3-кесте
– Талас ауданы бойынша суармалы егістік жерлерінің суымен қамтамасыз етілуі
Жыл-
дар
Пайдала-нылған
суармалы жер
көлемі, га
Жыл басынан алынған су көлемі,
млн.м
3
Лимит,
млн.м
3
Бөлу нүктесінен берілген су,
млн.м
3
Меншікті
алынған
су,
м
3
/га
жоспар
нақты/%
жоспар
нақты/%
2018
6641
36,418
19,398/53
36,418
17,884
14,229/80
2143
2019
6735
37,39
19,036/51
18,48
16,068/87
2386
Талас ауданы жағдайында тамшылатып
суаруды ұтымды пайдалану үшін егіс дақыл-
дарының құрылымын, ауданның егіс алқапта-
ры на келетін суармалы ылғалдың орташа жыл-
дық мөлшерін, сондай-ақ агроклиматтық ре-
сурс тардың көрсеткіштерін ескеру қажет. Осы
ма қаланың 3-кестесінде көрсетілгендей, келіп
түсетін суармалы ылғалдың мөлшері қажет ті-
ліктен екі есе дерлік аз, мысалы, 2018 жылы
жоспар бойынша берілуі қажет 36,418 млн.
м
3
-тың 53%-ын құрайтын тек 19,398 млн м
3
бе-
ріл се, 2019 жылы 37,39 млн. м
3
-тың 51%-ын құ-
райтын тек 19,036 млн м
3
берілді. 2021 жылы
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан
Нұр жігітовтың (28.11.2021 ж.) ақпаратына сәй-
кес Талас ауданының аумағына вегетациялық
ке зеңде 2500 гектар жерді суаруға жеткілікті
ыл ғал жіберілген. Аудан аумағына суармалы
су дың жоспарланған мөлшерін алу іс жүзінде
мүмкін емес деп болжауға болады, сондықтан
там шылатып суаруды енгізу ауданның өсімдік
шаруашылығын дамытудың басты шешімдерінің
бірі болып табылады. Жоғарыда айтылғандай,
бұл бағыттағы тәжірибелер бар.
Мал шаруашылығына маманданған Түркіс-
тан және Алматы облыстары бойынша (Rau,
2016; Анзельм, 2018) тамшылатып суаруды
пай далану тәжірибесін ескере отырып, аудан
ау ма ғында астықтық және сүрлемдік жүгеріні,
сон дай-ақ жемшөп дақылдарын өсіруді дамыту
қажет. Алматы облысының Талғар ауданындағы
жүгеріні тамшылатып суару әдісін қолдану тә-
жірибесі бойынша, суармалы кезеңдегі жүгері
дақылының 1 гектарына суармалы судың шы-
ғы ны 4300 м
3
, өнімділігі 82,4 ц/га құрайды, ал
борозды суару кезінде шығын 1 гектарға 5350-
ден 9800 м3-ге дейін, ал өнімділік 41,2 ц/га
құрайды (Rau, 2016; Анзельм, 2018).
Соған сәйкес тамшылатып суаруды ұйым-
дастыру құны сорғыларды есептемегенде 1000-
нан 4480 АҚШ долларына дейін (2018 жылғы
деректер) құрайды. Үлкен баға диапазоны жет-
кі зушілермен байланысты, сонымен қатар из-
раильдік және еуропалық жүйелер қымбатырақ
болып келеді.
Бұл бағытта фермерлік және шаруа қожа лық-
тары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,
«Бекен» шаруа қожалығының, Түркістан, Алма-
ты облыстарындағы жұмыс тәжірибелерін кеңі-
нен тарату қажет.
Облыстық бюджеттің «Ерекше апатты гидро-
мелиоративтік жүйелер мен су шаруашылық
құрылымдарын қалпына келтіру» 004 бағ дар-
ламасы бойынша қаржы бөлініп, 2014-2015
жыл дары аудандағы біршама су шаруашылығы
ны сан дары ағымдағы жөндеуден өткізілген (Қа-
зақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемле-
кеттік бағдарламасы, 2014). 2014 жылы аудан-
дағы «Жиембет» магистралды каналының 2
су құрылымдары, «Ұзын» каналының Аққұм,
Көк көл су құрылымдары және «Ойық», «Жә-
дік», «Бөлекқызыл» суқоймалары ағымдағы
жөндеуден өткізілді. Ал, 2015 жылы осы
бағдарлама аясында, облыстың бюджеттен
6,2 млн теңге бөлініп «Шабақты», «Жартас»,
«Қарашат» суқоймаларында жөндеу жұмыстары
жүргізілген.
Жоғарыдағы
аталған
іс-шаралардың
нәтижесінде 2016-2018 жылдар аралығында
аудандағы суармалы жерлердің пайдалану
деңгейінің 2014-2015 жылдармен салыстырғанда
ұлғайғанын байқауға болады (3-сурет). 2015
жылы аудандағы суармалы жерлердің 5070 га
пайдаланылса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 502 га
ұлғайып 6 572 га құраған.
26
Ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайы және оның суармалы жерлердің динамикасына әсері ...
3-сурет
– Талас ауданы суармалы жерлерінің 2014-2021 жж. өзгеру динамикасы, га
Алайда, 2014-2015 жылдары мемлекеттік бағ-
дарлама аясында аудандағы барлық су шаруа-
шылығы жүйелерінде жөндеу жұмыстары жүр-
гі зілмегендіктен, аудандағы су шаруашылығы
жүйелерінің барлығының дерлік тозуы, апатты
жағдайда болуы, суармалы алқаптарға су жеткізу
қабілетінің нашарлауы, сондай-ақ, аудандағы
кол лекторлық жүйелердің тозу жағдайында бо-
луы мен жерлерінің сортаңдануы салдарынан
соң ғы жылдары аудандағы суармалы жерлер
ауданы қысқарып кетті. Осындай жағдайларға
байланысты 2014 (13 485 га) жылмен 2021 жылдың
көрсеткіштерін салыстырғанда аудандағы жалпы
суармалы жерлерінің ауданы 800 га қысқарып, 12
685 га құраған.
Ауданның суармалы егістік жерлерінде не-
гізінен мал азықтық дақылдар, дәнді дақылдардан
жүгері, майлы дақылдардан күнбағыс және
көкөніс, бақша дақылдары өсіріледі (4-сурет).
4-сурет
– Талас ауданы суармалы жерлерінің пайдалану құрылымы, га (2015 ж.)
2015 жылы аудандағы суармалы егістік
жерлерінің пайдаланылғаны 5 070 га құрап, оның
2 946 га мал азықтық дақылдар өсірілген, бұл
жалпы егістік алқабының 58,1 %-ын құрайды. Ал,
622 га жерге көкөніс, бақша, картоп дақылдары,
420 га күнбағыс, 272 га дәндік жүгері өсірілсе,
810 га жер көпжылдық екпелер мен үй іргелік
жерлердегі екпелер болып табылады. Жоғарыда
атап өткеніміздей, 2015 жылы аудандағы жалпы
суармалы жерлердің 8415 га пайдаланылмаған,
жылдар
27
О.Ж. Таукебаев және т.б.
оның 5890 га ішкі шаруашылық су жүйелерінің
канағаттанарлықсыз жағдайда болғандығынан
болса, 2525 га аудандағы суармалы жерлердің
тұздануы салдарынан болған (Оңтүстік Қа зақ-
стан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспеди-
ция сы, 2018).
2014-2015 жылы облыстық бюджеттен қаржы
бөлініп, аудандағы бірқатар су шаруашылығы
нысандарының ағымдағы жөндеуден өткізілуі
нәтижесінде 2016 жылы аудандағы суармалы
жерлердің ауданы 403 га ұлғайтылып, 5473 га
құрады. Оның 3272 га мал азықтық дақылдар,
647 га көкөніс, бақша, картоп, 423 күнбағыс
өсірілсе, 321 га дәндік жүгері өсірілген
(5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |