177
әдетте, сыпайылықпен байланысты. Сыпайылық категориясын тыңдау
-
шыларға ғана қатысты түсінуге болмайды. Сыпайылық сөйлеушінің,
ең бірінші, өзіне қатысты. Адамның білімі, мәдениет деңгейі,
қызмет
дәрежесі,
өзіне, өз әрекетіне баға беруге, өзін сыйлай білуге, өзге де
әрекет түрлерін сол түсінік ұғымдарға иек арта отырып жүзеге асыруға
итереді. Адам,
белгілі бір қарым
-
қатынасқа түсуші адам, сөйлеу
жағдайына, өз мақсатына қарай тіл бірліктерін таңдайды. Бірақ бұл
процесс оның өз санасында қалыптасқан «өзіне берілетін баға» тұрғы
-
сынан іріктеліп, «сүзгіден» өтеді. Сұраулы
сөйлемдердің өтінішті
білдіруші қызметтері, нақтылау мәнді хабарлы сөйлемдердің қарсы
-
лықты, мақұлдауды білдіруі және т.б. –
сол өзіне және өзгеге қоятын
сыпайылықтан туған қажеттіліктер», –
деп жазады [
99, 150].
Нақтылау
мәнді
-
қой/ғой
демеуліктері тіркескен сөздеріне нақты
-
лау, тұжырымдау мағынасын үстеумен қатар сөйлеушінің айтылып
отырған іс
-
әрекетке, құбылысқа деген бағасын,
көзқарасын, эмоция
-
сын да білдіреді. Мысалы,
Көкбайдың машинаны қалай айдайтыны
белгілі
ғой
(С. Мұратбеков)
деген сөйлемдегі
ғой
демеулігі
айтушы
-
ның бұрыннан белгілі әдетті, іс
-
әрекетті нақтылап, тұжырымдауымен
қатар, бұл іс
-
әрекетті оның жақтыртпай отырғандығын да, оған деген
өзінің жағымсыз бағасын да білдіріп тұр.
Ақбілек өзгеше еді
ғой
(Ж. Аймауытов)
деген сөйлемде ғой демеу
-
лігі арқылы Ақбілекке деген жағымды баға, жағымды эмоция, аңсау,
сағыну, тамсану, еске алу реңтері берілген.
Достарыңызбен бөлісу: