21
2020 жылғы зерттеу нәтижелері 2008 жылғы зерттеумен
салыстырған кезде егде
жастағы адамдардың материалдық жағдайларының жақсарғандығын көрсетеді, бұл жайлы
зерттеуге қатысушылардың өздерінің бағалауларынан көруге болады (сурет 7). «Мен өзімді
ештеңеден шектемеймін» деп жауап бергендер саны 2,7 есе артқан (8%-дан 21,9%-ға дейін).
Сонымен қоса, «Күнделікті шығынға ақша жетеді, бірақ ұзақ қолдануға арналған заттарды
сатып алуға (ірі тұрмыстық техника, қымбат киім, автокөлік, жиһаз) ақша жеткіліксіз» 11%-
ға артқан, ол дегеніміз 35%-дан 45,8%-ға дейін артқан. Осыған сай, «Ақша тек тамақ сатып
алуға жетеді» деп жауап бергендер саны азайған (28%-дан 13,3%-ға дейін, ол дегеніміз 1,3
есе) және «Ақша зейнетақыдан зейнетақыға дейін әрең жетеді» (1,65 есе - 22%-дан 13,3%-
ға дейін кеміген). Қаржылай қиын жағдайда тұрған қарт адамдардың
сандық көрсеткіші
өзгермеген, ол дегеніміз бұрынғыдай 7%-ды
көрсетіп тұр, сонда 7% егде,
қарт жастағы
адамдар өздеріне өте қажетті
заттарды сатып ала алмай,
қиын материалдық жағдайды
өткеріп жатқандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: