Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет274/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Темірлан тақтарынан бәлендей қауіп әзірге туа қоймас... Қауіп дүмпуі Ноғайлы 
жақтан. Дәл Ноғайлы хандығы болмаған күнде де, ар жағында Түрік патшалығы 
бар. Біз о жақтан тым алыстап кеттік. Сығанақты — Бұрындық сұлтанға қалдырып, 
хан Ордасын Жайық бойындағы көне қала — Сарайшыққа көшірген жөн. 
— Өзім де осылай болжап едім. Дәшті Қыпшақ хандығы болу үшін 
қарамағымызда Еділ, Жайық, Жем, Торғай өзендерін жайлаған туыстардың бір 
болғаны жақсы. Ал олар біздің құрығымыздың мойындарына түсуіне тым шалғай 
жатқанын місе тұтып, бөліне жайылып жүрген түрі бар... Оның үстіне ар жағында 
тағы қас жауларымыз тұр... 
Күзтоқсанның бас кезінде хан «Тағанақ кеңесін» шақырды. Бұл кеңес хан 
ұсынысын дұрыс деп тапты және қыс түсе Сауранды қайтарып алуды мақұл деп 
шешті. 
Жәнібек қыс түсе Сауранды басып алды да, келесі жылы жаз шыға Сығанақты 
— Бұрындыққа, Созақты — Махмұдқа, Сауранды үлкен баласы Жиреншеге тастап, 
өзі Жайық бойындағы Дәшті Қыпшақтың көне қаласы Сарайшыққа көшті. 
Баласы Қасым жөн айтқан сынды, егер тағы бір бес жылдай бұ жаққа көңіл 
бөлмегенде, бүкіл Еділ, Жайық бойы Мұғажар тауына дейін Ноғайлы, Астрахань
Қазан, Башқұрт хандарының үлесіне кетуі мүмкін екен. Оның үстіне Жәнібекті 
«бар қазақтың ханы» деп құр атағаны болмаса, бұл арадағы рулар оның 
ықпалынан тым алыс жатқан-ды. Хан өзінің тегеурінді мінезіне басып, тағы қауіп-
қатерлі, кейде қан төгіссіз бітпейтін жаңа айқастарға кірісіп те кетті. Енді ол өзіне 
арналған қанжардың неге батыстан лақтырылғанын ұқты. Оңаша отау, жеке хан 
болуды арман еткен басшыларының азғыруы салдарынан Еділ, Жайық, Елек, Жем, 
Торғай, Ор өзенінің бойындағы рулар Жәнібекке бағынудан айни бастаған. 
Жәнібек өзінің он мың атты әскерін ерсілі-қарсылы дүбірлетіп, көк құрыш 
алдаспанын найзағайдай жарқылдатып, енді оларды ойлануға мәжбүр етті. 
Осылай бұ жақтағы қазақ руларының басын біріктіріп, Дәшті Қыпшақ хандығына 


294 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет