86
Қанда глюкоза деңгейінің
созылмалы жоғары болуы, әртүрлі
органдар мен олардың жүйелерін – әсіресе көру, жүйке, зәр шығару
және
жүрек-қан
тамырларының
дисфункциясына
және
зақымдануына әкеледі. ҚД-нің этиологиясына байланысты төрт
негізгі клиникалық түрлері анықталған ҚД1.,ҚД2., ҚД3., ҚД4.
ҚД1-ші түрінде β – клеткалар бұзылады, ережеге сай
инсулиннің абсолютты жетіспеушілігі байқалады.
ҚД2-ші түрі инсулинге резистенттіліктің болуы және де
жеткіліксіз секрециялануы мүмкін. ҚД3-ші түрі
гестациялық деп
аталады. ҚД4 – ші басқа спецификалы түрлері (β-клеткалар
қызметіндегі генетикалық ақаулары). [24].
Қант диабеті
- инсулиннің жетіспеушілігінен пайда болады.
Қант диабеті кезінде организмде глюконеогенез, гликогенолиз
процестері басымдау жүреді. Гликогеногенез мүлдем жүрмейді
және глюкозаның ыдырауы мүлдем тоқталады. Сол себепті, қанның
құрамында глюкозаның мөлшері жоғарылайды, бұл жағдай
гипергликемияға
әкеледі, нәтежесінде ол зәрге өтеді.
Қантты
диабет кезінде мембрананың өткізгіштігі төмендейді, яғни глюкоза
клетканың ішіне өте алмайды. Глюконеогенез процесінің басымдау
жүру себебі, сол процеске қатысатын ферменттердің синтезі
жоғарылайды. Организмге инсулинді
егу арқылы метаболиттік
өзгерістер реттеледі. Глюкоза үшін мембрананың өткізгіштігі
артады, глюконеогенез және гликогенолиз процестері қалыпты
жағдайда жүретін мөлшерге сәйкестенеді. Инсулин генетикалық
тұрғыда: гексокиназа, фосфофруктокиназа
және пируваткиназа
синтезін қадағалайды. Бұл ферменттер синтезінің индукторлары
кортикостероидтар болып табылады.Қантты диабет кезіндегі
гипергликемияның пайда болуы, көбінесе орталық жүйке жүйесі
импульстерының
хеморецепторлық
клеткаларының
қозуына
байланысты деп есептеуге болады.
Гипофизарлы ауруларда, бүйрек
асты безінің милы
қабатындағы
ісік
ауруы
кезінде,
қалқанша
безінің
гиперфункциясында, бауыр аурулары, мидың қан айналымы
бұзылуы және ОЖЖ органикалық зақымдалулары кезінде
гипергликемия пайда болады. Бауыр негізінен, глюкозаның тұрақты
мөлшерін
сақтайтындықтан,
оның
қызметінің
бұзылуы
гипергликемияға әкеледі. Қант диабеті
кезінде клеткада кетон
денелері көбейеді, яғни олардың мөлшері шектен тыс артып кетеді.
Кетон денелерінің көбейіп кету салдарынан зәрде (ацетон) пайда
87
болады. Зәрде кетон денелері пайда болуы
Достарыңызбен бөлісу: