548
ӘОЖ
057.874
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ПӘНІНЕН КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ОРТАСЫН ӘЗІРЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ерғара Г.Д.
– 127-18а тобының студенті
Ғылыми жетекші: Мырзахметова Б.Ш.
– т.ғ.к., аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент
Резюме
В данной статье рассматриваются методы разработки комплексной учебной среды
по предмету "Информационно-коммуникационные технологии
Қазіргі таңда барлық білім беру орталарында тиісті компьютерлік
сыныптар,
орталықтар бар, олар барлық компьютерлік кешенді оқытуды –
қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауды және қазіргі заманауи
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ұтымды пайдалануды талап
етеді.
Мұндай міндеттемелерді шешу білім алушылардың сол немесе басқа оқу
материалдарын меңгеру және жалпы танымдық іс-әрекетті басқару бойынша
аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды педагогикалық тұрғыдан
ұтымды пайдалануға бағытталған.
Осыдан ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиялары мен
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру жүйесінде
қолданудың психологиылық-педагогикалық негіздері бойынша белгілі бір
зерттеудің қажеттілігін атап өткен жөн.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
пәнін оқытудың қажетті
әсерін
қамтамасыз
ететін
оқытушыны,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды, электронды онлайн оқыту орталарын, дәстүрлі техникалық
оқу құралдарын қамтитын кешенді интеграцияланған білім беру жүйесін
дамыту. Пәннің мазмұнын, формаларын, жетілдіру жолдарын негіздеу.
Кешенді оқыту – білім алушыларың іс-әркетін ұйымдастыруға негізделген
оқыту технологиясы болып табылады. Білім беру үдерісінде оқытудың белсенді
әдістерін пайдалана отырып білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінің
пәндік және әлеуметтік мазмұны модельденеді.
Кешенді білім беру жүйесінің тәжірибелері ХХ ғасырдағы белгілі шетелдік
педагогтардың педагогикалық жүйелерінде қамтылған болатын. Әртүрлі
ғалымдар оқыту материалдарын табиғи жағдайлармен байланыстыры. Д.
Жакато ана тілін оқытуды классикалық романдарды түсіндіру негізінде құру
керектініе айтты, ал И. Гербарт табиғатқа қытысты оқытылытын барлық
пәндердің арасындығы тығыз байланысы туралы алға тартса, Т. Зиллер
дәстүрлі оқытылатын білім беру ұйымдарының оқу бағдарламасын ұсынды,
мұнда білім берудің әр кезеңінде оқу материалдарының
мағыналық орталығы
ретінде белгілі бір тұтастық мақсат етіп қойылды.
Оқу бағдарламасын әзірлеуге бөлінген уақытты тиімді пайдалану үшін
кешенді оқыту іс-шаралары қажет. Кешенді оқыту – бұл бір уақытта жеке және
тұлғааралық құзіреттіліктерді, сонымен қатар нысандарды, үрдістерді және
549
жүйелерді құру дағдыларын дамыта отырып, пәндік саладағы білімнің дамуын
қамтамасыз ететін оқыту түрі болып табылады. Осылайша, білім бердуң екі
мақсаты айқындалады. Кешенді оқыту нысандар мен жүйелерді қолдану
бойынша тәжірибелік жаттығуларды және тағы басқа да бірқатар оқу іс-
әрекеттерін орындау үрдісі барысында жүзеге асады.
Пәндік салалардағы білім білім алушыларға алдына қойылған
тапсырмалардың дұрыс шешімін табуға мүмкіндік береді, ал жалпыға бірдей
құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған оқу
іс-әрекеттерін бағдарламаға
енгізу білім алушыны дұрыс шешім шығаруға үйрету үшін қажет. Ал
ұсынылып отырған кешенді оқыту құралы тапсырмаларды құрастыру, бағалау,
модельдеу, жобасын жаса және шешім шығару дағдыларын дамытуға
мүмкіндік береді.
Оқытудың кешенді құралы дегеніміз бұл заманауи ақпараттық, аудио-
визуалды, компьютерлік техникаға негізделген кез-келген оқу құралдарының
шоғырланған жиынтығы, әдістемелік, эргономикалық сипаттамаларға қатысты
заманауи оқу кешенінің талаптарына сәйкес келеді. Олардың негізгі міндеті
максималды педагогикалық нәтижеге қол жеткізу болып табылыды.
Кейбір авторлар оқытудың кешенді құралын
мультимадиалық ақпараттық
құралдарды кешенді қолдану әдісі ретінде қарастырады. Оқытудың кешенді
құралы оқытудың ақпараттық білім беру ортасын қалыптастырады және білім
алушылардың ойлау іс-қимыл әрекеттерін басқарады. Сондықтан оқытудың
кешенді құралы кейбір дәрежеде білім берудің бағдарламашысы ретінде көрініс
табады.
Білім беру мазмұныны құрылымдау үшін дәстүрлі жолмен қолданылатын
білім берудің кешенді түрі лекция (дәріс), семинар, практикалық және
зертханалық сабақтар педагогикалық іс-тәжірибенің жиынтығы болып
табылады. Бұл жағдайда дәріс, семинар, практикалық және зертханалық
сабақтар барасында падагогиканы білім берудің циклдік жүйесі құрастырылады
және академиялық сабақтар мен педагогикалық
іс-тәжірибе арасындағы
органикалық байланысқа да қол жеткізуге болады. Педагогикалық білім беруді
осылайша ұйымдастырумен теория алда және одан әрі білім алушылардың іс-
тәжірибелік жұмыстарын сүймелдеуде, әрбір мәселені зерттеу білім беру
үдерісін ұйымдастырудың әртүрлі қалыптарын қолдану арқылы кешенді түрде
жүзеге асырылады. Мысалы, ақпараттық коммуникациялық технологиялар
пәнінде белгілі бір тақырып лекция сабағында теориялық түрде жан жақты
талқыланып айтылса, ал зертханалық сабақ барысында сол тақырыпта
қарастырылатын мәселе, тапсырмалар компьютер арқылы іс-тәжірибеде
қолданып, нәтиже алу арқылы алынған теориялық білімді толықтырады.
Игерілген білімді практикада қолданудың күрделілігі педагогикалық
шындықтың әртүрлі болуында және білім алушыларға білім алудың нақты
жағдайларында педагогикалық заңдылықтардың
жалпы көрінісін көру қиынға
соғады. Сондықтан да педагогикалық теорияны практикалық іс-әрекет
құралына айналдыру үшін кешенді білім берудің маңызы үлкен. Кешенді
педагогикалық білім беру дегеніміз - білім алушылардың педагогикалық
550
дағдыларын игеруге, педагогикалық қабілеттерін дамытуға, қорытынды және
ішінара бақылау кезеңдерін құруға арналған жаттығулар жүйесі.
Кешенділіктің белгілерінің бірі – табиғатты ғылыми танымның әдістері
мен оқу міндеттерінің белгілі бір орнын пәндік білім мен дағдыны
жалпылайтын білім мазмұнының синтетикалық сипатының болуы. Мысалы,
ақпараттық коммуникациялық технологиялар пәніндегі бағдарламада жалпы
ғылыми тілдік дағдылар мен
ақпараттық дағдыларды дамытуға, жалпы
тапсырмаларды талдауға, берілген материалды ауызша, жазбаша немесе
электронды сәйкестендіретін құралдар арқылы түсіндіру, баяндау, негізгі
ережелерді жинақтау, конспектілеу, практикалық амалдар жасап зертханалық
жұмыстардың нәтижесін алу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: