өзгеше координатамен 
қамтамасыз етеді. 
Жақсы жасалған Web-сайт арқасында пайдаланушы аз уақыт ішінде өзіне 
қажетті ақпаратты тез тауып ала алады. Осы жиынтықтардың бәрі 
пайдаланушының сеніміне кіріп, ол сіздің сайтыңызды есіне міндетті түрде 
сақтап және қайтып сіздің сайтыңызға кіргісі келеді. 
Қорытындылай келгенде, жұмысымды орындау барысында қалаған 
нәтижеме жету үшін HTML, JAVASCRIPT, CSS тілдерін қолдандым. HTML 
мен JAVASCRIPT, CSS тілдерінің каскадты стилдер кестесі, сценарийлерді 
қолдандым. Бұлардың ыңғайлылығы, құрылымды мәліметтер қорымен 
байланысы және көптеген бар және алда болатын қарапайым элементтері 
қызықтырмай қоймайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет