Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет273/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Есіңізде ме, анам марқұмға Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға 
тимеймін деп ант бергенімде менің қолымнан мынау қанжарды алып, «саған 
қадалар қанжар менің жүрегіме қадалсын» деп еді ғой? Анамның сол тілегі
орындалған тәрізді. 
— Рас, анаң адал жан еді. Адал жүрегінен тілеген тілегі орындалды. Топырағы 
торқа болсын. Ал бұдан басқа бұл қанжардың лақтырылуынан не ұқтың? 
— Қанжар не сізге, не маған арналып лақтырылған. 
— Дұрыс айтасың. Бұл қанжарларды Мекеге барған Ноғайлы хандығының бір 
биі Стамбулдан алып келген. Маған біреуін берген еді. Сен жеті жасқа толғаныңда 
әдейі беліңе байлағам. Ал қалғандары сол Ноғайлы елінде болатын. Мына 
қанжарды лақтырған адам не саған, не маған арнап лақтырды. Және өзі со жақтан 
келді. Бұдан не ұқтың? 
— Еділ бойындағы ағайындар да тек жатпайтын тәрізді ғой. 
— Дұрыс айтасың. Дәшті Қыпшақ жері — түйенің терісі тәрізді мол дүние. 
Әркім-ақ одан бір ұлтандық жұлып алып қалуға құмар. Тегі Түркістанға тым көңіл 
бөліп кеткен тәріздіміз. Біз бұ жақта әуре болып жүргенде, Еділ бойындағы 
Ноғайлы Темір би мен Астрахань Ордасының әміршісі Қасым сұлтан да бос 
жатпағаны көрініп тұр... Қазан мен Қырым хандарымен тіл табысқандай ма, қалай. 
Төрт жұрттың төртеуі де бізге дос емес. Түркістанды аламыз деп жүргенде, олар 
Дәшті Қыпшақтың бүкіл батысын басып қалуға дайындалып жатпағанын кім білсін. 
Жоқ, артыңды бекітпей тұрып алдыңды қармай берудің жөні болмас... Қандай 
ақылың бар? 
— Ақылым өзіңіз ойлағандай: жау екі жақтан. Астананы екі жағыңа бірдей 
қарай алатын жерге көшіру керек. 
— Оның Ұлытау ма? 
— Жоқ, Ұлытау екі жақтың дүбірінен де алыс. Бізге тегі қауіпті тұстан тақа алыс 
кетпеу жөн. Дәшті Қыпшақ хандығы бұл жақтағы шекарасын қазір әжептәуір 
бекітіп алды. Енді Сауранды жаулап алсаңыз өздері бүлініп жатқан Әбілқайыр мен 


293 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет