10
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын
бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам болғаны
қолайлы болмақ). Бұл топтың құрамына басшылық
өкілі мен бай
тәжірибесі бар мұғалім қатысса, Lesson
Study тиімді болады.
Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде
өздерін сырттан қатаң
бақылауға алынғандай сезім
тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік
беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс
өткізіңіз.
Lesson Study
барысында топтың барлық
мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең
болады.
Белгілі бір мектептің,
сыныптың немесе белгілі
бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде
қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық
жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану
қағидаттары.
Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда
Lesson Study-дің
жалпы
нысандарын пайдаланыңыз
(үлгілері осы кітапшада берілген).
Бірінші
Lesson Study-ді
жоспарлау үшін
мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде бір
сағат).
Lesson Study
кезінде
олардың уақытын бағалаңыз
және
Lesson Study
аяқталғаннан кейін бірден немесе көп
уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс барысына белсенді түрде қызығушылық
танытыңыз.
Lesson Study-ді
жүргізетін
топқа өз нәтижелерін
әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік
ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.).
Топтың бұл мүшелерін келесі
Lesson Study-ді
өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық
ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: