Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортагасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет118/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

136
III тарау. Ортагасырлык, философия
деп Жүсіптің ар ілімі біліктілік, ақыл, ізгілікпен ұштасып жатады. Дастанда 
парасаттылық, ақыл, білім жайлы ойлар өте көп кездесіп, асқан шеберлікпен ай- 
тылады.
Дастанда парасаттылық, ақыл, білім жайлы ойлар өте көп кездесіп, асқан 
шеберлікпен айтылады.
Ей, білімпаз, бір сөзім бар ойымда,
Парасат пен білімпаздық жайында.
Ақыл мен ой - шамшырагың түндегі,
Білімдарлық - жарық көзі күндегі, -
деген жыр жолдары арқылы адамдарды білімге, үлкен парасаттылыққа шақырып, 
тек білім ғана адамға дүрыс жол көрсете алады деп кейінгі ұрпаққа өсиет айтады.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында Шығыс әсерінен гөрі 
түркі халықтарының бай ауыз әдебиеті, фольклор жанрларының әсері басым 
сияқты. «Құтты білікте» салт жырларының дәстүрі басым. Сол себепті Жүсіп 
Баласағұнның шығармасында бір ғана Шығыс әсері үстем деп айтуға болмас ке- 
рек. Түркі тілдес тайпалардың тілінде жазылған сан-алуан түрмыс-салт жырлары 
сол кездің өзінде-ақ аз болмаса керек. Олар айтыс, толғау, терме түрінде айтылған. 
Жүсіптің сүйенген үлгісі халық аузындағы осындай дәстүрге байланысты болмақ. 
Жалғыз-ақ терме, толғау сияқты жыр-өлеңдерде бұқара халықтың мұң-мұқтажы, 
ой-арманы жырланса, дастандарында көбіне хан-қағандар ордасының салты 
жырланған40.
Міне, Х-ХІ ғасырларда араб-парсы тілдерінің үстем болып тұрған заманын- 
да Жүсіптің таза түркі тілінде осындай рухани дүниені өмірге алып келуі үлкен 
тарихи жағдай. Ол түркі тілінің болмысын, табиғатын, өміршеңцігін паш етеді. 
Философтың өзі поэмасының тілін бограхандық тіл, яғни Қарахан мемлекетінде 
тараған жазба эдебиеті тілі дейді. Бұл тіл Махмүт Қашқаридың «Түрік тілі» 
сөздігіндегі хақан тіліне, басқа түрік тілдеріне қарағанда ең таза және қүлаққа 
жағымды тілге сәйкес келеді. Мұнда түркі тайпаларының салт-дәстүрі, санасы 
бай хальщ ауыз әдебиеті, тұрмыс-салт жырлары үлкен көрініс тапқан. Жүсіп 
халық фольклорының мүмкіндіктерін жазба әдебиетімен өте шебер ұштастыра 
білген. Айталық, дастанның басты кейіпкерлерінің Күнтолды, Айтолды деп 
аталуының өзі - көшпенділердің ислам дініне дейінгі ауыз әдебиеті туындыла- 
рында кездесетін сөздер. Сондай-ақ дастанда көшпенді түркілердің болмысына
тіршілігіне байланысты мақал-мәтелдер жэне бейнелі теңеулер жиі кездеседі. 
Мұнда қасқыр, жылан, сұңқар, ат, т.б. секілді жан-жануарларды, кең даланы ақын 
көп ауызға алады. Осыдан келіп, біздер, түркі тілдес халықтардың табиғатын, 
тағдырын, бұрынғы наным-сенімдерін Жүсіп шығармасы арқылы танып білуге 
мүмкіндік аламыз.
Қожа Ахмет Ясауи (1094-1167). Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір 
жола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Со- 
нымен қатар бұл Шығыс әлемінде сопылық ағымының әсері күшейіп, бірте-бір-
40 Қоқыратбасв Ә., Қоңыратбаев Т. Көне м әдениет жазбалары. - Алматы, 1 9 9 1 .- 72-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет