Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет135/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жетіккен Рабиу-Сұлтан-Бегім қызы мен осы жеті жасар ұлын көзінің 
қарашығындай сақтауымды тапсырған. Ал мен ұлы данышпан әміршіге өле-
өлгенше жас Саянды жауларынан қорғап өтуге ант бергенмін. Міне, сол үшін оны 
қашырдым. Үш күреңді де Рабиу-Сұлтан-Бегім менің ақылыммен алып қалды. 
Менің ақылыммен Жәнібек сұлтан да күзетші Арғын жігіттеріне батыр Саянмен 
қашуға бұйырды. Ендігісін өзің біл, қазір өліп кетсем өкінбеймін, Қара Нар 
бабамның өсиетін де, өзімнің Ұлықбек мырзаның алдындағы антымды да адал 
орындадым. 
Әбілқайыр соңғы кезде тек Рабиу-Сұлтан-Бегімге ғана емес, бүкіл Ақсақ Темір 
ұрпағына ашулы еді. Самарқант әміршісі, өзінің күйеу баласы әбусейіт әбділлахтан 
майданда жеңіліп, Әбілқайырға кеп паналап, хан күшімен әбділлахты өлтіріп, 
Самарқантты тартып алғаннан кейінгі қылығы кешегі күндегідей емес, басқаша 
еді. Ол кезде Әбілқайырды хан тұтып, Гератта оған арнап сарай салдырған. 
Халықтан жинаған қаржы-қаражаты мен зекетінің тең жартысын уәделескен 
уақытында Орда-Базарға жіберіп, өзінің рухани бағынышты екенін әрдайым 
білдіріп тұрған. Сол әбусейіт соңғы кезде кілт өзгерді. Бұқар, Самарқант 
уәлиеттеріне Қорасан мен Иранның біраз жерін қосып алып, өз әмірлігін 
күшейткеннен бері Әбілқайырға қырын қарауды шығарған. Әбусейіттің бұл 
қылығын Әбілқайырдың туған қызы Күнайжамал да қолдайды-мыс деп естіген 
хан. Жәнібек пен Керей қарамағындағы елін бөліп әкетіп, сәл әлсіреп қалған 
Әбілқайыр, бір ыңғайсыз кезде әбусейіттің өзіне жұдырығын түйе бастағанын 
көрген. Хан іштей қатты ызаланған. «Егер қарамағындағы сұлтан, әмір, көрехандар 
бүйте берсе айбарлы Дәшті Қыпшақ хандығында не қалады? Жығылған Орданың 
біреу шаңырағын, біреу уық, бақанын, біреу керегесін бөліп-бөліп әкететініне сөз 
бар ма! Жоқ, өйткізіп қоюға болмайды. Сайыпқыран Әбілқайыр хан да сояудай 
қанды тырнақтарын көрсетуі керек! Ал әбусейітпен майданда кездесуге әлі мезгіл 
туған жоқ. Қазір Самарқантты шабар әл-қуат жеткіліксіз. Әттең Жәнібек, Керей, 
әбусейіт күннен күнге күшейіп бара жатыр. Амал жоқ, шыдаған жөн. Жағатай 


144 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет