Қазақстан республикасы ауыл



Pdf көрінісі
бет94/164
Дата04.11.2023
өлшемі5,46 Mb.
#189541
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   164
Байланысты:
СЧ 2023 том 1 часть 2

Список литературы
1 Омаркожаулы Н., Абдрахманов С. Кормление животных и контроль качества 
кормов[Текст]. - Алматы, Лантар Трейд, 2018.- 217 с.
2 Omarkozhauly N. The problem of the nutritiousness forages estimation // «Science 
ReviewKATUSeifullin», 2011, № 1 (7), 31-34 s.
3 Connor E. E., J. L. Hutchison, C. P. Van Tassell, and J. B. Cole. 2019. Defining the optimal 
period length and stage of growth or lactation to estimate residual feed intake in dairy cows. J. 
DairySci. 102:6131-6143.]


200
4 Кожебаев Б., Омаркожаулы Н., Родионов Г., Юлдашбаев Ю. Технологические 
и производственные методы контроля и управления получением молока высокого 
качества[Текст] / Монография. - Семей, «Интеллект», 2016.- 130 с..
5 Шобель П. Инновационные ингредиенты в кормлении молочного скота[Текст] // 
Мат. м/н. н/п. конф. «Животноводство Казахстана от традиции предков до современных 
тезнологий».- Алматы, 2021.- 36-39 с.
6 Кожебаев Б.Ж.Научно-практическое обоснование применения цеолитов в кормле-
ниия крупного рогатого скота и маралов[Текст] / Докторская дисс..- Алматы, 2010.- 210с.
7 Connor, E. E. Defining the optimal period length and stage of growth or lactation to 
estimate residual feed intake in dairy cows[Техт] / Connor, E. E., J. L. Hutchison, C. P. Van 
Tassell, and J. B. Cole. // J. DairySci.-2019 -102-Р.- 6131-6143.
ӘОЖ 636 
СҮТ КЕЗЕҢІНДЕГІ БҰЗАУЛАРДЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Каменов М., докторант
Шайкенова Қ.Х., а.ш.ғ.к., доцент
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
 Астана қ.
Жас төлдерді өсіру мал шаруашылығының және оны жетілдірудің маңызды буы-
ны болып табылады, сондықтан ірі қара малдың өнімділігінің сандық және сапалық 
көрсеткіштерін арттырудағы маңызды міндеттердің бірі - сүт кезеңіндегі бұзаулардың 
рационындағы құрама жемдердің олардың өсуі мен дамуына әсері туралы зерттеулер 
жүргізілді.
Өмірлерінің алғашқы күндері мен апталарында бұзауларды дұрыс азықтандыру 
олардың толық өсуі мен дамуына кепілдік беретін негізгі факторлардың бірі болып та-
былады. Болашақта тек денсаулығы мықты және денсаулығы сау бұзаулар ғана жоғары 
өнімді сиыр бола алады. 
Мұны ғылыми зерттеулердің нәтижелері және тиімді мал шаруашылығын жүргізу 
тәжірибесі де растайды. Рационда кем дегенде бір қоректік заттың жетіспеушілігі 
мүшелердің өсу қарқыны мен тіндердің жоғары дамуының бұзылуын тудырады, бұл 
бұзаудың өміршеңдігі мен ауруларға төзімділігін төмендетеді [1].
Бұзаудың денсаулығы оның сүт және сүт алмастырғыштарымен ұзақ уақыт 
азықтандыру арқылы тез өсуіне қарағанда әлдеқайда маңызды. Шындығында, жыл-
дам өсуге сұйық диета арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Бұлшықет пен май тіндерінің 
өсуі сүттен кейінгі кезеңде айтарлықтай жоғары жылдамдықпен көрінеді. Сондықтан, 
төртінші күні сұйық азықтан басқа, бұзауға асқазанның тез дамуы үшін қатты азық 
(негізінен концентраттар) беру керек [2,3].
Азық дайындаудың тағы бір тиімді әдісі - экструдтау. Қысқа уақыт ішінде 5-7 се-
кундта астық азығына жоғары температура (120-180 °C) және қысым (25-50 атм.), бұл 
оны толығымен дезинфекциялауға мүмкіндік береді[4]. Жолақтың жылу әсері экстру-
зия процесінде күшейгендіктен, астықты зарарсыздандыру (яғни арпа, жүгері, бидай, 
кебек және т.б.) және улы заттарды инактивациялау болуы мүмкін[5]. Өңдеудің жоғары 
параметрлерінің астыққа әсері қысқа мерзімді болғандықтан, қоректік заттар, соның 
ішінде дәрумендер сақталады, ал патогендік микрофлора мен зеңдер жойылады. Мұндай 
өңдеу нәтижесінде дайын азықтың дәмі жақсарады [6].


201
Зерттеу материалдары мен әдістері
Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2021-2022 жылдар аралығында «Айна» ЖШС аумағында 
жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде шаруашылықтағы голштин тұқымды сиырларының 
бұзаулары іріктелініп, барлығы 30 бас бұзау тәжірибеге алынды. Тәжірибеге алынған
бұзаулардан қос-аналогтық әдіс бойынша іріктелініп 3 топ құрылды. 3 топтың бұзауларына 
бірдей азықтандыру және күтіпбағу жағдайлары жасалды. Зерттеу барысында барлық 
зоотехникалық нормалар қатаң сақталды.
Зерттеу жұмыстары BR10764965 «Қазақстаның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары 
үшін бейімделген ресурс-энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды 
қолдану негізінде сүтті ірі қара мал шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру 
және көбейту технологияларын жасау» көп жылдық жобасы аясында жүргізілді.
1 - сұлба. Ғылыми-тәжірибелік зерттеу сұлбасы
1 сұлбада көрсетілген тәжірибе сызбасы бойынша бақылау тобындағы бұзауларға 
жаңа туғаннан бастап 3-ші күнге дейін уыз беріліп, 4 күннен 75 күн аралығында сүт 
берілді. I тәжірибиелік топ бұзаулардын азықтандыру сызбасы 3 күн уыз мерзімі, одан 
кейін 4 – 75 күн аралығында сүт алмастырғыш (ЗЦМ) және еркін түрде бастапқы жем 
(стартовые корма) беріледі. Ал II тәжірибиелік топ бұзауларына 3 күн уыз және 4-75 
күн тәулігіне 4 л сүт алмастырғыш (ЗЦМ) беріліп, қосымша еркін түрде экструдталған 
азықпен азықтандырылды.
Өзіндік зерттеу нәтижелері
Қан метаболизм процестерінде маңызды рөл атқарады және әртүрлі факторлардың 
әсерінен бұзылулардың организмде болатын ең кішкентай өзгерістерді көрсетеді. Оның 
ішінде, азықтандыру деңгейінің өзгеруі немесе рационға жаңа азықтық қоспаны енгізу 
қанның биохимиялық құрамындағы теріс немесе оң өзгерістерге әкелуі мүмкін, бұл 
оның трофикалық функцияларының ауырлығын анықтайды, газ алмасу қарқындылығы 
және басқа да қасиеттерді. Зерттеу барысында, таңертең азықтандырар алдында 3 топтың 
бұзауларынан алынған тұтас қандағы: гемоглобин саны, эритроциттер, лейкоциттер және 
т.б. көрсеткіштері анықталды (1-кесте).
1 - кесте. Тәжірибеге алынған 6 айлық жастағы бұзаулардың гематологиялық 
көрсеткіштері

Көрсеткіштер
Норма
бойынша
Бақылау
тобы
I тәжірибелік 
топ
II тәжірибелік 
топ
1 Лейкоцит, 109/L
5-16
8,50±0,97
8,82±2,70
7,00±2,82
2 Лимфоцит, 109/L
1,5-9
5,71±1,95
4,93±2,74
5,9±2,4
3 Эозинофил, 109/L
0,3-1,6
0,39±0,26
0,67±0,49
0,68±0,50


202
4 Гранулоцит, 109/L
2,3-9,1
2,24±0,67
2,77±2,04
2,4±0,9
5 Гемоглобин, g/L
90-139
91,30±4,92
90,70±7,63
110,2±7,7
6 Эритроцит, 12/L
5-10
5,78±1,41
6,75±1,13
7,1±0,9
7 Тромбоцит, 9/L
120-820
430,20±338,12 589,00±240,44
492,30±237,95
8 Лимфоцит, %
20-60
56,89±11,99
53,49±27,08
54,10 26,76
9 Эозинофил, %
4-12,1
8,45±2,37
7,91±2,67
8,14 3,25
10 Гранулоцит, %
30-65
34,27±1046
37,37±20,76
32,30 20,90
11 Эритроциттің орташа 
көлемі
38-53
37,99±2,77
34,24±3,27
34,68±3,77
1-кестеде көрсетілген нәтижелерге сәйкес, қан құрамындағы эритроцит, лейкоцит, 
лимфоцит және тромбоциттің т.б. мөлшері үш топтың бұзауларында негізгі норма-
нын шегінде орналасқан. Бақылау тобымен және І тәжірибелік топтармен салыстыра-
тын болсақ, ІІ тәжірибелік топтағы эритроцит мөлшері 18,6% және 4,9% артық екені 
байқалды. Гемоглобин мөлшері екі топқа қарағанда 17,2% және 17,7% жоғары болды. 
Ал, лейкоцит мөлшері бақылау тобында 8,50±0,97 х 109/ L және І тәжірибелік 8,82±2,70 
х 109/ L көрсетсе, сәйкесінше ІІ тәжірибелік топта 7,00±2,82 х 109/ L көрсетті. Тромбо-
цит мөлшері бойынша бақылау тобында 430,20±338,12 х 9/L болса, І тәжірибелік топта 
589,00±240,44 х 9/L және ІІ тәжірибелік топтағы 492,30±237,95 х 9/L яғни, бақылау тобы-
на қарағанда 13% жоғары, ал І тәжірибелік топпен салыстырса 19% төмен болды.
Қорытынды
Зерттеу «Айна» ЖШС аумағында жүргізілді, яғни 6 айға толған жас бұзаулардан 
таңертең азықтандырар алдында 3 топтан қан сынамасы алынды. 
Шаруашылықтан алынған қан сынамалары бойынша гемоглобин саны, эритроцит-
тер, лейкоциттер, тромбоциттер және т.б. көрсеткіштері Астана қаласындағы «Зоосфе-
ра» ветеринариялық лабараториясында анықталды.
Тәжірибеге алынған бұзаулардың организміне әр түрлі факторлардың әсерінен яғни, 
күтіп-бағу жағдайы және берілген азық түрлерінің өзгеруі қанның биохимиялық құрамын 
өзгеріске әкелді. ІІ тәжірибелік топтағы эритроцит мөлшері екі топпен салыстырғанда 
18,6% және 4,9% және гемоглобин мөлшері 17,2% және 17,7% жоғары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет