22
қиын қаржылық жағдайдағы қарттардың үлесі Маңғыстауда (32%), Батыс Қазақстанда
(33,3%), Солтүстік Қазақстанда ( 26%), Атырау (26%) және Қостанай (25%) облыстары.
Сондай-ақ, материалдық қиындықтарды өткеріп жатқан жесірлердің саны (23%) және
некеде тұрмағандар саны (24%). Осылайша, егде жастағы адамдардың қаржылық жағдайы
олардың тұрып жатқан жердің географиялық ерекшелігі
мен отбасылық жағдайға
байланысты ерекшеленеді.
2008 жылы келесі көрсеткіштер анықталған: осындай респонденттер саны Астана
мен Алматы қалаларында көп (39%) және Солтүстік- Шығыс Қазақстан аймақтарында
(36%), сонымен қоса жалғызбасты зейнеткерлер арасында (39%) жиі кездеседі.
2020 жылғы зерттеу бойынша қарттардың шаруашылықтарындағы
материалдық
жағдайларының қалай екендігін анықтау үшін «Отбасының барлық мүшелері мен
шаруашылығыңыздан
түсетін
қаржыларды
қоса
есептеген
кезде,
сіздің
шаруашылығыңыздың мына заттарды... сатып алу мен қолдануға ақшаларыңыз жетеді
ме?», осы сұрақтан кейін төменде әртүрлі нұсқалар көрсетіледі, ал осы сұрақтың нәтижесі
4 кестеде көрсетіледі. Кестедегі ақпараттар «Иә» жауабы бойынша рангілік кему деңгейі
бойынша көрсетіледі. Жауаптар қарт адамдардың көпшілігінің үйінде
коммуналдық
қызметтерге ақы төлеуге, жақсы тамақтануға, киім-кешек
пен дәрі-дәрмектерді қажет
болған жағдайда алуға болатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу барысында
анықталғаны әрбір бесінші (20%) егде жастағы адам
коммуналды қызметтерді төлеуге,
жақсы тамақтану мен басқа да шығындарды төлеуді есепке алмаған кезде төлеу мен
қолдауға ақшалары жетпейтіндігі мен материалдық қиындықтарды сезінетіндіктерін
айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: