Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Ө: ауыз жаңғыртқы –  кіші , көмей жаңғыртқы –  үлкен .  //



Pdf көрінісі
бет54/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

Ө:
ауыз жаңғыртқы – 
кіші
, көмей жаңғыртқы – 
үлкен

//
Дауысты 
Ү: 
ауыз жаңғыртқы – 
кіші
, көмей жаңғыртқы – 
үлкен

Жаңғыртқы белгілері: 
Ө
– 
қысаң өткелді, сүйір ерін шығысты, 
кішілі-үлкенді
//Ү
– 
қысаң өткелді, доғал ерін шығысты, кішілі-үлкенді.
Екінші кезекте кешенді акустикалық көрінісі берілді.
Қазақ тілі қысаң еріндік дауысты дыбыстарының акустикалық 
көрінісі олардың форманттарының (жолақ таңбаларының) орнала-
сым ретінен көрінеді. Дауыстылардың қысаң еріндік белгісі формант-
тарының төменгі жиілікте орналасқанынан байқалады. Үндесім естілім 
үшін форманттар құрамы маңызды болғандықтан, басқа акустикалық 
(әуен, созылыңқылық, қарқын) белгілеріне мән бермей қоя тұрамыз.
Дауысты 
Ө
дыбысының ҒІ (300-400 Гц) және ҒІІ (1300-1500 Гц) 
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады. 
Форманттарының бір-бірімен ұласып, бірігіп кететін кезі болмайды. 
Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қарай шашыраңқы 
дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық
белгісі – 
шашыраңқы.


81
Дауысты 
Ү
дыбысының ҒІ (300-400 Гц) және ҒІІ (1300-1500 Гц) 
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады. 
Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен алшақ жатады. 
Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қарай шашыраңқы 
дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық
белгісі – 
шашыраңқы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің 
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный) 
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы 
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауысты 
ұ/ү
дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың 
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді.
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі 
өрнектелген. Өрнек қысаң еріндік дауыстылардың дәстүрлі жуан/
жіңішке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде өте 
жақсы аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан 
аудиторлардың 85 %-ға жуығы дұрыс белгілеп шықты. 
Мұның өзі еріндік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық 
көрсеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет