84
Лактозаның метаболизмі.
Сүт
тағамдарында кездесетін
дисахарид - лактоза гидролизденгенде глюкоза мен галактозаға
ыдырайды. Лактоза сүтқоректілерде лактация кезеңінде сүт
бездерінің секторлы клеткаларымен синтезделеді. Сүт құрамында
лактозаның мөлшері 2 % - 6 %- ды құрайды,сондықтан, сүт және сүт
өнімдері лактозаның көзі болып табылады.
Лактозаның синтезі
лактозосинтетаза ферментінің қатысуымен жүреді. (УДФ-
галактозо-глюкозо-галактозил-трансфераза.
Галактозаны
УДФ-
галактозадан глюкозаның молекуласына ауыстырады, сонда УДФ
босап шығады. Бұл фермент (А және В деп аталатын) екі
протеиннен құралған. Протеин-А β-Д-галактозилтрансфераза болып
табылады және көптеген тіндерде кездеседі.
Протеин В тек, сүт
бездерінде болады. Бұл фермент-лактальбумин деп аталады, көп
мөлшерде сүт құрамында болады. Жүкті әйелдердің сүт бездерінде
N-ацетиллактозамин синтезделеді. Жүктілік кезінде прогестерон
протеин В-ның синтезін ингибирлейді.
Босанғаннан кейін
лактальбуминнің синтезін стимульдейтін пролатиннің түзілуі және
прогестеронның деңгейі едәуір төмендейді. Осының салдарынан
протеин В, протеин А-мен комплекс түзеді. Комплекстің түзілуі осы
ферменттердің спецификалы қасиеттерін өзгертіп,
лактозаның
түзілуіне септігін тигізеді. Лактозаның ішекте қорытылуының
бұзылысы тұқым қуалайтын, жүре пайда болған деп екіге бөлінеді.
Лактаза
ферментінің тұқым қуалаушылық тапшылығы сирек
кездеседі. Сүт
ішкеннен кейін құсу, диарея, түйілу, іш ауруы,
метеоризм орын алады. Белгілері нәресте туыла салысымен көріне
бастайды. Патологияның екінші түрі
онтогенез барысында осы
ферментке жауапты ген экспрессиясының жасқа байланысты
төмендеуі себеп болады. Ересек балаларда және үлкен жастағылар
арасында
кездеседі, себебі жасқа байланысты лактозаның мөлшері
азаяды. Сонымен қатар, лактаза азаюының
екіншілік сипаты ішек
аурулары, асқорыту жолдарына ота жасалғанда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: