Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет255/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ 
Шағырбай Н.Б. – 
М1701-11 оқу тобының магистранты 
Ғылыми жетекшісі: Мыңбаева А. –
PhD доктор.
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Резюме 
В данной статье будут рассмотрены основные стратегии развития навыка чтения, 
его методологические подходы, ученые, которые его изучали. 
This article discusses the main strategies for developing reading skills, its methodological 
approaches and the scientists who studied it. 
Оқу – білім беру мен адамның өмірлік дамуында маңызды рөл атқарады. 
Мұндағы мақсат – балаларды дұрыс оқуға тәрбиелеу. Сондықтан да бұл - 
бүгінгі 
заманның 
актуалды 
мәселелерінің 
бірі 
болып 
отыр. 
В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша: «Оқу – балалардың өзін және айналаны 
көруіне мүмкіндік беретін айна. Оқылым дағдысы мен сөйлеу дағдысы ақыл – 
ой әрекетінің ең маңызды түрі. Ол барлық жағдайда қолданылатын 
педагогикалық сипаттың жиынтығы. Сондықтан оқылым дағдысын дамыту, 
жетілдіру үшін, мақсатты жұмыс қажет. Оқылым дағдысын мақсатты меңгеру – 
баланың танымдық әрекетінің ең жоғарғы даму деңгейін көрсетеді». Демек, 
бала оқу барысында шығарманың идеясын түсініп қана қоймай, оған деген 
белгілі бір көзқарасын да қалыптастырады. Өз кезегінде, мұндай оқу әрекеті 
баланың мәтінді оқу алдындағы, оқу кезіндегі және оқығаннан кейінгі ойлау 
қабілетін қамтиды. Таза оқу шеберлігіне негізделген, ойлана оытырп оқуға 
мүмкіндік беретін оқылым дағдысы баланы мәдени дәстүрмен таныстыруға, 
әдебиет әлеміне деген қызығушылығын арттыруға, тұлға ретіндегі дамытудың 
басты себепкеріне айналдырады. Сонымен бірге, оқылым дағдысын бастауыш 
және орта мектептерде қалыптастыру табысты оқудың кілті, бүгінгі ақпарат 
ағымындағы бағдарланған қоғамның сенімді құралы болып табылады.
Бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес баланың бойына қазақ 
тілі пәніне қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту 
педагог үшін басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл дағдылар оқушының 
еркін қарым-қатынас жасауына, өзге адамдармен пікір алмасып, өз көзқарасын 
білдіруіне, ортада өз ойын ашық түрде жүйелі әрі нақты жеткізуіне, кез-келген 
ақпаратты қажетті жағдайда тиімді қолдануына, сараптай отырып оқуына, 
оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасауына, тың идеяларды ойлауына жол 
ашады. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңызды болып табылатыны бұл – 
оқылым дағдысы. Себебі, оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша 


543 
анализ жасай алған адам өз ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады. 
Сондықтан да бала бойына оқылым дағдысын қалыптастырудың мәні зор. 
Дағды – бала бойындағы арнайы қажеттіліктерді қалыптастырушы негізгі 
элемент. Бұл - көп рет қайталау негізінде жүзеге асады. Кейде санасыз қайталау 
нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Оның арнайы өзіндік белгілері бар. Осы 
белгілер арқылы біз адам бойында қалыптасқан дағдыны оңай ажырата аламыз. 
«Әр адам өз өмірінің авторы» - дегендей біз де арнайы дағдыларды өз 
бойымызға қалыптастыру арқылы болашағымызды жарқын етуге мүмкіндігіміз 
бар. Сол секілді болашақта өзіміз тәрбиелеп отырған балаларды ізгі қасиеттерге 
баулып, оны жарқын жолдарға жетелеу мақсатында бала бойына оқылым 
дағдысын қалыптастырудың маңызы зор деп білемін.
Бала – бетіне сызат түспеген ақ тақта секілді. Оны қай бағытқа тәрбиелесең 
болашақта да солай әрекет етеді. Осы орайда, бала бойына оқылым дағдысын 
қалыптастырудың мақсаты – оның оқуға деген қабілетін арттыру, оқушының 
мәтіндегі негізі және қосымша деп танылған ақпараттарды әр түрлі деңгейде 
қабылдап, түсіне білуі деп білеміз. Бала бойына белгілі бір дағдыны 
қалыптастыру оның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, білімге деген 
құштарлығының артуына негізгі себеп болары анық. Бұл жағдайда, оқылым 
дағдысының көтерер жүгі мол. Біз сабақта оқылым дағдысын тиімді қолдану 
арқылы баланы анализ жасауға, жақсы мен жаманды ажырата алуға баули 
аламыз. Белгілі бір затқа анализ жасау баланың болашағына да жақсы ықпалын 
тигізеді. Осыған байланысты филолог Ф.Оразбаева өзінің еңбегінде: «Оқылым 
– графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің 
мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, 
сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, 
сұрыптап алу»,-деп, осылайша оқылымға қатысты анықтама берген болатын. 
Демек, оқылым дағдысында балалар өзінің оқыған тақырыбы бойынша 
анықтамаларды оқып, түсініп қана қоймай, оған сұрақ қойып, талдап, ой 
қажеттілігі арқылы анализ жасап, болашақ өмірінде де қолдана алады деген сөз. 
Осы орайда, орыс ғалымдарының жіктелісіне назар салар болсақ оқылым 
дағдысының төрт қасиетін байқаған болар едік. Олар: оқу барысындағы 
дұрыстық, еркіндік, саналылық және мәнерлілік. Жалпы алғанда, бұл дағды 
жаңа оқыту технологиялар негізінде қалыптасқан ерекше түсініктердің бірі. 
Оған Қазақстандық ғалымдар да қазақ тілін меңгеру барысында жүзеге асатын 
оқылымның бірнеше түрі бар екенін анықтай келе, әр ғалым өз бетінше пікір 
білдіріп, оқылымды теориялық негіздеріне қарай талдау үстінде. Олардың 
жіктелісінде де арнайы ерекшеліктердің бар екенін байқаймыз. Түрлері: 
аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, 
аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, т.б. 
ерекшеліктері жатады. Осыған сәйкес, педагогика ғылымының докторы 
Ф.Оразбаева өз еңбектерінің бірінде оқылымның ең негізгі деген төрт түрін 
бөліп көрсетеді. Бірінші -танымдық оқылым. Екінші – зерделік оқылым, 
үшінші – ізденімдік оқылым, төртінші -көрсетімдік оқылым. Ғалым бұл 
терминдерді беріп қана қоймай, оған сәйкес деп тапқан анықтамаларды да 


544 
ұсынады. Ф.Оразбаеваның пікірін тағы да бір назарға алар болсақ: 
«Оқылымның берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік - 
қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік 
қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігі»,- деп көрсетеді. Мұнда 
оқушының танымы кеңейіп, білім көкжиегі көтерілері сөзсіз. Ал, оқылым 
дағдысын қалыптастыруда ең қажетті болып табылатын – мәтін. Мәтін – тілді 
оқыту барысында оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу негіздері арқылы жүзеге асатын 
құрал. Демек, мәтін – оқылымның негізгі жаны деп айтуымызға толық негіз 
бар. Дегенмен де, мәтін түрлері де арнайы сынып оқушыларына арналған 
болуы тиіс. Сонда ғана бала жас ерекшелігіне қарай мәтінді түсініп, оқи алады. 
Ал оны талдау барысында арнайы оқылым стратегияларын қолданған дұрыс.
Оқылым стратегияларына 
мыналар 
жатады: 
«Жылдам 
кездесу», 
«Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз», «Піспеген модель», «Белсенді түрде 
модельдеу», «Стоп кадр», «Кітап оқу кезіндегі саяхат», «Ақпараттағы 
олқылықтар», «Сен білесің бе?», «Графикалық органайзерлер», «Жалғыз 
құты», «Қос құты», «Венн», «Уақыт диаграммасы» (уақыт сызығы),«Оқиға 
картасы»(Тарих картасы), «Торлы диаграмма» (Радиальді диаграмма), «Себеп 
салдарлы диаграмма» (Балық сүйегі немесе Фишбоун), « Тоғыз гауһар», «Таңда 
да, таста» және «Болжау». Балалардың кітаптарындағы оқылым дағдысын 
жүзеге асыру барысында «болжау» әдісінің мән - маңызы өте зор. Ол өзге 
дағдыларға қарағанда көптеп қолданылады. «Болжау» әдісін сабақ барысында 
қолданылуына қарай және оқылым мазмұнына байланысы негізінде бірнеше 
түрлерге жіктеп көрсете аламыз. Бірақ, оның бәрі де оқып отырған баланың 
таным – түсінігін қалыптастыруға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, 
ойлау қабілетінің кемелденуіне, өз білімін жоғары бағалауына зор септігін 
тигізеді. 
«Болжау» стратегиясын жаңа сөздерді үйрету тәсілі ретінде де жиі 
пайдалануға болады, сонымен қатар, «болжау» стратегиясы оқылым мен 
грамматиканың да басын біріктіруші құрал болып табылады. Осыған орай, 
«болжау» стратегиясының сабақ барысындағы қолданылу мөлшері әрқилы. 
Себебі ол оқылым материалының мазмұны мен сабақтың мақсатына 
байланысты құрылады. Балалардың оқылым дағдысын қалыптастыру 
барысында болжау стратегиясының түрлері көптеп кездеседі. Оларға: мәтін 
ішіндегі бос орындарға қажетті мәліметтерді тауып қою (сөздерді), сюжетті 
желімен жазылған мәтін бөліктерін біртіндеп болжап оқу, әңгімені аяқтау, 
оқылым материалының тақырыпаты бойынша оқылатын мәтін мазмұнын 
тексеру т.б. жатады. Оқылым дағдысындағы болжам әдісі, сонымен қатар, 
оқылым алды, оқылым кезіндегі, оқылымнан кейінгі деп те бөлінеді. Сол 
себепті де болжату тапсырмаларының мақсаты да түрлі болып келеді. 
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған стратегияларды сабақ барысында 
тиімді әрі нәтижелі пайдалану арқылы біз баланың бойына оқылым дағдысын 
қлыптастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Балалар – біздің болашағымыз. Ал 
болашақ жарқын болуы үшін біз – сапалы да саналы білім бере білуіміз қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет