Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет136/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ұрпақтары, әңгіме сендермен сосын болсын!» Осындай күйініп жүрген шағында 
Рабиу-Сұлтан-Бегім оқиғасы оған дәтке қуат болған. Ақсақ Темір ұрпақтарына аз 
да болса қара жағылып, өшім қайта берсін — деген. 
Ал Инеліктің мына сөзі тағы бұны кенет сескендіріп тастады. «Сонда қалай?.. 
Саянның кіші інісі екенін маған Рабиу-Сұлтан-Бегім неге айтпайды? Мұнда қандай 
гәп бар? Арғындар өзіне Саянның жиен екенін біледі. Бұ да әрине Рабиу-Сұлтан-
Бегім арқылы... Мен ештеңе де білмеймін... Әрине бәйбішем мен Арғындар 
арасында да бір құпия сыр бар... Кім біледі, олар маған қарсы одақ құрып жүрген 
шығар?» 
Әбілқайырдың қабағы кенет қайтадан түксие қалды. Бұл жалғанда адам 
баласының жан тыныштығын бұзуға бостан-бос сезіктенуден, өзгенің бәрін өзіңе 
жау көруден қауіпті күш жоқ. Әбілқайыр жас кезінен-ақ қарадай жел сөзге 
майысқақ, орынсыз сақ құлақ жан еді. Жасы ұлғайған сайын бұл ауруы да күшейе 
түскен. Бұл жолы да солай болды. Көңілінде кішкентай ғана күдік туып еді, ол 
күдік кенет басын алғалы келе жатқан қорқынышқа айналды. «Жоқ, жоқ бұлар 
бәрі бірігіп мені құртқалы жүр. Алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегімнің көзін жою керек». 
Хан ойын болжап білгендей Оспан-Қожа: 
— Арғындар батыр Саянның өздеріне жиен екенін мен арқылы білді. Осыдан 
бес жыл бұрын оларға мен айтқам. 
— Неге? 
— Жетім бала теңізге шыққан жалғыз қайық секілді. Оған мықты рулардың бірі 
қорған болсын дедім. 
— Арғынсыз қорғаны осал ма еді. Саянды Сүйіншікке атеке етем деп Рабиу-
Сұлтан-Бегім осында жанталасқан жоқ па еді? 
— Оған өзің көнбей қойдың ғой. 
«Бекер көнбеген екенмін. Көнсем ғой, өсек сөзден өзім де, Рабиу-Сұлтан-Бегім 
де ада болады екен-ау! Және Ұлықбектің туған баласы жиеніне атеке болып менің 
қолымда тұрса, қандай күш! Темірлан алтын тағы Орда-Базарға қауіптене қарай 


145 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет