В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет97/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. Оттек-доғалы және ауа-доғалы кесу ерекшеліктері қандай? 
2. Металдарды су астында доғалық кесудің ерекшеліктері
қандай? 
3. Плазма кесудің мәні неде? 
4. Қандай орталарда плазмалық кесу орын алады? 
5. Кесетін плазмотрондық конструкциялардың негізгі
элементтері қандай? 
6. Плазма кесу ерекшелігі қандай? 
7. Плазма кесу үшін қандай материалдар қолданылады? 
185


7-ТАРАУ
 
Жанар газдың жану үдерісі жағдайға байланысты белгілі 
температурада тұтанудан басталады. Жанғаннан кейін әрі қарай 
егер жану кезінде бөлінетін жылу жанар қоспасының жаңа 
бөліктерінің жануына және қоршаған ортаға бөлінген жылудың 
орнын толтыруға жеткілікті болса, сыртқы көзден газдың қызуы 
талап етілмейді.
Ацетиленді оттегі пісіру жалыны ацетиленнің тұтану 
реакциясына байланысты (7.1-сурет). 
Пісіру жалыны үш аймаққа бөлінеді: 1-ядро, 2-орташа аймақ 
және 3- алау
.
Жалынның 1-ядроның ішінде мүштіктен келетін газ қоспасы 
бірте-бірте қызып, тұтану температурасына дейін жетеді.
Жалынның ядросында жанарғыға берілетін ауа болғандықтан 
ацетиленнің жылулық ыдырауы орын алады. Жалын ядросында 
ацетиленнің ыдырау реакциясы төмендегідей болады:
ГАЗБЕН ПІСІРУ МЕН КЕСУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАСЫ
ПІСІРУ ЖАЛЫНЫ
С
2
Н
2
+ О
2
= 2С + Н
2
+ О
:

(7.1) 
1 8 6
 


1 8 7
7.1-сурет. Қалыпты (а), тотықтандыратын – оттегі шығынымен (б) және 
көміртектендіру – ацетилен шығынымен (в) пісіру жалындарының құрылымы: 
1
— ядро; 
2
— орташа аймақ; 
3
— алау 
Жалынның 2-орташа аймағында газ қоспасындағы оттегімен көміртек 
толық емес тотықтырылады, ол төмендегідей жазылады: 
2С + Н
2
+ О
2
= 2СО + Н
2
(7.2) 
Аталған реакция нәтижесінде бөлінетін жылу қоспаның қызуына 
және ондағы тотықтандырғыш үдерістерінің жеделдетілуіне себеп 
болады. 7.2.-суретте көріп отырғанымыздай, жалынның 2-аймағы ең 
жоғары температурамен сипатталса, 3-алауында ауадан берілетін 
оттегімен өзара әрекеттесу кезінде сутек және көміртек тотығы
жанып аяқталады: 
2СО + Н
2
+ 1,5О
2
= 2СО
2
+ Н
2
О 
(7.3) 
Соған қарамастан, көп мөлшерде жылу бөлінеді. Алайда, 3-алау 
аймағының көлемі үлкен болғандықтан, ондағы температура 2-
аймаққа қарағанда төмен.
Қалыпты жалын
және ацетиленнің толық жануын түзу үшін 
(7.1,а-суретін қара) оның әрбір көлеміне жанарғыға соғұрлым оттегі 
беру қажет, яғни р = У
к

а
= 1. 
р =1,1-1,3 болған кезде қалыпты жалын пайда болады. Бұл 
қатынасты көбейткен кезде (Р > 1,3) жалын тотықтандырғыш 
сипатқа ие болады (тотықтандырғыш жалын), өйткені оның 
құрамында металды тотықтандыратын артық ауа болмайды. Бұл 
жағдайда жалын ядросы қысқарып, анық емес көріністегі 
сүйірленген (7.1,б-суретін қара) түрге айналып, солғынданып, 
көгілдір түске енеді.
Келіп тұрған ауа мөлшерін азайтқан кезде (ацетилен шығыны) 
көміртектендіретін жалын
пайда болады ( 7.1, в-суретін қара). 


7.2-сурет. Ацетиленді оттекті жалынның І осі бойынша Т температурасын бөлу: 
1
— ядро; 
2
— орташа аймақ; 
3
— алау 
Орташа аймақ көлемі үлкейіп, ядро көмескіленіп, оның артынан 
жасыл түсті «ацетиленді қауырсын» пайда болады. Ацетилен 
шығыны айтарлықтай жеткілікті болса, көміртек бөлшектері 
сыртқы аймақтарда да пайда болып, жалын тотықтандырғыш 
жалынға айналып, ұзарады және қызыл түске енеді.
7.3-суретте жалынның ең жоғары температурасының газ 
қоспасының құрамына тәуелделігі көрсетілген

г, °с 
3500 
3400 
3300 
3200 
3100 
3000 
2800 
2600 
40 
50 
60 
70 
0
2
, % 
7.3-сурет. Жалынның ең жоғары температурасының Т газ қоспасының құрамына 
тәуелділігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет