81
Тиеуді терезелері жоқ тұрғын үй ғимараттарының шетінен магистральдар
жағынан жер асты
туннельдерінен арнайы тиейтін үй
-
жайлар болған жағдайда
орындау керек.
Өнімділігі аз объектілер үшін салтанатты кіреберістен оның жұмысы
басталғанға дейін тиеуге жол беріледі.
Қоғамдық
тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда,
барларда, асханаларда) авариялық шығу жолдары, баспалдақтар, авариялық
жағдайлардағы іс
-
қимылдар туралы нұсқаулықтар көзделеді және көрінетін
жерлерде өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарлары
(схемалары), сондай
-
ақ әдеттегі және төтенше жағдайларда тұтынушылардың
еркін бағдарын қамтамасыз ететін жақсы көрінетін ақпараттық көрсеткіштер
ілінеді.
Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар,
асханалар) алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын анықтауға
сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі,
қолданыстағы
нормаларға сәйкес автоматты өрт сигнализациясы және
адамдарды өрт туралы хабардар ету жүйелерімен жабдықталған,
жайлылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін инженерлік жүйелермен
және жабдықтармен, оның ішінде жасанды және табиғи жарықтандырылуы,
ыстық және суық сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, желдету жүйелері, телефон
байланысы бар.
Салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан қоғамдық тамақтану
объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда)
мүгедектерге қызмет көрсету үшін мүгедектер арбаларының жүруіне арналған
кіру есіктерінің жанында еңіс пандустар, лифтілер, залдардағы мүгедектер
арбасын бұруға арналған алаңдар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың қолданыстағы
талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған дәретхана бөлмелері көзделеді.
Бұл үй
-
жайларда өндірістік үй
-
жайлар мен жабдықтарды орналастыру
өнімді
өндіру мен өткізудің технологиялық процестерінің дәйектілігімен
(ағымымен), сондай
-
ақ санитарлық ережелердің, технологиялық жобалау
нормаларының сақтауымен қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық
тамақтану объектілерінің аумағы (мейрамханалар, дәмханалар,
барлар, асханалар) абаттандырылған, таза ұсталады, онда уақытша көлік
қоюға
арналған алаңдар, қоқыс жинауға арналған қақпағы бар контейнерлерді
орнатуға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң қарастырылған.
Меншік құқығы
субъектінің өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті
иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге заңмен танылатын және
қорғалатын
құқығы бар.
Иелену құқығы
-
затты иелену мүмкіндігі. Пайдалану
құқығы
-
заттардан оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу, одан кіріс беру,
сондай
-
ақ өзге де пайда алу мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: