24
Ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайы және оның суармалы жерлердің динамикасына әсері ...
айналысатын ауыл шарушылығы дақылдарына
қажетті су өз деңгейінде жеткізілмейді (Оңтүстік
Қазақстан
гидрогеологиялық-мелиоративтік
экс пе дициясы, 2018).
Сонымен қатар, аймақтағы тағы бір өзекті
мә селелердің бірі – ауданның негізгі су көзі Та-
лас өзенінің төменгі ағысында су мөлшерінің
азаюуы.
Талас өзені ағындысының Мемлекетаралық
су бөлу хаттамасына сәйкес Қазақстан Респуб-
ликасының (Жамбыл облысының) аумағына
су лылығы орташа жылдары 808 млн.м
3
, оның
ішін де Талас ауданына 256 млн. м
3
су жіберілуі
тиіс (Ибраев, 2002). 1974 жылы Киров су қой-
масының пайдалануға берілуі Талас өзенінің
төменгі ағы сындағы экологиялық жағдайға
ай тарлықтай әсер етті. Егер су қоймасы салын-
ғанға дейін Талас өзенінің гидрологиялық
бекеті тұстамасындағы
тұрмыстық ағынды
Жиембет бөгеті көп сулы (1956, 1969) жылдары
860 млн.м
3
, аз сулы (1957, 1965) жылдары 270
млн. м
3
құраса, құрылыстан кейін суы мол
жылдардағы ең жоғары ағынды 400, ал ең
төменгісі-250 млн. м
3
мөлшерінде тұ рақтанды.
Көріп отырғанымыздай, минимал ағынды іс
жүзінде өзгерген жоқ, бірақ су мөл шері аз
болды, ал суы мол жылдардың макси мум дық
көрсеткіші екі есеге азайған. Айта кету керек,
Шу, Талас және Аса өзендерінің төменгі ағы-
сында ағынды
көлемінің жеткіліксіз болуы
және оларды шаруашылық қажеттіліктер үшін
толық пайдалану салдарынан санитарлық-эко-
ло гия лық су жіберулер де жиі жүзеге асырыл-
майды (Ибраев, Сатенбаев, 2002).
Өзендердің төменгі ағысындағы судың
азаюы, ең алдымен, оның алаптарындағы көл
жүйе лерінің жағдайына да әсер етті. Бұл ең ал-
ды мен, Аса өзенінің төменгі ағысында орна-
лас қан Ақкөл көлі, Жамбыл облысындағы
Билі көл көлінен кейін екінші үлкен көл, ең
үлкен ауданы 1969 жылы 56 км
2
болған. 1974-
1976 жыл дардағы суы аз жылдар өткеннен
кейін Ақкөл көлі толығымен құрғап кетіп, 70-
ші жыл дар дың соңына қарай көл жартылай
қалпына келген, алайда, 80-ші жылдардың
ортасына
қарай қайтадан жоғалып кетіп,
қазіргі уақытта көлдің акваториясы 1988
жылы құлама бөгеттермен бөліктерге бөлін-
ген. Қазіргі таңда Ақкөл көлінің балық ша-
ру ашылығы маңызы толығымен жо ғалу ал-
дында, көлде 1963-1967 жж жылына ор та
есеппен 500 тоннаға дейін балық өндірілген
(Ибраев, Сатенбаев, 2002).
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей,
жоғары-
да ғы аталған мәселелердің салдарынан бүгінгі
кү ні аудандағы суармалы егістік жерлер дұ-
рыс пайдаланылмай келеді. Талас ауданы әкім-
ші лігінің жер қатынастары басқармасы және
агромелиоративтік тексеру мәліметтері бойын-
ша суармалы жерлерінің ауданы 2021 жылдың 1
қарашасындағы жағдай бойынша 12 685 га құ-
рады, алайда, оның тек 5 391 га (42,5 %) пайда-
ланылып, 7 294 га (57,5 %) пайдаланылмаған
(3-сурет). 3-суреттен көріп отырғанымыздай, ау-
дандағы суармалы жерлердің ауданының азайып
бара жатқандығын байқауға болады. 2014 -2018
жылдардың аралығында аудандағы суармалы
жерлердің ауданы 13 485 га болса, 2021 жылы
773 га азайып, 12 685 га құрады.
Аудандағы жалпы суармалы егістік жерлері
көлемінің қысқаруының негізгі себептері –
жоғарыда
айтып өткеніміздей, су шаруашылық
жүйелерінің тозуы, істен шығуы, сонымен қатар
аймақтағы суармалы жерлердегі топырақтардың
сортаңдану деңгейінің жоғарылауы және құнар-
лығының төмендеуі.
2014 жылы ауданда ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсіруге жалпы суармалы жерлердің
6 143 (45,5 %) гектары пайдаланылса, ал 2015
жылы 5 070 (37,6 %) гектары ғана пай да ла-
нылды. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жы-
лы 1 073 гектарға жуық жер кем пайдала ныл-
ған (Жамбыл облысы әкімшілігінің жер қаты-
нас тары басқармасы, 2021; Оңтүстік Қазақ стан
гидрогеологиялық-мелиоративтік экспеди ци-
ясы, 2018).
2019
жылығы жоспарға сәйкес, ауданда
ауыл шаруашылығы салаларының қажеттілігіне
37,4 млн.м
3
су алынуы қажет болған, ал нақты
іс жүзінде 19,1 млн.м
3
құраған. Ал, су бөліну
нүктесінен берілетін су жоспарға сәйкес 18,5
млн.м
3
болса, нақты 16,1 млн.м
3
құрады (3-кесте).
Оның ішінде: 14,3 млн.м
3
су Талас өзені, 1,43
млн.м
3
Тамды өзенінен, Көктал өзенінен 1,51
млн.м
3
, және Аса өзені Билікөл көлінен 1,79 млн.
м
3
алынып, сәйкесінше 12,358, 1,1, 1,11 және 1,5
млн.м
3
су берілген.