540
ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті
тұр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Білім беру жүйесіндегі әрбір әдіс, оқыту
технологиясы білім алушының
бойында белгілі бір қабілеттер мен құзыреттіліктерді дамыту мен
қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Білім беру, оқыту үрдістерінің мақсатты
жүзеге асатындығы бізге, мақсатқа сай нақты қай
әдіс пен қай технологияны
қолдану қажеттігін саралап, таңдауға мүмкіндік береді.
Суггестопедия (латын тілінен аударғанда иландыру, сендіру) болашақ
маманның өз мүмкіндіктеріне, оқу-таным әрекетінің түпкі нәтижесіне,
оқытушы қолданып отырған әдістің тиімділігіне деген сенiмін нығайтуды
көздейді. Болашақ маман оқытудың алғашқы нәтижелерін көрген сайын сенімі
күннен-күнге арта түседі,
онымен бірге көңілі толу, ризашылық сезімдері
оянады, ал мұның барлығы қатысымдық құзыреттілікті арттыруға әсер етеді.
Г.Лозановтың сөйлеу терапиясы жүйесі адамның үлкен мүмкіндіктері
туралы, оның миының резервтері туралы демек, оқушының психологиялық
белсенділігі туралы терең психологиялық мәліметтер негізінде оқытуды
жетілдіруге деген
ұмтылыс ретінде пайда болды, берік психологиялық
тамырларға ие. Суггестопедиялық жүйенің психологиялық тамыры: а)
Л.С.Выготский мектебінің қиял мен есте сақтау, ойлау және сөйлеу арасындағы
байланысты, сондай-ақ позициясын анықтаудағы жетістіктері. Выготский
ұжымдық формаларға негізделген оқу процесінде тұлғаның белсенділігі және
шет тілін оқытуда ана тілін қолдану қажеттілігі туралы; б) А.Р.Лурия
сипаттаған
синестезия құбылысы; в) Д.Н.Узнадзе мектебінің психологиялық
көзқарас теориясы.
Технологияның авторы Г.Лозанов суггестологияға сендіру туралы ғылым,
ал суггестопедияға педагогикадағы сендіру әдісін қолдану мәселесінің
теориялық және тәжірибелік сұрақтарына арналған бір бөлімі деген анықтама
берген. Бұл технологияның әсері есте сақтау мен жадтың мүмкіндіктерін
тиімді
пайдалануды, тұлғаның интеллектуалдық белсенділігін арттыру және
оқуға деген ынтаны жоғарылатуға мүмкіндік беретін шаршау сезімін басатын
жағымды эмоцияларды дамытуды анықтаумен байланысты. Аталған жағдайлар
біріге келе аз уақыт ішінде меңгерілген материал көлемінің айтарлықтай
ұлғаюына, сөйлеу дағдысы және әр түрлі жағдаяттардағы өзін-өзі ұстай білу
біліктіліктері мен мүмкіндіктерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Суггестопедиялық оқыту технологиясы негізгі 3 ұстанымға негізделген:
1. «Қуаныш пен алаңдаушылықсыздық» ұстанымы.
Бұл ұстанымға сәйкес
оқыту жағымды атмосферада және еш күш салусыз өтуі тиіс.
«Ақыл-ойды сергіту мен ішкі дайындықты дұрыс дамытатын болсақ
күйзелісті жойып, қанағаттанушылыққа алып келеді,-деп жазады Г. Лозанов.
2. «Сана мен бейсана бірлігі» ұстанымы. Бұл ұстаным педагогикалық
үрдісте жүретін саналы факторлармен қатар бейсаналық факторларды да
қолдану қажет деп пайымдалады. Г. Лозановтың айтуы бойынша перцепция
негізінде жақсырақ қабылданатын ақпараттар бар.
541
3. «Суггестивті өзара байланыс» ұстанымы.
Бұл ұстанымның негізі
оқытылып отырған тақырып төңірегінде оқушы білімін анықтау үшін педагог
тарапынан кері байланыстың орнатылуымен түсіндіріледі. Г. Лозанов кез-
келген пәнді оқытуды жеделдету үшін қолдануға болатын оқытудың жалпы
педагогикалық
және
психотерапиялық
негізін
жасауға
ұмтылды.
Суггестопедиялық оқыту технологиясының негізінде әртүрлі оқыту әдістері
жасалды:
активтендіру
әдісі,
эмоционалды-мазмұндық,
суггестоки
бернетикалық және т.б..
Достарыңызбен бөлісу: