Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет138/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   316
Әдеби KZ
 
 
тұрғанда қайдағы бір келімсекке Гүлбаһрам-Патшайымды бермейтінің айдан анық 
қой. 
Тоғыз торап жол бір жерге келіп түйіседі. Сондай-ақ сан адамның тағдыры 
кейде осындай бір тұстан табысады. Хан өз Ордасында тарам-тарам қан 
тамырларындай түйісіп, қайтадан тарасып жатқан құпия сырларға таң қалды. Қан 
тамырының бәрі келіп бір жүрекке құйып, қайта тарайды. Ордадағы сол жүрек 
Әбілқайырдың өзі ғой. Бірақ сол Орда тынысын, қан тамырларының қалай соғып 
жатқанын неге сезбей келген? «Халықты билеместен бұрын, ең алдымен 
Ордаңды билей біл. Ордаңды жұмған жұдырықтай берік ұстай алсаң, халықты да 
берік ұстай аласың» деп әлем құдіретшісі ұлы Шыңғысхан бабамыз бекер 
айтпаған екен, «өз Ордамда не болып жатқанын сезбегенде де Жәнібек пен 
Керейдің халқымды қалай бүлдіріп жүргенін қайдан білейін. Жоқ, жоқ, мен 
алдыменен маңымды берік ұстауым керек». 
Хан енді басын көтеріп алды, қоңырау орнына алақанын шапалақтады. Үйге 
Бақты-Қожа уәзір кірді. 
— Қазір менің қызым Гүлбаһрам-Патшайым мен Қобыланды батырды алып 
келіңдер. 
«әрине, Гүлбаһрам-Патшайымды Қобыландыға қосамын. Жазықты ма, 
жазықсыз ба — бәрібір батыр Саян кінәлі. Тыныш жатқан арыстан — хан ашуын өзі 
оятты... Демек, Рабиу-Сұлтан-Бегім күнәсіз... Оның кесімін кейінге қалдырғаным 
жөн болған...» 
— Хан ием, тағы да айтатын бір ақылым бар. 
— Ол қандай ақыл? 
— Уәзіріне сырын білдіріп алған хан қақпанға түскен аңмен бірдей. Тағдырың 
уәзіріңнің қолында. Достық ойласа қақпанынан құтқарып жібереді, қастық ойласа 
ұрып алады. Әйтеуір қақпанынан оңай босатпайды. 
— Бұны сен маған неге айтып тұрсың? 


147 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет