Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет84/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
 Алматы облысы, Балқаш ауданы
«Жасұлан» балалар бақшасының әдіскері 
Думшебаева Гульжахан Сатыбалдиевна
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде:
«Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт
алып барамыз» деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық
деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені сөзсіз.
Біздің өміріміздің кез – келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер
педагогтың оқыту үрдісіндегі алатын орны мен рөліне жаңаша көзқарасын қалыптастырусыз жүзеге асуы
мүмкін емес. Дана халқымыз «Ой өзгермей, адам өзгермейді» дегендей, орта білім беру мазмұнын жаңарту
бағытында енгізіліп отырған жаңа мақсаттар мен міндеттерді, жаңа технологияларды, құзіреттілікке
бағытталған бағалаудың жаңа формаларын алдымен мұғалімнің өзі жан – жақты игермейінше, сапалы білімге
қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан кез – келген педогог оқыту үрдісін бағдарламалық және әдістемелік
қамтамасыз етудегі өзгерістерді, педагогикалық қызметтің мақсаттары мен әдіс – тәсілдері бағытындағы тың
өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажет.
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі мен мектеп жасына
дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтау.
Бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп,ынта – ықыласын, дұрыс бағыттауды, қабілет
қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке
дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс –
тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен
тәрбиелеуде.Инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан – жақты, білімді,
құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Оқу қызметінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану балалардың пәнге деген қызығушылығын
арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық
мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселелердің бірі – 
жан – жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін не істеу керек?
-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық
процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалану;
-Білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп;
-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың 
денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап;
-Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп;
-Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып;
-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс 
реттеліп;
-Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық – педагогикалық негізін пайдаланып;
-Әлеуметтік – мәдени міндеттер шешу – мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін 
қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта біріктіру қажет.
Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да
қазіргі кезде болып жатқан тарихи –әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан –жақты дамуына, тәрбиеленуіне 
жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
* * * * * * * * * * * * * * *
78


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет