Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет101/153
Дата24.11.2023
өлшемі1,97 Mb.
#193172
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153
Байланысты:
2 Тамақтандыру кәсіпорындарының табысты экономикалық дамуы үшін бизнес-жоспар жасау

жеке меншік құқығына
(жеке 
кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу немесе 
жедел басқару құқығына (Мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес
бастамашылық қызметі Кәсіпкерлік болып табылады. Жауап беруші: 
Рахимжан Гульмира Адилбековна Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 
(бұдан әрі
-
кодекс) 91
-
бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты 
жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиіс. Кәсіпкерлік 
қызметі
шектелуі мүмкін тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында.
Әр адамның кәсіпкерлік қызмет бостандығына, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерлік 
субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған 
кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпкерлік субъектілері меншік нысанына және кез келген өзге де мән
-
жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең. Кәсіпкерлік субъектілерінің 
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктері бар.
Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен 
заңды мүдделеріне қысым жасауға
бағытталған қызметке жөнсіз 
бәсекелестікке тыйым салынады.
Жеке кәсіпкер
кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атымен құқықтар 
мен міндеттерді алады және жүзеге асырады. Азамат өзінің кәсіпкерлік 
қызметіне
байланысты мәмілелер жасаған кезде оның жеке кәсіпкер ретінде 
әрекет
ететінін көрсетуі тиіс. Мұндай нұсқаудың болмауы дара кәсіпкерді өз 
міндеттемелері бойынша дара кәсіпкер көтеретін тәуекел мен 
жауапкершіліктен босатпайды.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды 
мемлекеттік тіркеу дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде 
мәлімделген орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарында дара 
кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.
Міндетті мемлекеттік тіркеу, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның 
мынадай шарттардың біріне жауап беретін:
1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын тұрақты негізде;
2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 
сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы 
жылының 1 қаңтарында қолданыста болған жалақының 12 еселенген ең 
төменгі мөлшерінен асатын мөлшерде есептелген жылдық табысы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет