Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет77/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

жүрегі ұшты, 
зәресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, 
көзі алақандай болы, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне 
кетті,
жаны мұрнының ұшына келді,
деген фразеологизмдерді, ал 
біреудің қатты таң қалғандығын 
аузын ашып, көзін жұмды

рахаттанғанын
 
айызы қанды,
қуанғанын
 
екі езуі екі құлағына жетті, 
жерден жеті қоян тапқандай болды, 
құмартқанын 
аузының суы 
құрыды,
аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды
, ұялғанын 
кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, беті күйді, бетінен 
оты шықты,
құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, 
жер шұқыды, 
үрейленгенін
 
төбе шашы тік тұрды, 
өкінгенін
 
санын 
соғып қалды 
фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы 
ана тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк 
жасаудағы орамдылығын көрсетеді. Фразеологизмдер сөйлем ішінде 
қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсе
-
туге қызмет етеді. Мысалы, 
қуанды 
деген сөз бен 
екі езуі екі құлағына 
жетті
фразеологизмінің, 
қорықты 
деген сөз бен 
жүрегі тас төбе
-
сіне шықты
фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік бол
-
ғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды себебі 
қуанды, 
қорықты
сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ.
Бұл жөнінде І. Кеңесбаев өз ойын былай тұжырымдайды: «Жеке сөз 
өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті 
емес (басқаша айтқанда, сөздің бұл жерде факультатив қабілеті бар да, 
бірақ оның әрдәйім сырттай көрінуі басты шарт емес). Ал фразео
-
логизмнің бейнелі (дәлірек айтқанда, туынды) мағынада жұмсалуы –
өн бойы кездесер қағида. ФЕ (ф. түйдек те, ф. тіркес те) т у ы н д ы
мағынаны білдіреді де, сөз т ү б і р мағынаны білдіреді. Осыдан 
шығатын тағы бір түйін: ФЕ мен сөз бір
-
біріне баламалық байланыста 
емес, жанамалық қатынаста болады деген топшылауды қолдаймыз. 
Яғни белгілі бір ФЕ
-
нің ішіндегі сөздердің бірде
-
бірі дербес мағына
-
ның референті бола алмайды. Басқаша айтқанда ФЕ құрамындағы 
белгілі бір компонент дербес мағынаны білдіре алмайды. Ал, жеке сөз 
өзінің референттік қасиетін сақтамауы мүмкін емес. Осыдан келіп, 
біраз ғалымдар ФЕ
-
нің мағынасын фразеологиялық мағына деп, сөз, 
еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына деп атауды лайық көреді

Бұған келтірер үлкен дәлел: ФЕ тікелей мағынада емес, туынды 
мағынада ғана жұмсалады» [5
7, 597]. 
Бұл мәселе туралы С. Сатенова сөз бен оған мағыналас фразеоло
-
гизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразео
-


103 
логизмдердің ойдың астарлы,
бейнелі болуына ықпалын айта келіп: 
«...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет