Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет275/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   316
Әдеби KZ
 
 
күшпен бағындырам деп жүргенінде балаларына тастап кеткен Дәшті Қыпшақтың 
күншығыс жағына Әбілқайыр ханның кезінен де зор қауіп туғанын білмей қалды. 
Әбілқайыр өзі өлместен бұрын Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды
өзінің бұрынғы атекесі Бай-Шайх ұйғырға тапсырған. Және оларға атеке етіп 
бұрынғы күкілташы қосшы руынан шыққан Дәулет-Қожа бектің баласы Дарвиш-
Хұсайын-Қарашыңды тағайындаған. Бұл екеуі де Әбілқайырмен бірге Көк Орданы 
тігіскен ер жүрек, сенімді адамдар болатын. Шайх-Хайдар өлгеннен кейін 
Әбілқайыр тағына отыру Мұхамед-Шайбанидың кезегі еді. Өйткені оның әкесі 
Шах-Будақ сұлтан Әбілқайырдың үлкен баласы. Ал өзі Шах-Будақтың Аққозыдан 
туған тұңғышы. Екі жылдан кейін, Махмуд-Сұлтан туған. Екеуі де түрге келбетті, 
алып күшті, жас жолбарыс тәрізді ер жүрек жандар. Оның үстіне екеуі де оқуға 
зирек, өнер-білімге жақын. Хан маңындағы адамдар түбі әлемге Сайбан 
тұқымының атын шығарар осы екеуінің бірі болар деп жоритын. Бар үміттерін 
олар Мұхамед-әкім эль Тарази тойында ақтағандай да еді. Осындай үміт күткен 
екі ханзаданы Әбілқайыр қайтыс болысымен, әмірлер кеңесі «көзіңнің
қарашығындай сақта» деп Әбілқайырдың ең сенімді, ең ер жүрек батыры 
Қарашыңға тапсырған. Сол себептен бұл батыр өзін осы екі ханзаданың өміріне 
жауапты санайтын. Жалғыз жанын құрбан етіп оларды қауіп-қатерден сақтауға ант 
еткен. 
Осы екі ханзаданы Шайх-Хайдар қаза болған ұрыстан алып шығысымен 
Қарашың батыр Хаджитархандағы, яғни Астраханьдағы Жошының үшінші ұлы 
Құтлық-Темірдің ұрпағы, Қасым ханға бірден тартқан. Мауреннахр жерінде жүрсе, 
тірі қалуларынан Қарашың батыр күдіктенген. Астрахань тағына отыруға кезінде 
Әбілқайыр үлкен жәрдем берген Қасым хан, қашып келген ханзадаларды құшағын 
жая қарсы алған. Қарашың батырмен ақылдасып, Қасым хан Мұхамед-Шайбани 
мен Махмуд-Сұлтанды жаудан жасырып бағуды Маңғыт руынан шыққан 
Темірбекке жүктеген. 


295 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет