Бұдан басқа ұлттық ділдің негізін құрайтын мынадай ұлттық құндылықтар
бар:
*
тәуелсіздік,
*
бейбітшілік,
*
теңдікке негізделген
әділеттілік құндылығы,
*байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау,
*онымен тығыз байланысты бар нәрсеге
қанағат ету,
*ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау,
*ерлікті, батырлықты қасиет тұту,
өмірді бағалау,
*руханилықты жоғары қою,
*ертеңгі күнмен емес бүгінгі күннің бағасын түсіне, сезіне отырып өмір сүру,
*қиналғандарға риясыз қол үшін беру, ата-ананы, үлкендерді сыйлау, құрметтеу.
Қазақ менталитеті (ділі)
еуропалықтар
шеңберіне
сыймайды. Қазақ жері қандай
кең болса, оның менталитеті де
сондай мол, рухани жағынан
өте бай. Оны еуропалық
қалыпқа салып қарауға
болмайды. Оның өркениеті де,
өлшемдік түсінігі де басқа.
Досмұхамбет Кішібеков.