Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет134/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Нардың жетінші ұрпағы мен боламын. Менімен сенің атаңа берген Қара Нардың 
ұрпағының анты бітеді. Құлдың намысы хандікінен кем емес. Атамның антына кір 
келтірмейін деп, бар қиянатыңа көне бергем. 
Әбілқайыр мырс-мырс күлді. 
— Сенің үкіміңді Қара Нар бабаң атам заманда айтқан болса, менің үкімім тек 
сол үкімді орындау болып шығады екен ғой. 
— Ол солай. Мені өз қолыңмен бауыздасаң да, құдай алдында сұрауым жоқ. 
Оның үстіне күнәм бар. 
— Қандай күнәң бар? 
— Батыр Саянды қашырып жіберген менмін. 
— Сенсің бе? — Әбілқайыр кенет түксие қалды. — Онда өміріңді жүз аптаға 
ұзарттырам. Өлтіртпеймін. Күніне нәр беріп, кәріліктен өлгенше зынданда 
ұстаймын. 
— Қанша күн өмірің болса, сонша мәртебе өл дейсің ғой? Мейлің. Егер хан 
әмірі алла-тағаланың жазғанынан күшті келер болса, оған да көндік. Ал менің 
айтам дегенім бұ да емес. 
— Енді не? 
— Хан, мен батыр Саянды неге қашырып жібердім, соны неге сұрамайсың? 
— Алтын көрсе періште жолдан таяды. 
— Жоқ, алтын періштеге де, құлға да керек емес. Алтын хандарға керек. Мен 
оны босатқан себебім басқа. Батыр Саян Ұлықбек мырзаның Арғын күңінен туған 
ең кенже баласы. Рабиу-Сұлтан-Бегім бәйбішеңнің бір әкеден туған інісі. Бұны тек 
Рабиу-Сұлтан-Бегім мен мен ғана білетінмін. Өзіне тиген қырық құлдың бірі етіп 
ханым батыр Саянды да алып келген. Ұлықбек мырзаның күңінен туған ұлы бар 
екенін әбді Латиф, әбусейіт, әбділлах сұлтандар да, Шахарбек ханым да 
білмейтін... Олар біле қалса хан тағына тағы бір таласкердің пайда болғанын 
ұната ма? әрине ұнатпайды. Көзін жас күнінде-ақ құртқан болар еді. Ұлықбек 
мырза өз басына ауыртпалық туа бастағанын сезіп, өлер жылы, ақылы, ойы ерте 


143 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет