Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет120/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
3 секция. Қоршаған ортаны қорғау
және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
3 секция. Охрана окружающей среды и рациональное 
использование природных ресурсов
AҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ 
«
АRTEMISIА АBSINTHIUM» 
ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРAМЫН
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
АМАНҚҰЛ Д. Ж., ЖАРМАНОВА Б. М., ҚОНАҚБАЙҚЫЗЫ Н. 
студенттер, Қ. Жұбaнов aтындaғы Aқтөбе өңірлік университеті, Aқтөбе қ.
ДОСАНОВА Б. Б. 
ғылыми жетекші, п.ғ.к., доцент, Қ. Жұбaнов aтындaғы
Aқтөбе өңірлік университеті, Aқтөбе қ.
Қазақстандық медицина дамуының қазіргі кезеңінде шөптік 
препараттарды қолдану мәселесіне көп көңіл бөлінуде, бұл 
отандық шөптік препараттардың спектрін кеңейту тенденциясының 
дәлелі. Фармакологиялық тиімділігі жеткілікті дәрілік өсімдік 
материалдарының уыттылығы мен аллергенділігі аз екені белгілі. 
Осыған байланысты шикізаттың жаңа көздерін іздестіру, өндіріс 
технологиясын жетілдіру, сондай-ақ пайдалануға рұқсат етілген 
дәрілік өсімдіктерді кешенді пайдалану отандық дәріхананың кезек 
күттірмейтін міндеті болып табылады. Фармацевтикалық өндіріс 
мұқтаждығын өтеу үшін дәрілік өсімдіктерді оңтайлы қолдану 
керек. Дәрілік өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді 
заттардың болуы олардың фармакологиялық әсерін анықтайды. 
Сондықтан қазіргі уақытта өсімдік шикізатынан биологиялық 
белсенді заттарды бөлу теориялық және тәжірибелік тұрғыдан 
өзекті жағдайлардың бірі болып табылады.
Тірек сөздер: дәрілік өсімдік, ащы жусан, биологиялық 
белсенді заттар, кумариндер, хроматограмма.
Қазақстан флорасы өсімдік текті дәрілерді жасауда ауқымды 
шикізат қорына бай. Әсіресе, еліміздің батысына қарасты 
Ақтөбе өңіріндегі әртүрлі зоналық аймақтар өсімдік кешенінің 
алуантүрлілігін дәлелдейді. Батыс өңірінің флорасында гүлді 
өсімдіктердің мың үш жүзге жуық түрі бар. Оның ішінде жоғарғы 
сатылы өсімдіктердің сегіз тұқымдасының екі жүз туысына жататын 
алты жүз сексен түрі Ақтөбе облысында тіркелген. Астралылар 
(Asteraceae) немесе күрделігүлділер тұқымдасына жататын жусан 
(Artemisia) туысты өсімдік өкілдері түр санынан алдыңғы қатарда 
және үлкен биологиялық белсенділікке ие.
Artemisia absinthium (ащы жусан) құрамында болатын 
биологиялық белсенді заттар бактерияларға қарсы әсер етіп, 
сонымен қатар қатерлі ісік ауруларының алдын алуға септігін 
тигізеді, әсіресе флавоноидты, иридоидты қосылыстардың алар 
орны ерекше.
Ресми және халықтық медицинада қолданылатын дәрілік 
өсімдіктердің ішінде Artemisia absinthium ( ащы жусан тұқымдас) 
өсімдіктер маңызды орын алады. Әдебиет деректеріне аналитикалық 
шолу Қазақстан Республикасының ғылыми медицинасында жусан 
шөбі асқазан сөлінің өндірісін арттыруға және тәбетті күшейтуге 
көмектесетін холеретикалық агент ретінде қолданылатын тұнбаны 
дайындау үшін пайдаланылатынын көрсетті. Осыған байланысты, 
қолдануға рұқсат етілген дәрілік өсімдік материалдарының 
өнеркәсіптік өңдеу қалдықтарын ресурстық үнемдеу мүмкіндігіне 
ерекше назар аударылады, бұл қолданыстағы және жаңадан 
әзірленген дәрілік препараттарды өндірудің технологиялық 
схемаларын жетілдіруді талап етеді.
Сондықтан тұнбаны алғаннан кейін жусан шөбі мен жусан 
күнжарасының химиялық құрамы мен фармакологиялық 
белсенділігін салыстырмалы түрде зерттеу кезек күттірмейтін 
мәселе болып табылады.
Химиялық құрамы
Химиялық құрамын зерттеуге арналған көптеген жұмыстар 
Artemisia absinthium өсімдік шикізатында сесквитерпеноидтардың 
туындылары (абсинтин, анабсинтин, артамарин, артамаридин, 
артамиридинин, артабсин, артабин, матрицин, анабсин , абсинтолид, 
изоабсинтин, артабсинтолидтер A, B, C,D), сапалық және сандық 
құрамы өсімдіктің орналасу органына және вегетациялық кезеңіне 
байланысты өзгеретінін көрсетеді [1, 44-45 б.] және эфир майы 
(0,12-0,8%) [2, 44-50 б.], құрамында кадинен, тужон, хамазулен, 
S-гвайазулен, кетопеленолид А, кетопеленолид B, β-кариофиллен, 
γ-селинен,β-бизаболен [3, 40-б., 4, 277 б., 5, 233-235 б.], мирцен, 
а-пинен, туйил спирті, нерол, туйилацетат екенін көрсетеді 
[6, 44-45 б.]. Artemisia шөптерінде эфир майының максималды 
мөлшері гүлдену кезеңінде, жапырақтарда – гүлденуге дейін 
жиналады [7, 238-240 б.]. Сондай-ақ оның құрамында полисахаридтер 
[8, 5-12 б.], сапониндер, флавоноидтар (артемитин, кверцетин, 
кемпферол, изорамнетин, апигенин), фитонцидтер, аскорбин 


226
227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет