82
Ол мүлікті заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық немесе өзге де
қызметті
жүзеге асыру үшін пайдалана алады. Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексінің 54
-
бабы 1
-
тармағының 13
-
тармақшасына
сәйкес
қызметкермен
еңбек шарты Жұмыс берушінің бастамасы бойынша егер
тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап
орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған жағдайда бұзылуы
мүмкін. Азаматтың еңбегі пайдаланылатын
меншік нысанына қарамастан,
оған ақы төлеу мен еңбек жағдайлары, сондай
-
ақ қолданылып жүрген
заңдарда көзделген
басқа да әлеуметтік
-
экономикалық кепілдіктер
қамтамасыз
етіледі. Меншік құқығын жүзеге асыру қоршаған ортаға залал
келтірмеуі,
азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары
мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік қатынастары
Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және Заңымен реттеледі.
Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа
да
табиғи ресурстар, кәсіпорындар, ғимараттар,
құрылыстар, жабдықтар,
шикізат, материалдар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, акциялар, басқа да
бағалы қағаздар және өзге де мүлік меншік құқығының объектілері болып
табылады. Егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе,
меншік объектілерін
пайдалану нәтижелері (өнімдер мен кірістер) меншік иесіне тиесілі болады.
Меншік иесі өз мүлкін заңды тұлға болып табылатын өзі құрған кәсіпорынның
шаруашылық жүргізуіне бере алады. Кәсіпорынға шаруашылық жүргізу
құқығындағы
мүлікті бекіту кәсіпорынға меншік
иесі белгілеген шекте осы
мүлікті иелену, пайдалану және басқару, сондай
-
ақ оған билік ету құқығын
береді. Меншік иесі және меншік иесі уәкілеттік берген тұлғалар заңнамаға
және кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес кәсіпорынды құру
және
оның қызметінің мақсаттарын анықтау, оны қайта ұйымдастыру және тарату
мәселелерін шешеді, кәсіпорынның мүлікті
пайдалану тиімділігі мен
сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Меншік иесінің өзі құрған
кәсіпорынның мүлкін пайдаланудан пайда алуға құқығы бар.
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті
пайдалану, өндіру, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету
жолымен таза табыс алуға бағытталған,
Достарыңызбен бөлісу: