440
480
520
560
w,
м/с
Қалыңдығы 5-8 мм
болат прокат, 392-1176 кПа (3.92-11.76 кгс /
см
2
) кескіштің алдында кесетін оттегіқысымымен өңделеді.
Қалыңдығы үлкен (300 мм-нен астам) болат құймалары мен
соғылмаларын кесу үшін шүмектерінде кесетін оттегіге арналған
цилиндр түріндегі шүмекті пайдалана отырып, қысымы төмен (392
кПа дейін) оттегі қолданылады.
Кесу ағынының маңызды параметрі - оның шүмектен шығу
жылдамдығы. Оттегімен кесу барысында
оттегі ағымы ең жоғары
жылдамдықпен шықаны дұрыс, сонымен қатар, шүмектің кесігінен
шығатын ағынның статикалық қысымы атмосфералық қысымнан
ерекшеленбеуі керек.
Кесетін оттегі ағынының жылдамдығының жоғарылауы сұйық
металл үлпектеріне динамикалық
әсер ету деңгейін арттырып,
бірдей жағдайларда металдарды оттегімен кесу жылдамдығын
арттыруды қамтамасыз етеді (7.4-сурет). Демек, кесу үшін жоғары
қысымды оттегіні қолдану қажет.
Металды тотықтыруға берілетін белгілі
мөлшердегі оттегіден
басқа кесу аймағына сұйық қоқыс кесіктерінің саңылауларынан
үрлеу үшін оттегі қажет. Оттегімен кесу тәжірибесі көрсеткендей,
оттегінің қолданылу коэффициенті,
негізінен, кесік бетінің
сапасына және металдың қалыңдығына қойылатын талаптармен
анықталады.
Оттегіні пайдалану коэффициенті металды 5-10
мм қалыңдықта
кесу кезінде ең аз мәні (0,2-0,4) болады, металл қалыңдығы 100 мм-
ге көбейген уақытта, шамамен, 2 есеге өседі және әрі қарай азғана
өзгеріп отырады.
7.4-сурет. Кесу жылдамдығының болаттың қалыңдығы 20 мм (7) және 100 мм
болған жағдайда оттегі ағымының жылдамдығына тәуелділігі
Достарыңызбен бөлісу: