О. Ж. Таукебаев 1,2, К. Б. Зулпыхаров



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата08.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#190395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1-кесте 
Жамбыл облысы, Талас ауданының су шаруашылық жүйелері

Суару жүйелері (каналдар)
Ұзындығы,
км
Су өткізу қабілеті,
м
3

Суарылатын алқап, 
мың га
Талас өзені бойынша
1
МК Жиембет
5,6 
6,0 
-
2
МХК Узын
7,9 
5,0 
-
3
Абиш
3,5 
0,5 
0,267
4
Левая ветка
16 
1,5 
1,039
5
ПВМК Жиембет
8,3
1,4
0,530
6
Аккум
9,0
1,0
0,527
7
Кокколь
4,0 
0,4
0,210
8
Жамбас
2,0
0,4
0,120
9
Жамбыл
3,0
0,3
0,080
10
Лоток
5,6
0,4
0,227
11
Кыдыр
7,0
2,0
0,243
12
Шаруашылык
15,0
3,0
0,924
13
Казахбай
7,5
2,0
0,448
14
МХК Жумабек
20,0
5,0
0,925
15
МХК Борибай
17,0
6,0
0,350
16
Борибай-2
6,5
0,3
0,206
17
Жадик
3,8
1,0
0,080
18
МК Ойық
5,4
23,0
-
19
ЛВМК
29,5
10,0
4,532
20
ПВМК
1,9
13,0
-
21
МЛР
6,0
13,0
-
22
Бахтымбет
11,0
3,0
0,066
23
Кызылжар
8,0
3,0
0,052
24
ТЛР – 2
2,5
2,0
0,120
Аса өзені бойынша
1
МК Султан
1,0
10,0
-
2
Орта арык
13,6
5,0
0,290
3
Жанатоган
2,3
3,0
0,020
Көктал өзені бойынша
1
МК Кызыл
8,2
25,0
-
2
Маятас
1,8
3,0
-
3
Мечеть
4,0
2,0
-
Тамды өзені бойынша
1
МК Актоган
5,38
6,0
-
2
Кокойык
5,0
2,5
0,201
МК

магистралды канал, МХК
 – 
шаруашылық аралық канал
Ескерту: Суару жүйелерінің (каналдардың) атаулары техникалық төлқұжатына сәйкес берілді.


22
Ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайы және оның суармалы жерлердің динамикасына әсері ...
Біздің есептеуіміз бойынша, Талас ауданын-
дағы суару арналарының жалпы су өтімі 159,7 
м
3
/с құрайды, оның ішінде Талас өзенінің жүйе-
сіне 103,2 м
3
/с немесе 64,7 %, Көкталға – 30 м
3
/с 
немесе 18,8 %, Асаға – 18 м
3
/с немесе 11,2%, 
Тамдыға – 8,5 м
3
/с немесе 5,3 % тиесілі. Осы 
кестенің деректеріне сәйкес, суармалы жерлердің 
негізгі бөлігі Талас алабында орналасқан – 10 
946 гектар, бұл осы арналармен суарылатын 
барлық жерлердің 95,5 % – ын құрайды.
Суармалы алқаптардың едәуір бөлігі ЛВМК 
– 4 532 га, сондай-ақ, 1039 га Левая ветка, 925 га
МХК және 924 га Шаруашылық су жүйелеріне 
тиесілі (каналдары), бұл жалпы Талас ала бын-
дағы суармалы алқаптың шамамен 67,8 %-ын, 
ал суару желісінің су өтімі бойынша-19,5 м
3
/с 
құ райды, немесе Талас өзенінің осы учаскесінің 
суару желілері бойынша барлық су шығынының 
18,8 % – ын құрайды.
Ауданның жер үсті суларының географиясына 
салыстырмалы талдау жасасақ, суару желісінің 
көп бөлігі Талас өзеніне келетінін көрсетеді 
(2-сурет).
Физикалық-географиялық зерттеулерге сәй-
кес, Талас өзені алқабындағы жер ресур сы топы-
рақ тарының қасиеттері мен жер бедері нің ерек-
ше ліктеріне байланысты суару үшін неғұрлым 
жарамды болып табылады. Талас Қырғызстанның 
аумағындағы Қырғыз жотасынан басталады, 
соның салдарынан Талас ауданының басқа 
өзендерімен салыстырғанда су ресурстарымен 
кей кездері мол немесе аз қамтамасыз етілген. 
2-суретте Талас өзенінің суару жүйелерінің көп 
бөлігі, яғни суармалы массивтің көп бөлігі Талас 
өзенінің оң жағалауында орналасқан. Далалық 
зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Та лас 
өзенінің оң жағалауы сол жағалаумен салыс тыр-
ғанда едәуір тегіс, тарихи кезеңдерде жиі тас-
қын сулар жайылғанын көрсетеді. Сондықтан 
да суармалы егіншілікті жүргізу үшін топырақ 
жағдайлары қолайлы болып табылады.
Көктал және Тамды өзендері атмасфералық 
жауын-шашын аз түсетін қаратау жотасынан 
бастау алады, соның салдарынан бұл өзендердің 
ағынды көлемі мардымсыз. Аса өзені бастауын 
Қазақстаннан тыс жерден алады, ал біздің рес-
публикамыздың аумағында өзен транзитті болып 
табылады, іс жүзінде айтарлықтай қоректену 
көздері жоқ. Жоғарыда аталған жағдайларға 
бай ла нысты, Талас өзенімен салыстырғанда Аса 
өзенінен тартылған суару жүйелері саны жағы-
нан да, сулылығы жағынан да аз. 
2-сурет
– Талас ауданы ирригациялық жүйелерінің сұлбасы


23
О.Ж. Таукебаев және т.б.
Талас ауданында 17 суқоймасы бар, оның 
14-і мемлекеттік меншікте, ал 3 жеке меншік 
иелігінде. Осы 14 суқоймасына мемлекеттік 
жер иелену актісі жасалып, олар 2015 жылдан 
бастап аудандық әділет басқармасына тіркелген. 
Соңғы жылдары аудан көлемінде бірнеше 
суқоймасында (5 суқойма) жөндеу жұмыстары 
жүргізіліп, 2016 жылдан бастап барлық су 
қоймаларына су өлшеуіш құрылғыларын орнату 
жоспарланған болатын. Бұдан басқа, аудандағы 
су шаруашылығы мәселелерін шешу бойынша 
бірқатар іс-шаралар атқарылуда. 
Ауданда су пайдаланушыларға ағын су 
жет кізіп беру қызметімен «Қазсушар» РМК 
Жам был филиалының Ақкөл өндірістік 
бөлім ше сі айналысады («Қазсушар» РМК 
Жам был фи лиа лының Ақкөл өндірістік бө-
лімше сі нің мә лі мет тері; Оңтүстік Қазақ стан 
гидро гео ло гия лық-мелиоративтік экспеди-
ция сы, 2018). 
Талас ауданы бойынша коллектор жүйесінде 
іш кі шаруашылық коллекторлар 75,5 км, дренаж 
же лісі 50,9 км, оның ішінде жабық дренаж 50,9 
км құ райды. Бүгінгі күні аудандағы егістік 
жерлердегі жер асты суының деңгейін реттейтін 
коллекторлық жүйелердің техникалық жағдайы 
нашар күйде (2-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет