Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет94/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Күні-түні ақыл-ойын кіші бәйбішесіне деген өшпендік билеп кеткен хан, уәзір 
сөзін бірден түсінбеді. Ұғып еді, көңілінде үнсіз жатқан күдік кенет шағатын 
жыландай жиырыла қалды. 
Бақты-Қожа бұл сұрақты бекер бергенін артынан ұқты. Көңілге кірген түйткіл, 
қылаң берген жаумен тең. Ақжол би де бұның бас уәзір болмауына көп ой салған. 
Бақты-Қожа: «Ақжолға өш екені ханның өзіне аян, содан сескеніп Рабиу-Сұлтан-
Бегім ханымға деген ойымның беті ашылып қалмаса нетсін? Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің де мені бас уәзір еткіздіргісі келмегені өзіне мәлім...» деді ішінен. 
Әбілқайырдың сезіктеніп қалғаны да рас еді. Рабиу-Сұлтан-Бегім мен Ақжолды 
осы уәзірге бекер тапсырдым ба, қалай? Өш аламын деп тым асығыс кетер ме 
екен? Бірақ әлгіде ғана жыландай, ой түкпірінде шумақтала қалған күдік бұдан әрі 
жазылып енді қимылдамады, сол жиырылған қалпында қала берді. Рабиу-Бикеге 
деген көптен көкірегінде ұялаған сенімсіздік бұрынғысынан да күшейе түсті. Енді 
ол: «Бәсе, Ақжолдың тағдырын қалай шешу керек?» деп бір ашуға бір ашуды 
қосты. «Батыр Саянды құтқарушының бірі Ақжол би екені сөзсіз. Және Рабиу-
Сұлтан-Бегім бәйбішеммен байланысуларына қарағанда, Арғынның бұл жүйрігі 
дүбірді алыстан қозғаған секілді. Маған деген көрлерін тереңнен қазайын деген 
бе, қалай? Иә, солай тәрізді. Мұндай жағдайда Ақжолды аяудың қажеті бар ма? 
Ақжолды аямау деген сөз, Жәнібек пен Керейдің шаңырағын ортасына түсірумен 
бірдей. Арғын биінен алынған өш, Керей мен Жәнібектен алынған өш!». 
Орыс хан ұрпақтарының есімі аузына түсіп еді, Мұхамед-Шайбаниға қараған 
Бұрындықтың кейпі қайтадан көз алдында елестей қалды. «Біз Жошы тұқымының 
сұлтандары бәріміз де осындаймыз. Дәшті Қыпшақ тағына ие болу үшін мен 
Жошыдан шыққан қай адамды аядым? Қолына күш тисе Бұрындық та соны 
істейді. Ал күш тиіп қалуы да мүмкін. Қалың қазақ руларына олар текке иек сүйеп 
отырған жоқ. Рас, бұл руларды Арғын бастағысы келгенмен өзгелерінің басы 
қосылмай жүр. Үйсін, Наймандар әлі де ауа жайылуда. Алдағы бір айла бұлармен 
Жәнібек пен Керейді, қала берді олардың балалары Қасым мен Бұрындықты 


102 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет