Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет228/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.Қиын балалар көбейіп барады неге? Азат. – 2005. 30 наурыз – 6б. 
2.Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного 
поведния. – Алматы, Қазақ Университеті, 2002. – 10с. 
3.
Социологиялық сөздік. Биекенов К.У, С.И Оспанов, Б.К Смаганбетова, З.Ж Жаназарова, 
Г.У Әбдікерова: Жалпы редакциялық басқарған К.У Биекенов. Алматы Қазақ Университеті. 
2003. 15 – 17 б. 
4.
Менлибаев К.Н., Туганбеков К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа: Оқу 
құралы. – Қарағанды, 2000. – 15б 
5.
Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологическии аспект девиантного 
поведение, - Алматы, “Қазақ университеті”,2002. 
ӘОЖ
КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сахова С. С
. – 1801-10ж тобының студенті 
Ғылыми жетекші : Әбішева Л.П.
п.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы социально - педагогических технологий 
перевоспитания подростков с девиантным поведением 
Елiмiздiң құқықтық-демократиялық қоғам жағдайында дамуы бүгiнгi 
әрбiр азаматтың және өскелең ұрпақтың жоғары мәдениет пен бiлiктiлiгiнiң 
жоғары болуын керек етедi. Осыған байланысты қоғамның адам тәрбиесiне 
қояр талабы да барған сайын артып, оны iске асырудың көзi болып табылатын 
психикалық нышандар мен оны дамытудың шарттарына деген көзқарас өзгерiп 
келедi. Соған сай бүгiнде бiлiм беру ұғымының өзi өзгеруде және кеңеюде. 


486 
Бiлiм беру барған сайын көп ретте мектепте, жоғары оқу орнында, тiптi 
отбасында бiлiм берудiң педагогикалық-психологиялық негiздерiн меңгерудiң 
мазмұны мен мәнi кеңейе түсуде. 
Бүгiнде 
жаңа 
Қазақстан 
қоғамы 
жағдайында 
жеке 
тұлғаны
функционалдық 
әзiрлеу 
тұжырымдамасынан 
жеке 
тұлғаны 
дамыту 
тұжырымдамасына көшу жүрiп жатыр. Жаңа тұжырымдама бiлiм берудiң 
даралық сипатын көздейдi, ол әрбiр нақты адамның мүмкiндiктерiн және өзiн-
өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамытуға қабiлеттiлiгiн ескеруге мүмкiндiк бередi. 
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 
сыныптарында оқитын кезеңмен сәйкес келеді, ол 11-12 жастан 14-15 жақа 
дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс-жүзінде басталуы 5ші 
сыныпқа көшуімен тура келмей, бір жыл ерте, не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», 
«бетбұрыс», «қиын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы 
жастарда болатын, өмірдің бір дауірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму 
проццесстерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылды. Балалық шақтан 
ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік-әлеуметтік дамудың 
барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшілігі болып табылады. 
Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-
сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен 
әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің танымдық және оқу- әрекетінің мінез-
құлыққа, іс-әрекет пен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық- этикалық 
нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері 
пайда болады.
Жеткіншектіктің жеке басы дамуының аса-маңызды факторы оның өзінің 
ауқымды әлеуметтік белсенділігі: ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, 
үлкендермен және жолдастарымен өзіне қарым-қатынас орнатуға бағытталды. 
Жеткіншек дамуының алуан түрлі көріністерімен елеулі айырмашылықтары: 7 
сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен 
қатар ересектер өмрінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да 
бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар; бірақ сонымен 
қатар оқу материалдарының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де 
бар, болашаққа деген жоспары айқые емес мектеп оқушылары да бар, ал 
болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар, кейбір қыз 
балалалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша 
мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат жәрдемгшілер болса, енді 
бірулер әбден ерке болып кеткен, тпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да 
ебі жоқ.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай 
бағалау осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл 
өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшіліктерін, қарым-қатынастарын 
түбірінен өзгертетін сипатта болады 
Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болғандықтан оларда мектеп неврозы 
мен мазасыздануы бір-бірімен ұштасып келіп, себепсіз агрессияны 


487 
жоғарылатады. Бұлар баланың мектепке баруға қорқуынан, сабаққа 
қатынасудан, тақтаға шығып жауап беруден бас тартуынан т.б. дезадаптивті 
мінез-құлықтан көрініс береді.
Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның 
жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс 
зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы 
қатынасының бұзылуы. Бұл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе 
оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай үлкендерге елеусіз 
себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не әдепсіз 
айтылған сөзінен оқушылардың жалпы мектепке деген көзқарасының 
бұзылуына алып келуі мүмкін. Баланың мүндай көңіл-күйінің бұзылуына 
бұрын ауыр сөзді естігендер тап болады. Осындай жағдайлар баланың тұлғалық 
қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының оқуға деген мотивтік 
сферасының бұзылуына алып келеді. Білім алуға тырысушылық мотиві оқу 
ісінде жетекші болудан қалады. Сонымен қатар балалардың құндылықтарды 
бағалауы, өз-өзін бағалауы өзгереді. Біртіндеп мазасыздану неврозы тұлғалық 
дамудың ауруына ауысып кетуі мүмкін. Мектеп неврозына себептер көп 
болғандықтан оның көріну шеңбері де кеңейеді. Невротикалық жағдайға 
апаратын 
себептерінің 
бастылары 
ретінде 
мектептік 
мазасыздану, 
акцентуацияның орын алуы, агрессиясының жоғарылауы, басқалармен тіл 
табыса алмай әуреге түсуі және неше түрлі жағдайларда бала жанының 
жарақаттануы. Көптеген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға 
невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса 
оның дамуын тоқтатуға болады. Мектептік невроздың алдын алу 
психологиялық кеңес беру және коррекция жасау арқылы жүзеге асырылады. 
Ол үшін баланың даму ерекшеліктеріне ерте диагностика жүргізіп, оның 
мүмкіндіктерін оқу-тәрбие процесінде ескеру мен қатар балалардың ата-
аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде жұмыс істеу 
керек. 
Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiн айқындауда бiз көптеген 
психологтар мен педагогтардың, әлеуметтiк педагогтар көзқарастарын негiзге 
алдық. Ең алдымен жеткiншек жастағы балаларда кездесетiн қасиеттердi 
айқындауға, олардың өмiрiнде кездесетiн қиыншылықтар мен соның 
салдарының көрiнiсiн айқындап алуға назар аудардық. Жеткiншек жастағы 
балалардың қалыптасуына ықпал ететiн факторларды сипаттап көрсеттiк. 
Олардың өмiрiнде қарым-қатынастың, өз iс-әрекетiнiң рөлiн түсiндiрдiк. 
Сондай-ақ, жеткiншек жастағы оқушылардың психологиялық, педагогикалық, 
әлеуметтiк, 
дене 
жағынан 
жетiлу 
процестерiн 
айқындауда 
Т.Р.Нұрмұханбетованың еңбектерiндегi тесттер мен зерттеу әдiстерiн 
пайдаландық.
Жеткiншектердiң психологиялық таным қасиеттерiн дамытуда көптеген 
психологиялық жаттығуларды орындадық. Мектеп қабырғасындағы жеткiншек 
жастағы оқушылардың психологиялық-педагогикалық қасиеттерiн дамытуда 
бiз диплом жұмысымыздың орындалу барысында пайдаланған және оңтайлы 


488 
нәтиже алған тесттер мен бағдарламаларды мектеп тәжiрибесiнде пайдалануды 
ұсындық. 
Сонымен, зерттеу жұмысын қорытындылай келе жеткiншектердiң даму 
ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселерiн былайша тұжырымдауға болады: 

жеткiншектiк жас кезеңi бала өмiрiндегi ең маңызды даму кезеңi болып 
табылады; 

азаматтың қалыптасуы осы кезеңге сәйкес келетiн болғандықтан мектеп 
психологы, сынып жетекшiсi және ата-ана одағы арасында ынтымақтастықтың 
берiк болуын қамтамасыз ету маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет