Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет133/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Жошының бесінші баласы Сайбаннан Бәниел баһадур туады, одан Иіс-Бұғы, 
Иіс-Бұғы ұрпағы Абдол оғлан, одан Мөңке Темір хан, одан Фулат оғлан, Фулат 
оғланнан Ибрагим оғлан, одан Дәулет-Шайхы оғлан, Дәулет-Шайхы оғланынан 
өзің — Әбілқайыр хан тудың... Сенің он атаңдай менің де он атам болған... Бірақ 
олардың аттарын ешкім білмейді. Білудің де қажеті жоқ. Сендер хансыңдар да, біз 
құлмыз. Мен ата таластырып тұрғаным жоқ, айтарым басқа. Ұлы Шыңғыс хан 
тұқымымыз десеңдер де, сендердің де іштеріңде құлдарды да адам санағандары 
болған. Соның бірі сенің жетінші атаң Иіс-Бұғы сұлтан. О кісі хан тағына жеткен 
жоқ, бірақ жауынгер адам екен. Осы Иіс-Бұғының құлы менің жетінші атам Қара 
Нар деседі. Шамасына қарамай көжеге де қаймақ тұрады. Құл екенін місе тұтпай 
бұ кісі де орасан батыр болыпты. Бір қанды айқаста өзінің төресін — Иіс-Бұғыны 
жау қоршауынан құтқарам деп жүріп, қолға түсіпті. Бұл ұрыста жалғыз менің 
бабам Қара Нар ғана емес, одан нәсілі де атақ-бағы да жоғары талай бекзадалар 
тұтқын бопты. Ұрыс бітіп, екі жақ бітімге келіпті. Жеңген жау қолға түскендерді 
бәлен қара төлеуін беріп, сатып аласыңдар дейді. Кей сыпайылардың құны он 
жылқы болса, бір сұлтанның бағасы жүз жылқыға бағаланыпты. Ал сол айқаста аса 
ерлік көрсеткен үш батырдың әрқайсысының құны үш сұлтанның құны депті. 
Соның бірі менің жетінші атам Қара Нар екен. Қазақтың белгілі руларынан шыққан 
ана екі батырды, жау жағының сұрағанын беріп елдері тез-ақ босатып алыпты. Ал 
менің жетінші атам құлды кім үш жүз жылқы төлеп қайтарсын? Руы жоқ сорлы
қатын-баласын қия алмай қан жылайды. Бірақ шабыншылыққа іліккен ел 
орталарынан мал шығарып құнын төлей алмайды. Құлдардың аяқтарына кісен 
салып, жаулары Қытайға апарып сатпақ боп ыңғайланады. Дәл осы сәтте Иіс-Бұғы 
сұлтан келеді. Сөз айтпай үш жүз мақпал қара асыл жылқысын айдап беріп, өзін 
ажалдан алып қалған құлды босатып алады. Қатын-баласына қосылып көзайым 
боған Қара Нар Иіс-Бұғының аяғына жығылады. Жеті атаңның жеті ұрпағым құлы 
болып өтсін дейді. Жеті атаң үрім-бұтағымды қойдай бауыздап жатса, қыңқ етіп үн 
шығармауын, өзімнің ұрпағыма өсиет етіп кетем деп ант береді. Міне, сол Қара 


142 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет