Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет42/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Кенет хан бұл дауды екі ру арасындағы саясатпен емес, әділетіне қарай 
шешпек болды. «әділетті шешсең — импрам риза болады. Ал импрам ризалығы — 
дәл бүгін Қобыланды мен Ақжол бидің мүддесінен жоғары». Бұны отыз жыл 
хандық құрған тіршілігінде Әбілқайыр хан соңғы кезде жақсы ұға бастаған. 
Ол ең алдымен оқиғаның қалай болғанын тұтқын жігіттің өзінен сұрауды жөн 
көрді. Тақ жанында тұрған күміс қоңырауды алып ақырын қақты. Таза күмістен 
сыңғырлай шыққан сұлу үн құлағына еркелей жетіп, қобалжыған көңілін сәл 
орнықтырғандай болды. Үйге ашаң жүзінде қан жоқ, сөл жоқ, ұзын бойлы арықтау 
келген дәйекші Оспан-Қожа кірді. Ол ләм-мим демей екі қолын кеудесіне ұстап, 
басын төмен түсіріп, әмір күтіп, қозғалмай тұра қалды. 
— Тұтқын жігітті алып келсін. 
— Қай тұтқын жігітті, хан ием? 
«Бәсе, қай тұтқын жігітті? — Әбілқайыр мырс етіп күлді — Чинга Тұра 
1
қаласынан алғашқы хан тағына мінген күннен бастап, сонау Батудың әскерінің 
бас қосқан жері — Кеңгірдегі Орда Базарды өзінің астанасы етіп, артынан Бұқар, 
Самарқант, Сығанақтарды алып, оларға өзінің ұрпақтарын не әйелдерінің 
жақындарын хакім ғып отырғызғанша қаншама адамды тұтқын етпеді? Нелер 
жайсаң жігіттерді шынжыр кісен кигізіп, зынданға тастамады. Қайсының аты есте? 
Ал бүгінгі тұтқын жігіттің аты кім еді?» Әбілқайыр ойлана қалды. «әйтсе де осы дау 
болып жатқан жігіттің есімі кім еді? Аян ба, Шаян ба, Баян ба?» Жігіттің аты кенет 
есіне түсті. «Иә, иә, Саян екен ғой. Бұл атты бұрын қайда естідім? Иә, иә, солай 
екен-ау, маған оның атын Рабиу-Сұлтан-Бегім айтқан еді ғой. Бәсе, не деп еді? 
Өзімнен туған екінші балам Сүйіншік сұлтанға көзінің тірісінде осы Саянды аталық 
2
етіп қой деп сұрады ғой? Неге олай өтініп еді? Жадымда жоқ. Бірақ мен: «әлі 
тірімін ғой» деп ханымның өтінішін жорта орындамай қойғам. «Неге 
орындамадым?» Ханның қабағы тағы түйіліп кетті. «Иә, иә, баяғы бір Орда өсегі 
1
Ч и н г а Т ұ р а — қазіргі Тюмень қаласы. 
2
А т а л ы қ, а т е к е — әке орнына әке болып, баланы тәрбиелейтін адам. 


44 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет